Қу түлкі
Жолбарыс бір түлкіні ұстап алады. Түлкі құйрығын бұлаңдатып, тұмсығын жоғары көтеріп:
Мені жей алмайсың! Мен осы орманға қожалық етуге келгенмін,— дейді.
Жолбарыс түлкіге олай бір, былай бір қарап, сенбей:
Мүмкін емес,— дейді.
Сенбесең, менімен бірге орманға жүр. Ондағы барлық аңдардың мененқалай қорқатынын өз көзіңмен көр, — дейді түлкі.
Жолбарыс бұған келіседі. Түлкі жолбарыстың алдына түсіп, паңдана жүріп отырады. Жолбарысты көріп аңдар мен құстар зәресі ұшып, тым- тырағай қашады, ұялары мен індеріне тығылады, аспанға ұшады. Ал қу түлкі басын онан сайын көтере түсіп:
Ал, енді көзің жеткен шығар! Менен қорықпайтын жан бар ма тірі?— депмақтанады.
Я, сен шынында да айбарлы екенсің,— деп алданған жолбарыс жайына кетеді.
Мақал-мәтелдер
Отан – оттан да ыстық.
Отансыз адам – ормансыз бұлбұл. Отан отбасынан басталады.
Туған жердің жуасы да тәтті. Туған жердің торғайы да сүйкімді. Туған жердей жер болмас,
Туған елдей ел болмас.
Ата –бәйтерек, Бала – жапырақ.
Ананың сүті – бал, Баланың тілі – бал.
Әдепті бала – арлы бала, Әдепсіз бала – сорлы бала.
Әдептілік белгісі –иіліп сәлем бергені. Бала –көңілдің гүлі, көздің нұры.
Әкені көріп ұл өсер, Ананы көріп қыз өсер.
Бірлікбар жерде – тірлік бар.
Тіл ұстарту
ла-ла-ла Арман жақсы бала, ыз-ыз-ыз Анар сүйкімді қыз. ра-ра-ра Айжан шашыңды тара.
Жан-жағыңа қара.
са-са-са Ызылдайды маса, Ағаш болар таса.
қа-қа-қа Бақылдайды бақа.
на-на-на Ең бақытты ана,
Атам біздің дана.
та-та-та Ата, берші бата. ыс-ыс-ыс Бүгін бізде жарыс.
өс-өс-өс Ұстаның құралы төс.
Жігіт болып өс.
да-да-да Малдар қорада.
ша-ша-ша Ойын сауық тамаша.
Суық ай ғой – қараша.
ал-ал-ал Атам екті тал.
ұр-ұр-ұр Қоянның түсі сұр.
Сөзге мойын бұр.
ұс-ұс-ұс Аққу парасатты құс.
ар-ар-ар Қыста қалың қар.
ас-ас-ас Дәмді түскі ас.
ақ-ақ-ақ Сылдырайды бұлақ.
ат-ат-ат Ағаңа жаз хат Туысқа болма жат.
ап-ап-ап Өз орныңды тап.
аш-аш-аш Ұстап алар қаш.
үр-үр-үр Аман-есен жүр.
йе-йе-йе Сөзде болсын жүйе.
ие-ие-ие Құлындады бие.
аң-аң-аң Жайқалып тұр маң.
ыр-ыр-ыр Жаттап жүрмін жыр.
ыл-ыл-ыл Қағылды дабыл.
үй-үй-үй Күмбірлейді күй.
шы-шы-шы Әкем менің – аңшы.
ші-ші-ші Ағам менің – әнші
Әпкем менің – биші Көкем менің – күйші.
жа-жа-жа Менің атым Қожа
Тауып алдым олжа. еш-еш-еш Жауабын өзің шеш. ын-ын-ын Сөзің болсын шын. ың-ың-ың Қандай биік шың. ыс-ыс-ыс Болсын мол ырыс.
ер-ер-ер Жемістерді тер.Аға соңынан ер. уа-уа-уа Қандай таза ауа!
ау-ау-ау Болсын денің сау!
өр-өр-өр Орның болсын төр! ма-ма-ма Жалқау жігіт болма.
лау-лау-лау Желбірейді жалау.
Лапылдайды алау.
у-у-у Желбірейді ту. Таза болсын су.
ді-ді-ді
|
Сөзің болсын мәнді. Киімің болсын сәнді.
|
қа-қа-қа
|
Менде үлкен сақа.
|
за-за-за
|
Болсын қолың таза.
|
ла-ла-ла
|
Қандай әсем қала!Қандай кең дала!
|
аз-аз-аз
|
Қаңқылдайды қаз. Келіп қалды жаз.
|
ай-ай-ай
|
Көңілің болсын жай!
|
Көктем Көктем қырға төрледі, Төрт-түлік мал төлдеді. Бейшешек құлпырып, Деп тұрғандай: көр мені.
К. Ыбрайұлы
|
Көктем Үстін жасыл түк басып, Көктем келді нық басып. Тоғандарға тығылып, Кетті лезде қыс қашып.
Ө.Ақыпбеков
|
Көктем Көктем келді бүгін, Күнім төкті нұрын.
Сайрап барлық құстар, Ән салуға құштар.
Түрлі-түсті әйбат, Гүлдер шықты жайнап. Қызыл-жасыл аймақ, Қырға шықтық ойнап.
Б.Жақып
|
Наурыз Қарды ерітіп жылғасы, Наурыз келді – жыл басы. Шуақ төкті жарық күн, Мейрамында халықтың.
Бата беріп атамыз, Бата беріп апамыз, Тәтті болып жасалған, Наурыз дәмін татамыз.
Б.Жақып
|
|
Достарыңызбен бөлісу: |