Бағдарламасына нұСҚаулық руководство к типовой учебной программе дошкольного воспитания и



бет129/152
Дата15.10.2023
өлшемі8,98 Mb.
#115206
түріБағдарламасы
1   ...   125   126   127   128   129   130   131   132   ...   152

Бір атаның ұрпағы


Жер бетін теп-тегіс көмкеріп тастаған мамық Қар мақтанды.

  • Мен ақпын, кіршіксіз тап-тазамын, - деп. Одан өзен-көлдерде айнадай жарқырап жатқан көгілдір Мұз да қалыспады:

  • Мен мөп-мөлдірмін. Тұп-тұнықпын.- Сыңғырлай ағып жатқан Су бағанадан бері бұлардың сөзін тыңдап тұрған. Сөзге ол араласты.

  • Қар, Мұз текке мақтанасыңдар. Біз бір атаның ұрпағымыз, - деді.

  • -Қалайша?

  • Жылы күнде менің үстімнен бу көтеріле ме?

  • Иә, көтеріледі.

  • Ендеше сол бу жаңбырға айналып жауған Қар сенсің. Ал, қыстың күні менің бетімде жалтырап Мұз қата ма?

  • Қатады.

  • Ол сенсің Мұз. Айналып келгенде бәріміз бір атаның ұрпағымыз. Осыны ұмытпайық, ағайын. Қар мен Мұз оған ұялып, тіл қата алмады.



Ескермес Сәрсенбаев


Үміт


Ақылды үнемі әкесінен нені болса, соны сұрайтын. Әкесі де оған
«нені болса соны сұрайтының не?» деместен, оның сұрағандарына өте ыждағатпен жауап беретін.
Бірде ол әкесінен:

  • Әке, неге осы ат жүргенде алдыңғы аяқтары басқан ізінен, артқы аяқтары басқан ізі асып түседі? – деп сұрады. Әкесі:

  • - Балам ол солай. Алдыңғы аяқтары басқан ізден артқы аяқтары басқан ізі өзып түсіп отыратын қасиет тек жүйрік, бәйге аттарында ғана болады. Оны сен аңғарған екенсің, демек сенен де бір ақылды адам шығар, Инша Аллаһ!? Ол тағы бұрын шыққан құлақтан кейін шыққан мүйіз озатынының да белгісі,

    • деді. Ақылды:

      • Бұрын шыққан құлақтан, кейін шыққан мүйіз оза ма? Неге? – деп сұрады әкесінен. Әкесі:

      • Иә, балам. Мәселен, құлақ ол туа бітті бар болады. Ал, мүйіз болса, бұзау алғаш туғанда болмайды. Кейін, үлкейе келе біртіндеп өсе келе құлақтан да озып, ұзарып кетеді. Өзің қарашы, ана ала тацыншаның туғанда қанша мүйізі бар еді? Жоқ болатын, Ал құлағы ше? Құлағы бар болатын. Бірер айдан кейін мүйіз шыға бастады. Енді міне, бір жылға таяп еді, мүйізі өсіп құлағымен бірдей болды. Құдай қаласа, келер жылы мүйізі құлағынан әлдеқайда ұзын

болып озады. Сен ақылдысың. Демек, Ақбақайдың артқы аяғы алдыңғы аяғынан озып түскеніндей, ала тайыншаның туғанда жоқ мүйізінің, туғанда бар құлағынан асып кеткеніндей, сен де үлкейгенде қатарыңнан озық болсаң екен, мен жетпеген биікке жетсең екен балам, - деді әкесі.
Ақылды шынымен-ақ ақылды бала гой, ойланып қалды.
Құл-Керім Елемес




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   125   126   127   128   129   130   131   132   ...   152




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет