Бағдарламасына нұСҚаулық руководство к типовой учебной программе дошкольного воспитания и



бет126/152
Дата15.10.2023
өлшемі8,98 Mb.
#115206
түріБағдарламасы
1   ...   122   123   124   125   126   127   128   129   ...   152

Үй хайуандары


«Жылқы, түйе, сиыр, қой, ешкі, ит, мысық адамның үйінің маңайында тіршілік етеді. Сол үшін үй хайуандары деп аталады. Үй хайуандары адамға көп пайда келтіреді. Жылқыға мінеді, оны арба мен шанаға жегеді, сүтінен қымыз ашытады. Семіздерін қысты күні соғымға сояды, терісін сатып, ақша қылады. Түйеге жүк артады, жабағысы күпіге жақсы болады, сатса жүні пұл болады. Сиыр мен қой адамдарды етімен, сүтімен асырайды. Ит қасқыр мен ұрыдан сақтап, қора күзетеді. Осылардың бәрі тегін қызмет етпейді. Олардың қызметі үшін адам оларды асырайды, бағады, қысты күні аяздан тоңбайтын жылы қора жасайды, ұры, бөріден сақтау үшін бақташы қояды».
М. Дулатов

Жақсы мен жаман


Дихан атызға бір түп гүл әкеліп отырғызды. Құнарлы жерге отырғызылған ол күнен күнге тамыр жайып, гүлдене өсе береді. Гүл бірінші – күннің нұрын, екінші – мөп-мөлдір суды, үшінші – таза ауаны сүйетін. Ол осынау тіршілік иесі болғанына, өзін әкеліп отырғызған адамғаөте риза болды. Бір күні:

  • Әй, сен көп асқақтама! Өмірге келгеніңе өкінетін боласың, — деген шіңкілдек дауысқа жалт қараса, дәл төменде түрі ұсқынсыз бір шөп басын қылтитып тұр екен. Гүл ештеңе дей алған жоқ. Көздері жасаурап кетті, қасындағы біршама үлкендігі бар екінші гүлге басын сүйеді.

  • Жабырқама, сабыр ет! Адамдар оны «арам шөп» деп атайды. Бір басынан басқаны ойламайтын жауыз шөп. Одан әлі – ақ құтыламыз.

«Жақсы сөз – жарым ырыс» деген ғой.
Жас гүлдің көңілі біраз көтеріліп қалды. Әлгі гүлдің айтқаны рас болып шықты. Ертесіне он жастағы бір бала келді де, арам шөпті жұлып тастады. Гүл қайта құлпырды.Өмірде жақсылар да, жамандар да, бар екен.
Б. Әбділов


Жаман жолдас


Екі дос кісі жолдастасып келе жатып, бір аюға ұшырапты. Бұл екі кісінің біреуі әлсіз, ауру екен, екіншісі мықты, жас жігіт, аюды көрген соң бұл жігіт, ауру жолдасын тастап, өзі бір үлкен ағаштың басына шығып кетті дейді. Ауру байғұс ағашқа шығуға дәрмені жоқ, жерге құлады да созылып, өлген кісі болды да жатты: есітуі бар еді, аю өлген кісіге тимейді деп. Аю бұл жатқан кісінің қасына келіп иіскелеп тұрды да, дыбысы білінбеген соң тастап жөніне кетті. Мұнан соң манағы жолдасы ағаштан түсіп, аурудан сұрапты:

  • Достым, аю құлағыңа не сыбырлап кетті?Ауру айтты дейді:

  • Аю құлағыма ақыл сыбырлады, екінші рет тар жерде жолдасын тастап қашатын достармен жолдас болма деді, ─ дейді.

Ы. Алтынсарин




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   122   123   124   125   126   127   128   129   ...   152




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет