Теория и практика современной науки



жүктеу 41.41 Kb.

Дата03.03.2017
өлшемі41.41 Kb.

www.modern-j.ru 

______________

 

________________________________________________________________ 

"Теория и практика современной науки"                               №6(12) 2016

 

УДК 811.512.122.+821. 512. 122 



Қайыпбаева А.,  

тіл және әдебиет теориясы  

кафедрасының доценті ф.ғ.к. 

А. Байтұрсынов атындағы ҚМУ  

Қазақстан,  Қостанай қаласы 

АБАЙ ШЫҒАРМАЛАРЫНЫҢ ТАНЫМДЫҚ ҚЫРЫ 

Аннотация:  В  данной  статье  рассматриваются  концептуальные 

аспекты произведения Абая Кунанбаева. 

Ключевые слова: таным, қоғам, ақыл, адам, иман, жақсылық, ұстаным. 

 

Заман  сынын    адам  болмысы,  адам  арқылы  таныған  Абай  өмірдің 



мәнін  де,  адам  табиғатын  тану  барысында,яғни,жанын  тану  нәтижесінде 

ашады.  Лұқман  хакім  баласына  айтқан  бір  өсиетінде  былай  деген  екен: 

«Балам, бұ дүние  – терең теңіз. Оның түбіне талайлар кеткен. Одан аман 

шығам  десең,  Алланың  алдындағы  қорқынышың  кемеңгер  болсын.  Оған 

тиеген  жүгің  Аллаға  деген  иманыңнан  болсын.  Оның  желкені  Алладан 

күткен  үмітіңнен  болсын.  Сонда,  бәлкім,  аман  шығарсың,  бірақ  біржола 

құтылып  кетерсің  деп  ойламаймын»  [1,34].  Лұқман  хакім  адамның 

фаниден дүниеге бой алдырмай өтуі мүмкін еместігіне мегзейді. Адам мен 

заман, бақи мен фани арасы туралы хакім Абай да осындай ойда. Ақылға 

салғанда, Абайдың ел бағудың да, мал бағудың да, ғылым бағудың да, бала 

өсірудің  де  баянсыздығы  жайлы  ойының  негізінде  тіршілік  сырын,  адам 

табиғатын  жете  таныған  кісілік  кемелдік  барына  көз  жеткізуге  болады. 

«Балаларымның  өзіне  ілгері  өмірінің,  білімінің  пайдасын  тыныштықпен 

көрерлік  орын  тапқаным  жоқ,  қайда  бар,  не  қыл  дерімді  біле  алмай 

отырмын,  не  бол  деп  бағам?»  [2,  128],  -  деп  күйзеледі  ақын.  Ақынның 

«таппай  отырған  орны»  жер  емес,  мекен  емес,  ауыл-аймақ  та  емес, 



www.modern-j.ru 

______________

 

________________________________________________________________ 

"Теория и практика современной науки"                               №6(12) 2016

 

адамдардың  ортасы,  қоғамдық  орта.  Надандардың  емес,  көкірегінде  көзі 



бар,  ақылында  сәуле  бар  адамдардың  ортасы.  Заманының,  ортасының, 

қоғамының  болмыс-бітіміндегі  қатпар-қатпар  қасаң  сырды  адамның 

бойынан  көріп,  оның  сырдаңдығын,  өзі  асыл  тұтқан  мұратына  жаттығын 

білу, оны түзеуге мүмкіндігінің жоқтығын сезіну ойшыл жанды күйзелтіп 

қана  қоймайды,  түңілдіреді.  «Ауру  жүрек  ақырын  соғады  жай»  өлеңінде 

осындай  күйзелу  мен  түңілу  салдарынан  ауру  тапқан  жүректің  хәлі 

сипатталады. 

Ақылы жоқ, ары жоқ шуылдақты 

Күнде көріп, тұл бойы жиіркенген [3, 285] 

немесе 


Ауру жүрек ақырын соғады жай

Өз дертін тығып ішке, білдіре алмай [3, 285], - 

секілді мұң мен дерт басқан жүректің хәлінен ақынның өзінің рухани 

күйі  көрініс  беретіні  рас.  Ақынның  мұңды  қалпы  мен  дертті  жағдайы, 

күйзелуі мен түңілуі оның дүние, тіршілік шегіндегі өзінің жеке басының 

сұраныстары мен қажеттіліктерінің, өз жеке басының жақсы көрген, мұрат 

тұтқан,  ұмтылған  игіліктеріне  жете  алмауының  салдарынан  туатын  күй 

емес. Ақынның рухани әлеміндегі мұң-зар оның өз жеке басының қамынан 

емес,  халықтың  қамын  ойлаудан,  заман  сипатындағы,  адам  бойындағы, 

көптің  болмысындағы  жамандық  пен  надандықтың  зардабынан  шығады.  

Жамандық  пен  надандықтың  бар  ауыртпалығын  көтеретін,  зардабын 

шегетін – көп, халықтың өзі. Абайдың жанын жаралап, қанын қарайтатын, 

көзінен  жас  болып,  тілінен  зар  болып  шығатын  шер  —  осы  көптің, 

халықтың  басындағы  күннің  қайғысы.  Ақын  дүниетанымының 

жалпыадамзаттық  өрісінде  оның  жеке  басының  қайғысы  дейтін  қайғы 

жоқ.Абайдың мұң-зары түпсіз тұңғиық іспетті, шетсіз әрі шексіз. Мұндай 

түпсіз  тұңғиықтан,  мұндай  шетсіз  бен  шексізден  Абайды  ақындық 


www.modern-j.ru 

______________

 

________________________________________________________________ 

"Теория и практика современной науки"                               №6(12) 2016

 

даналығы, шығармашылық қуаты алып шығады. Ақынның фәниден көңілі 



қайтқаны  рас.  Бақидың  жүзіне  де  қаймықпай,  тура  қараған.  Қалған 

өмірінде ел бағу, мал бағу, ғылым бағу, бала бағу, дін бағу секілді қызмет 

салаларын  саралап,  сараптан  өткізгенде,  өз  заманында  солардың  бәрінің 

баянсыздығын көреді. 

Абайдың тереңінде түп жоқ, Абайдың биігінде шек жоқ. 

бәрінің  тапсам  деп  іздеп  жүргені,  бәрінің  жетсем  деп  қуып  жүргені 

бар. Ол  — «төрт аяқты мал». Ақынның сыншыл танымы осылардың қай-

қайсысының да іші-сыртындағы басты белгілерді нақты суреттейді. 

Жаны аяулы жақсыға қосамын деп

Әркім бір ит сақтап жүр ырылдатып [3, 52], – 

дейді  ақын.  Мал  таппақшы  болып  жүрген  жандардың  бірінің  ісі 

осындай.  Бұлай  да  мал  табуға  болады.  Ақын  осыдан,  көз  алдында  болып 

жатқан  шындық  құбылыстан,  адамның  сыры  мен  заманның   сынынан 

көргені  мен  көңіліне  түйгенін  жеп-жеңіл,  қарапайым  түрге  түсіріп, 

даналық  пайыммен  сараптайды.  Өлеңнің  екі  жолынан  екі  түрлі  тұлға 

арасындағы  қатынас  сипаты  белгілі  болады:  «әркім»  және  «жаны  аяулы 

жақсы».  Екі  түрлі  тұлға.  «Жаны  аяулы»,  «жақсы»  сөздерінің  әрқайсысын 

әркім өзінің өмір тәжірибесіне сүйеніп парықтайды. Ал бұларды ақынның 

антропологизмі,  шығармашылық  ұстанымы,  эстетикалық  көзқарасы, 

ақындық  дүниетанымы  негізінде  пайымдау  құбылыстың  сыртқы  сипатын 

танудан  оның  ішкі  мәніне  бойлауға  бастайды.  Осы  тұрғыдан  келгенде, 

«жаны  аяулы  жақсы»  ұғымының  бірнеше  мағыналық  деңгейі  барына  көз 

жеткізуге  болады.  Осы  ерекшелік  ақын  өлеңіндегі  сөз  бен  ұғымның 

тереңдегі  мәнін,  ой  түбіндегі  асыл  мағынасын  ашады.  Екі  тармақ 

көлемінде көрініс тапқан әр ұғым да, екі тармақтың тұтас болмысы да  мән 

мен мағынаның осындай бірнеше деңгейлі табиғатымен сипатталады. 

Күшік иттей үріп жүр, 


www.modern-j.ru 

______________

 

________________________________________________________________ 

"Теория и практика современной науки"                               №6(12) 2016

 

Кісіден кеммін демейді… [3, 82] - 



деген екі тармақта «сабырсыз, арсыз, еріншек, көрсе қызар жалмауыз» 

жанның бір қыры көрініс тапқан. Алайда үріп жүрген ол емес. Осындағы 

сөздердің  мағынасын  тура  қабылдайтын  болсақ,  үріп  жүрген  —  күшік. 

Иттей  үріп  жүрген  де  күшік.  Күшік  басымен  иттей  үріп,  кісіден  кеммін 

демейтін де сол. Бірақ бұл күшіктің затты образы емес. Бұл — «сабырсыз, 

арсыз,  еріншек,  көрсе  қызар  жалмауыз»  жандардың  нақты,  затты 

бейнесімен қатар ұсынылған жасырынулы, бүркемеленулі образы.  

Мына  өлеңдегі  поэтикалық  ой  ақынның  өмір  құбылыстарын  өзге 

арқылы  танып,  таразылауы  нәтижесінде  емес,  тікелей  өз  тәжірибесі 

негізінде өніп-өрбігендей әсер қалдырады: 

Күшік асырап ит еттім, 

Ол балтырымды қанатты. 

Біреуге мылтық үйреттім, 

Ол мерген болды, мені атты [3, 289]. 

Әр  образды  түзетін  сөздердің,  сөз  тіркестерінің,  тармақтардың  өз 

мағынасы  бар:  лексикалық;  грамматикалық;  стилистикалық.  Солардың 

бәрі  тұтаса  келіп,  біртұтас  образға  ұласқан  да,  одан  белгілі  бір 

жасырынулы,  астарлы  мағына  туған.  Ақын  жасаған  образдың  осы 

мағынасынан өлеңнің бастапқы екі тармағының мәні ашылады. Кейінгі екі 

тармақтың  мағыналық-құрылымдық  табиғаты  жайында  да  осыны  айтуға 

болады.  Кісінің  бойындағы  опасыздық,  сатқындық,  сұмпайылық  туралы 

ойдың мәнін жеткізу үшін, алғашқы екі тармақ та жеткілікті. 

 Өзі — шошқа, өзгені ит деп ойлар! [2, 249] - 

секілді  дара  тармақтың,  бір  тамшы  сөздің  өзімен  де  ақын  көл-көсір 

шындықты,  телегей-теңіз  мазмұнның  сырын  танытады.  Тұтасып  тұрған 

метафора.  Бір  ғана  тармақ.  Мұнда  да  екі  тұлға  арасындағы  қатынастың 

сыры  ашылған:  «өзі»  және  «өзге»  (А  —  Б).  Бұл  жерде  де  жалқының 


www.modern-j.ru 

______________

 

________________________________________________________________ 

"Теория и практика современной науки"                               №6(12) 2016

 

жалпыға  қатынасының  ерекшелігі  көрініс  тапқан.  Ақынның  «шошқасы» 



осындай түр-тұрпатымен елес береді. Сөйте тұра ол, автордың суреттеуіне 

қарағанда, өзгені ит тұтып, одан өзін артық көрген сыңай танытады. Ұғым, 

түсінік, баға. Олардың өзара байланыстары мен сабақтастығынан адамның 

ішкі болмысы белгілі болады. Сыртқы тұрпаттан ішкі мән сыры ашылады. 

Абайдың  әдеби  мұрасының  мәні  ондағы  адамгершілік  ұстанымдар  мен 

тұжырымдардың  өміршеңдігінде,  өмірлік  өзектілігінде.  Ақынның  жақсы 

мен  жаман  туралы  әр  ұстанымы,әр  тұжырымы  бүгінгі  күн  мен  келер 

шақтың  рухани  келбетінің  кемелдік  деңгейін  анықтайтын  айрықша 

өлшемдер  көрсеткіші  болап  табылады.  Рухани  кемел  деңгейге  көтерілген 

ақын  заман  сырын,  адам  құлқын  терең  философиялық  таныммен 

таразылайды,  адам  сыры  мен  заман  сипатын  жете  танып,  адамнан  да, 

заманнан  да  көңілі  қалғанда,  өз  жанына  үңіліп,  өз  жүрегіне  бойлайды, 

алданышты да, жұбанышты да содан табады. 

Абай  қазақ  поэзиясын    тақырыптық,мазмұндық  жағынан  ерекше  

философиялық  көзқарасымен  байытып,  қазақ  дүниетанымының  шеңберін 

кеңітті.  Адамның  ішкі  дүниесін  суреттеуде  ешкімге  ұқсамайтын  өзгеше 

үлгілерді  дүниеге  әкеліп,қазақы  дүние  танымның  концептілік  өрісін 

кеңейтті. 

 

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі: 



1.  Аль-Газали,  Абу  Хамид.  Исследование  сокровенных  тайн  сердца / 

Пер. с арабского. — М., 2008. 

2.  Абай  (Ибраһим)  Құнанбаев.  Шығармаларының  екі  томдық  толық 

жинағы. -  Том ІІ. — Алматы, 1977. 

3.  Абай  (Ибраһим)  Құнанбаев.  Шығармаларының  екі  томдық  толық 

жинағы. -  Том І. — Алматы, 1977. 



 




©emirsaba.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал