Жасмин:
Достар деген жақсы ғой, Бірге ойнап жүресің.
Дос қадірін білсең ғой, Шаттанасың күлесің.
Іңкәр:
Досым бар,-деп мақтанам, Сол үшін де ән салам, Бұзықсың ғой әзірге Өскенде бол жақсы адам
|
Бәріміз бірге-тұрамыз. Қолды жоғары-созамыз.
Оң жаққа, (оңға, бұрылуды көрсету) Сол жаққа, (солға бұрылуды көрсету) Бұрыламыз.
Бәріміз бірге-отырамыз. Қолымыз алға созамыз. Жоғары, (колды жоғары көтеру) Төменге, (қолды төменге түсіру) Қозғалтамыз
Бәріміз бірге-тұрамыз. Алақанды соғамыз.
Оң жаққа, ( бұрылып алақанмен екі рет шапалақтау) Сол жаққа,( бұрылып алақанмен екі рет шапалақтау Соғамыз.
Менің бөлмем
Сөзі мен әні – Айтуова
1.Бөлмемде бар жиһаздар, Оның бәрі мұнтаздай.
Табиғаттың тартуы, Ағаштан ол жасалған. Қайырмасы: Жиһаздарым әдемі, Шеберлермен кәделі. 2.Киімдерді ілемін.
Ілгектерге тіземін. Әр қатарға ұқыппен,
Жинап реттеп, бүгемін. Қайырмасы: 3.Тартпасы бар астында, Қабырғада айнасы.
Орындыққа отырып, Шашыңды да тарайсын. Қайырмасы: 4.Төбемізде шам-шырақ,
Жарқырайды күнге ұқсап. Төсек орным жинаулы, Жастығым да жұп-жұмсақ. Қайырмасы:
Сөзі мен әні Ақнабат Айтуова
Әжем келсе қуанам. Жылап тұрсам жұбанам. Менің аппақ әжемді, Сыйлайды ғой бар адам. Қайырмасы:
Қане бізге қараңыз. Балдай тәтті баламыз. Әжетайым өзіңе, Еркелейді балаңыз.
Көктем күні тамаша. Ән шырқайық жаңаша. Бізбен бірге әжемде, Күліп отыр балаша.
Қайырмасы: 3.Ақылдысыз данасыз. Сізден үлгі аламыз.
Үлкен болып өскенде. Өзім сізді бағамын.
Достарыңызбен бөлісу: |