Бағдарламасына нұСҚаулық руководство к типовой учебной программе дошкольного воспитания и


Шағала Шаңқылдаған шағала Шарқ ұрады жағада. Ол теңіздің түлегі Талмай ұшып жүреді. К.Ыбрайұлы Құстар



бет90/152
Дата15.10.2023
өлшемі8,98 Mb.
#115206
түріБағдарламасы
1   ...   86   87   88   89   90   91   92   93   ...   152
Шағала
Шаңқылдаған шағала Шарқ ұрады жағада. Ол теңіздің түлегі Талмай ұшып жүреді.
К.Ыбрайұлы


Құстар
Қоныңдар, Құстар, Қоныңдар,
Бәріңе төрден орын бар, Қанатты барлық достарға, Балалар,
Қамқор болыңдар!
Р.Өтегенов

Торғай
Торғай, торғай, торғайсың, Таяу келіп қонғайсың.
Жем шашайын,тойып ал, Сонда аязға тоңбайсың.
Х.Талғаро


Дән
Жерде жатқан дәнді, Атам жәймен алды. Беті ашық тұрған, Бос жәшікке салды. Дәнді қалай білген, Азық іздеп жүрген. Қағып алды кептер, Ұшып келіп бірден.
«Өмір заңы қатаң, Мейірімді бол ботам. Аяла, ақ құсты», - Дейді бізге атам.
Ж. Әбдіреев

Құстар біздің досымыз Біз қамқоршы баламыз, Құстарға ұя саламыз.
Жем-су беріп қыс бойы, Балапанын бағамыз.
А.Бақтыгереева


Шұбар тауық Шұбар тауық мүлдем, Жолатпайды барса.
Ұясында жүрген, Балапаны қанша Балапанын тауық, Қызғанады жаман. Қанатымен жауып, Санатпайды маған.
Ұ.Есдәулет
Қоразға Оятпа, қораз, сен бізді, Өзім де сездім - таң атты. Сенсіз-ақ білем мезгілді, Танимын енді сағатты.
А.Сопыбеков

Қаладағы қыс
Қыстың аппақ қаламы Ағартыпты қаланы.
Аялап жүр аяз кеп, Ауладағы баланы. Соғып үлкен ақ қала, Соған мәз боп, шаттана, Асыр сап жүр алаңда Қар атысып топ бала.
Автобус тұр аялдап, Адамдар жүр аяңдап. Ақ мақтадай үлбірек Парк, бульвар, сая бақ.



Алғашқы қар Жалықтырып мал-жанды, Тынған кезі жауынның.
Жапалақтап қар жауды, Көбігіндей сабынның.

Жаз өткесін қайырлы, Алмақ болып тынығып, Көпіртіп ақ сабынды, Жатыр дала жуынып.


Қ. Баянбай

Тәтті қыс
Ау, балалар, балалар! Айналаға қараңдар!
Биыл тәтті қыс болды, Бұл бір сәтті іс болды. Ақ бұлт бүркеп аспанды, Шекер жауа бастады.
Сүтке салсақ, сәл мұздап, Болды қардан балмұздақ. Қамсыз қалмай бекерге, Қарық болып шекерге, Балмұздақты жинаңдар, Достарыңды сыйлаңдар! Көлдің беті – мармелад, Әкел жинап, арбалап...
Ақ қанттай жарқырап, Арайланған атырап.
Көкжиектен күлімдеп,
«Тыныш болсын күнің!» – деп Күн қарап тұр анаша:
Бұл қыс қандай тамаша!
Ә. Табылды

Қыс
Қыс келді, қыс иықтап, Қалды аюлар ұйықтап. Қыс келді, қыс мұз-қарлы, Қыраулы да,ызғарлы.
Қ.Мырзағалиев





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   86   87   88   89   90   91   92   93   ...   152




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет