Ақындыққа ие болып, Бәрінен озып шығамын. Мен таңдайтын мамандық Бір тамақты пісіріп,
Бір тамақты түсіріп, Анам ылғи жүреді
«Дәмді емес» кім деді Мен аспазшы боламын!
Н.Әлімқұлов
Дауыл Екпіні қатты бораннан, Сұр түсті тонға оранған. Дауылда теңіз аһ ұрып, Жатады суын сапырып. Дөңбекшіп көзін ілмейді, Болса да күндіз, түн мейлі.
Машина Машинамын - көлікпін, Мамандарға көніктім.
Үйренген соң білімді Білерсіңдер тілімді.
Ә.Табылдиев
Көп тұрмады бірақ та, Тұман жайлап сейілді. Тау да,
Бау да, Қырат та –
Бәрі де айқын көрінді.
Ө.Тұрманжанов
Құрылысшы Қолда темір қалағым, Саздан сарай саламын. Алматыдан аумайтын Әсем қала саламын.
Ш.Садыханов
Кемпірқосақ Жаңбыр жауып басылды, Аспан шайдай ашылды. Суретші екен табиғат, Бояуларын дайындап, Түр-түсіндәл тауыпты, Кемпірқосақ салыпты.
Ұшқыш Кең аспанды шарлаған, Ұшқыш деген мен болам. Қыран құстай самғаған, Ерен жүйрік мен болам.
А.Асылбеков
Бұршақ Терезені біреу келіп, Қатты-қатты қаққандай,
Бір топ жылқы тысырлатып, Шауып бара жатқандай.
Сыртқа шықсам бұршақ екен, Екпіні тау құлатар.
Кейбір жасық балаларды Шертіп қалса жылатар. Біраздан соң бұршақ жатты Бытырадай шашылып.
Қара бұлт та таудан асты, Әлденеге асығып.