Бағдарламасына нұСҚаулық руководство к типовой учебной программе дошкольного воспитания и



бет103/152
Дата15.10.2023
өлшемі8,98 Mb.
#115206
түріБағдарламасы
1   ...   99   100   101   102   103   104   105   106   ...   152
Байланысты:
Үлгілік оқу бағдарламасына нұсқаулық

Ат пен есек


(халық epmeгіci)
Бip кici бip ат, бip есекке жүк артып, жолмен қалаға келе жатты. Есек жүгін ауырлап шаршап, атқа: «Жолдасым, менен бipaз жүк алшы, менкөтере алмай, өлуге келемін»,- дeдi. Ат жәрдем етпеді.
Жолшыбай есектің xалi бітіп, жығылып өлді. Сонан соң иeci есектің барлық жүгін және тepiciн сыпырып алып, атқа артты. Сонда ат айтты:
«Күнә менде, егер есектен бipaз жүк алсам, бұл оқиға болмас еді. Енді, мiнe, сорлап, есектің барлық жүгін де, тepiciн де әкеле жатырмын».


Түлкі мен қоян


(ертегі)
Бip күні болдырып келе жатқан Түлкі жортып жүрген Қоянды көрді. Өтірік ауырған болып ағаш жанына сұлай кетеді де, қасына шақырады.

  • Қоянжан-ау, Қоянжан, неге сонша жортасың? Менен негеқорқасың? Бала жастан бipгe өскен, тоғайдың дәмін бip жеген көрші емес пе едік. Мен ауырып жатырмын. Жақынырақ келсеңші, қоштасайық, - депті.

Сонда Қоян:

  • Eкi құлағым сөзіңде тұр, eкi көзім өзіңде тұр. Ciз етті жақсы көреді дейді жұрт. Сол рас па? – депті.

  • Рас болғанда қандай? Tiпті, ет жемесем басым ауырады.

  • Mінe, осыңыз жаман ғой.

  • Иә, соған өзім де қынжылып жатырмын. Кеше бip тауық жеп едім, оған жаным ашып, жылап та жібердім. Өйткені ол да тipi жүргісі келеді ғой. О, шіркін тipшілік! – депті.

Қоян:

  • Ciз оны өлтірмей тұрып, ойланып көрдіңіз бе? – депті.Сонда Түлкі:

  • Мен дәл сол жерде ойлануды ұмытып кетіппін. Жаныма батып, ауырып жатқаным да соның өкініші, - дейді.

  • Ұмытшақ болған жаман ғой. Мен де содан қорқамын, сондықтан да жортамын, - деп Қоян тұра жөнеліпті.



Арыстан күшігін асыраған мысық


(ертегі)
Бір мысық қаңғырып жүріп, анасы өліп қалған арыстанның күшігіне кез болады. Мысық күшікті бауырына басып, емізіп, асырайды. Арыстан өсіп, азулы жыртқыш аң болып, өз азығын өзі табатын халге жетеді. Бір күні ашыққан арыстан өзін асыраған мысықты жемекші болады. Мысық оның бұл ойын сезіп, өрмелеп, ағашқа шығып кетеді. Сонда арыстан тұрып:

  • О, менің ақ сүтін емізген асыраушым. Маған сен туған анамдай ыстықсың. Бүкіл қылықтарды үйреткенде, ағашқа өрмелеуді неге үйретпегенсің?-дейді.

Қысылғанда керек болар дегенім еді, - депті сонда мысық.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   99   100   101   102   103   104   105   106   ...   152




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет