Бағдарламасына нұСҚаулық руководство к типовой учебной программе дошкольного воспитания и



бет100/152
Дата15.10.2023
өлшемі8,98 Mb.
#115206
түріБағдарламасы
1   ...   96   97   98   99   100   101   102   103   ...   152

Наурыз


Қарды ерітіп жылғасы, Наурыз келді – жыл басы. Шуақ тӛкті жарық күн, Мейрамында халықтың.
Бата беріп атамыз, Бата беріп апамыз. Тәтті болып жасалған Наурыз дәмін татамыз.
Б. Жақыпов


Көктем


Көктем қырға төрледі, Төрт түлік мал төлдеді. Бәйшешектер құлпырып, Деп тұрғандай: «Көр мені!»
Жылы мезгіл жетіпті, Тастадық біз етікті.
Қар көктемге жеткізбей, Тауға шығып кетіпті!
К.Ыбырайұлы


Нұрлы жаңбыр Жау, ақ мейір жаңбыр, Жердің шөлін қандыр. Тамырларды қуала, Далам айтсын ән-жыр. Жау, аяма, нөсерле, Сенсіз бір түп өсер ме. Құйып-құйып өтпесең, Бұлт жөніне көшер ме? Жау, жау, жаңбыр, аянба, Бұлтқа бүйір таянба.
Сен нұрысың аспанның, Нұрыңды төк, аяма.
Қ. Әбілдақызы



Бір шаңырақ астында
Бір шаңырақ астында, Тату-тәтті тұрамыз.
Бірге ішеміз асты да, Бірге сайран құрамыз. Ортақ болып ісіміз, Еңбек десе тынбаймыз. Үлкен сыйлап кішіміз, Аға ақылын тыңдаймыз.
Достықты үлгі санаған, Бір үйде біз тұрамыз, Қалған ата-бабадан, Бірлік асыл мұрамыз!
Н.Айтов

Достық Ортақ мекен жер шары, Төбемізде бір аспан.
Барлық ұлттық баласы Достығымыз жарасқан. Ортақ бізге бір Отан, Ортақ жердің байлығы Еңбек ортақ, жыр ортақ, Ортақ бізге барлығы.
Е.Елубаев

Қайсар рухты баламын
Алатау, Алтай арасы – Қазақтың кең даласы. Мен боламын сол елдің Қайсар рухты баласы. Өсіп, өніп, ержетіп, Ақылымды өрлетіп.
Елімнің атын шығарам Мықты елдермен тең етіп.
Д.Сүлейменов



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   96   97   98   99   100   101   102   103   ...   152




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет