Санжар бес жасқа толғанда, әкесінің достары Санжардан он есе келетін ақ аю әкеліп, сыйға тартты. Түрнекші маймыл, кісінеген тұлпар, зырылдаған мәшине, ұшақ, тікұшақ... Ойыншықтардың түрі көп. Әсіресе әкесі мен анасының сыйға тартқан пойызы Санжарға қатты ұнады.
Санжардың Әскербек көкесі теміржолды құрастырып, тепловозға вагондарды тіркеп, іске қосып еді, пойыз музыкалатып, жарығын жарқыратып, жолға түсті. Санжар қауна ойнап, шаршады да кеш жатып, ұйықтап қалды.
Ертесінде Санжар балабақшаға кетті. Оның бөлмесіне кіріп келген әкесі
«апатқа ұшырап» жатқан пойызды ойран-топыр шашылып жатқан ойыншықтарды көріп, Санжар мен оның көкесіне кейіп, ойыншықтарды қоймағажинап тастады.
Санжар балабақшадан келіп:
Әке, менің ойыншықтарым қайда кеткен? ─ деп, таңырқай сұрады.
Ойыншықтарың «бізді қорлады, шашып тастады» ─ деп, өкпелеп, қашып кетті, деп әкесі қабағын түйді.
Мен енді ойыншықтарды өкпелетпеймін, оларды орналастырып, жинап қоямын, ─ деп, Санжар жыламсырады.
Санжардың әкесі оған ойыншықтарын алып келді де:
Ойыншықтар ойнау үшін, ойлау үшін беріледі. Бұларды шашпа. Жинақыбол. Әрбір ойыншықты өз орнына қойып, рет-ретімен ойна, ─деп, қатаң талап қойды.
Енді Санжар әкесінің қойған талаптарын орындап, ойыншықтарын шашпай, ретімен ойнап жүр.
Әдібай Табылды
Тіл алмаудың кесірі
Көктемнің алғашқы күндері. Түн суық. Күндіз күн көзі ашық болса, ауа жылынады. Бірақ түнгі ызғар түске дейін қайтпайды. Сәскеде ойнап келу үшін үйден шығып бара жатқан Жақанға анасы:
Балам байқа көшеге жылы киініп шық, - деді.
Күн ашық қой, апа, тоңбаймын,- деп, Жақан бетін тыржитып, иығын қиқаң еткізіп, үйден шығып кетті.
Ол көшеге шыққанда ызғырық жел соғып тұр екен. Достарымен доп ойнап, терлеп-тепшіген Жақан, жел өтінде көп отырып қалып, өкпесіне суық тигенін ет қызумен байқамай қалды.
Кешінде оның қызуы қатты көтерілді. Түні бойы ұйықтай алмады. Келесі күні ол ауруханаға түсті. Алма беті қызарып алауы басылар емес.
Саған кеше жылы киініп жүр деп едім гой,- деп, асыл ана оны аянышпен аймалап, көзіне жас алды.
Апатай! Бұдан былай тіліңізді алып жүремін,- деп Жақан кешірім сұрады.
«Кешігіп кешірім сұраудың не пайдасы бар? Тіл алмаудың кесірінен ауырып қалдым» - деп ойлап, Жақан іштей өкініп жатыр.
Әдібай Табылды
Достарыңызбен бөлісу: |