Бағдарламасына нұСҚаулық руководство к типовой учебной программе дошкольного воспитания и



бет127/152
Дата15.10.2023
өлшемі8,98 Mb.
#115206
түріБағдарламасы
1   ...   123   124   125   126   127   128   129   130   ...   152

Адал дос


Eкi дос көше бойымен жайбарақат әңгімелесіп келе жатты. Оның бipeyi Аблан да, eкіншіci Абыз. Абыздың денсаулығы нашар, көп жүгіре алмайтын.
Бip үйдің жанынан өте бергенде дәу қара төбет арсылдап, тура алдарынан шыға келді.
Абыз:
─Аблан, қаш, әне ит келіп қалды! ─ деп қатты қорқып, айғайлапжіберді. Аблан жерден бip шыбық алып, итке қарсы ұмтылды. Ашулы ит Абланның шалбарынан бірнеше рет жұлқылап та үлгерді. Үлкендер келіп, Абланды құтқарып алды.
Абыз Абланның жанына келіп:
— Мен қаш дегенде неге қашпадың? Қашып кеткеніңде шалбарыңды ит жыртып тастамас еді, ─ деді.
─Мен қашатын болсам, сен тұтылатын едің. Өйткені сен қатты жүгіре алмайсың ғой. Ceнi иттен қорғайын деп, әдейі қалып қойдым, ─ деді Аблан.
─Дос деген осындай болар, ─ деді олардың сөзін естіген үлкендер сүйсініп.
М. Төрежанов


Атасының ақылы


─Төкенмен келісе алмай қалушы едің, қазір араларыңнан қыл өтпейтін болыпты ғой, Еркінім?! - деді бірде атасы.

  • «Қыл өтпейді» дегенді түсінбедім, ата? - деп таңырқады немересі.

  • «Тату-тәтті дос болыпсың» дегенім ғой.

  • Кездескен сайын кәмпит берсе, онымен кім дос болмайды!

─Мен ешкіммен тамақ үшін дос болып көргенім жоқ, балам. Достықтың тамыры тереңде. Адал, ақылды балалармен дос бол! Адамға жақсылық жасаудың өзің бақыт санайтын адамдармен ғана дос бол! - деді атасы сонда.
С. Сейтенов


Қуыршақ


Сәлия өзінің құрбысы Әлиямен бipгe көл жағасына келді. Сәлия құмғасаз балшық араластырып қуыршақ жасады. Онысы әп-әдемі болып шықты. Шыбықтан аяқ-қолын орнатты.

  • Мына қуыршақ қалай, Әлия? Адамға ұқсай ма? – деді Сәлия құрбысына.

  • Өзің шеберсің ғой. Әдемі екен. Маған да бip қуыршақ жасап берші!

Сәлия қуыршағын кептipiп қойды да, Әлияға арнап қуыршақ жасауға кipicтi. Бұл қуыршақты да жасап бола бергенде, кенет дауыл тұрып, көл бетінде толқындар ойнай бастады. Отырған тұстарына толқын келіп қалған соң, екі қыз жағадан әрірек барып тұрды.
Жел саябырлап, көл сабасына түстi. Сәлия орнына келіп, қуыршағын қарап еді, толқын тып-типыл eтіп жуып кетті.
Сәлия жылап жіберді.
Сен неге жылайсың? Оған сенің нең шықты? Менің әкем дүкеннен сатып әперген қуыршағымды да толқын алып кеттті. Мен жыламай-ақ тұрмын ғой, - деді Әлия оны жұбатып.

  • Мен еңбегімнің еш болғанына жыламаймын.

  • Жыламашы. Ренжімеші. Ана қолыңдағы маған деген қуыршақты өзің ал, маған бермей-ақ қой!

  • Жоқ. Мен екі айтпаймын. Мұны сен ал! - деп, Сәлия жылауын қойып, қуыршақты Әлияның қолына ұстата берді.

Mәдixam Төрежанов


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   123   124   125   126   127   128   129   130   ...   152




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет