Бағдарламасына нұСҚаулық руководство к типовой учебной программе дошкольного воспитания и


МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ ҰЙЫМНЫҢ ОТБАСЫМЕН ӨЗАРА ЫНТЫМАҚТАСТЫҒЫ



бет18/152
Дата15.10.2023
өлшемі8,98 Mb.
#115206
түріБағдарламасы
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   152

МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ ҰЙЫМНЫҢ ОТБАСЫМЕН ӨЗАРА ЫНТЫМАҚТАСТЫҒЫ


Үлгілік бағдарламаны іске асыру жағдайында ашықтықты, ата-аналармен тығыз ынтымақтастықты және өзара іс-қимылды көздейтін нысаналы бағдарлар белгіленген. Білім беру жүйесінің алдына қойылған міндеттер тәрбиелеу-білім беру процесінің нәтижелі болуы үшін ата-аналардың жауапкершілігін арттыруды көздейді. Балаларды дамыту, тәрбиелеу мен оқыту процесіне ата- аналарды тарту мәселесі екі бағытта шешіледі:



  • ата-аналардың педагогикалық мәдениетін арттыру;

  • ата-аналарды мектепке дейінгі ұйымның қызметіне тарту.

Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту жүйесінің алдына балаларды тәрбиелеу мен оқыту үшін жауапкершілікті іске асыруда ата-аналарға көмек көрсету арқылы педагогикалық процеске белсенді қатысушылар ретінде тарту мақсаты қойылған.
Аталған мақсатқа қол жеткізу үшін:

  • әр тәрбиеленушінің отбасымен әріптестік қарым-қатынас орнату;

  • балаларды дамыту мен тәрбиелеу үшін отбасы мен мектепке дейінгі ұйымның күш-жігерін біріктіру;

  • өзара түсіністік атмосферасын құру, мүдделердің ортақтығын, мектепке дейінгі ұйымның тәрбиеленушілері мен педагогтері, ата-аналар арасында қарым- қатынасқа деген оң көзқарас пен тілектестікті қолдау;

  • балалардың ата-аналарына және заңды өкілдеріне арналған консультациялық кеңестің жұмысын кеңейту;

  • ата-аналармен (заңды өкілдерімен) ынтымақтастықта қарым-қатынас орнату үшін педагогтерді даярлау көзделеді.

Aта-аналармен жұмыста тренингтер, семинарлар, «игі істер күндері», ата- аналардың қатысуымен педагогикалық кеңес, ата-аналар конференциясы, дәстүрлі емес қарым-қатынас нысандары түрінде өтетін ата-аналар жиналыстарының жаңа форматтарын пайдалану қажет. Олар ата-аналармен бейресми байланыс орнатуға, олардың назарын мектепке дейінгі ұйымға аударуға, ата-аналар өз баласын жақсы білуіне, оны басқа, өзі үшін таныс емес жағынан көруге, педагогтермен өзара қарым-қатынаста болуға бағытталады. Жеке және топтық консультациялар, ата-аналар жиналыстарын, проблема бойынша пікірталастар, педагогикалық қонақ бөлмелерін, сұрақ-жауап кештерін, «ток-шоу» өткізу, ұйымдастырылған әс-әрекеттердің бейнежазбаларын және режимдік сәттерді қарау, содан кейін талқылау және басқалары ұсынылады. Мектеп жасына дейінгі ересек балалардың ата-аналары
үшін белсенді етудің интерактивті әдістерін қолдану, сұхбаттасу, талқыланатын проблеманы рейтингтік бағалау, әрқилы бірнеше пікірлерді талқылау ұсынылады.
https://youtu.be/LidRFUGE5AU https://youtu.be/E4XUD02fBdc
1-қосымша




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   152




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет