Бағдарламасына нұСҚаулық руководство к типовой учебной программе дошкольного воспитания и



бет16/152
Дата15.10.2023
өлшемі8,98 Mb.
#115206
түріБағдарламасы
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   152

Желдету


Мектепке дейінгі ұйымның барлық үй-жайлары күн сайын желдетілуі тиіс. Топ бөлмелерінде балалар болмаған кезде өтпелі немесе бұрыштық желдету қамтамасыз етіледі. Өтпелі желдету дәретхана үй-жайлары арқылы жүргізілмейді. Желдету балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету кезінде тәрбиешінің бақылауымен жүзеге асырылады («Мектепке дейінгі ұйымдарға және сәбилер үйлеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидалары ҚР ДСМ м 2021 жылғы 9 шілдедегі № ҚР ДСМ-59 бұйрығы 141-т. 13) тармақша) [11].
Сондай-ақ, күндізгі ұйқы алдында жатын бөлмелерді желдету міндетті болып табылады. Қыста жатын бөлмелерді желдету ұйқыдан 10 минут бұрын тоқтатылады.
Жазда ауа-райының жағдайлары қолайлы болса, терезелерді ашып, ұйықтатуға болады
Желдетудің ұзақтығы сыртқы ауа температурасына, желдің бағытына, жылу жүйесінің тиімділігіне байланысты. Желдету балалар болмаған кезде жүргізіледі және олар серуеннен немесе ұйымдастырылған іс-әрекеттен (дене шынықтыру, музыка және т. б.) келгенге дейін 30 минут бұрын аяқталады [12].

Мектепке дейінгі ұйымдардың міндеттері:


  1. мектеп жасына дейінгі тәрбиеленушілердің өмірін және денсаулығын қорғау;

  2. тәрбиеленушілердің, оның ішінде ерекше білім беру қажеттіліктері және жеке мүмкіндіктері бар тәрбиеленушілердің дене, зияткерлік және жеке тұлғалық дамуын қамтамасыз ететін оңтайлы жағдайлар жасау;

  3. сапалы мектепалды даярлықты қамтамасыз ету;

  4. тәрбиеленушінің толыққанды дамуын қамтамасыз ету үшін отбасымен тығыз ынтымақтастықта болу;

  5. ата-аналарға тәрбиеленушілерді тәрбиелеу, оқыту, дамыту және денсаулығын сақтау бойынша консультативтік және әдістемелік көмек көрсету;

  6. баланың даралығы мен субъективтілігін қолдауға бағытталған өзгеретін ойын және тақырыптық зоналарды (аймақтарды), инклюзивті дамыту ортасын құру.



Жас ерекшелігі бір қағидасы бойынша жас топтарының толықтырылуы:


  1. ерте жас тобы (1 жастағы балалар) – 10 баладан артық емес;

  2. кіші топ (2 жастағы балалар) – 20 баладан артық емес;

  3. ортаңғы топ (3 жастағы балалар) - 25 баладан артық емес;

  4. ересек топ (4 жастағы балалар) – 25 баладан артық емес;

  5. мектепалды даярлық тобы (сыныбы) (5 жастағы балалар) - 25 баладан артық емес.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   152




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет