Бағдарламасына нұСҚаулық руководство к типовой учебной программе дошкольного воспитания и


Шұжық Дәмді тағам шұжық, Түрі ұзыншақ қызық. Ағам көрсе тоймайды, Оңайға апам қоймайды. Қазы



бет98/152
Дата15.10.2023
өлшемі8,98 Mb.
#115206
түріБағдарламасы
1   ...   94   95   96   97   98   99   100   101   ...   152
Шұжық
Дәмді тағам шұжық, Түрі ұзыншақ қызық. Ағам көрсе тоймайды, Оңайға апам қоймайды.


Қазы
Ет төресі қазыны, Апам тұздап баптайды. Ұнға тығып жаз күні, Күзге дейін сақтайды.


Қымыз
Жеңгем бие сауады, Ағам саба піседі.
«Денсаулыққа дауалы», Деп үлкендер ішеді.


Шұбат
Іркіт түстес түрі, Пайдалының бірі. Бойға берер қуат, Ішсем ем ғой шұбат.
Т. Еділбаев

Қораға атам байлады,
Қыста сояр жылқыны.
Бос жүргенім ұят-ты, Қимылдасын екі қол. Болатұғын сияқты Біздің үйдің еті мол.

Тәй-тәй басып қалды інім, Оны күнде ойнатам.


Көршілердің барлығын Шақырамыз дейді атам.

Соғым сойып, бата алар Қыс тезірек келсе екен. Ет жеген соң аталар, Ертегі айтып берсе екен. А. Мұхибек



Санамақтар

Екі ағам – Асқар, Мүсілім,Бір әпкем және үш інім, Әжемді қоршап аламыз.
Бір үйде қанша баламыз?

Қос шардан Достарға Бердім: Бек, Оспанға, Айгүлге, Асқанға, Алтынға,



Топ, топ, добым
Топ, топ, добым домалақ, Қайда кеттің домалап?
«Біp, екі»,- деп, eкi ұрдым, Терезеге секірдің.
«Үш, төрт, бес»,- деп үлгepдiм,Ішіне ендің гүлдердің.
«Алты, жеті,- дегенде, Жаттың шоршып еденде.
«Сегіз, тоғыз, он»,- дедім,Енді ырқыма көнбедің.
Топ, топ, добым домалақ,

Асқарға…Өз шарым Аспанда,
Қанша шар қосқанда? Әктеп, жинап үйімді, Өтектедім киімді,
Еден шаңын сыпырдым. Қанша жұмыс бітірдім?
***
Алдында үш балапан, Артында үш балапан, Ақ тауықты қосқанда Саны қанша, балақан?
***
Бес жұмыртқа бес жерде, Тағы бестен үш жерде.
Қанша болар барлығы Бір қазанға түскенде? Оң қолымда бес өрік, Сол қолымда бес өрік,
Саған берем барлығын.

Қайда кеттің домалап?
Ғалым Океев


Санамақ
Оң қолымда бес саусақ, Сол қолымда бес саусақ.Қосып едім екеуін, Болып шықты он саусақ.Оң аяқта бес бақай, Сол аяқта бес бақай.Қосып едім екеуін
Болып шықты он бақай


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   94   95   96   97   98   99   100   101   ...   152




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет