Білім беру мен ғылымды дамытудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасына сәйкес «Оқушылар мен студент жастардың дебаттық (Debate) қозғалысы» жалпыұлттық мәдени-білім беру жобасының тұжырымдамасын іске асыру үшін атқарылатын ІС-ШАРАЛАР ЖОСПАРЫ
Білім беру мен ғылымды дамытудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасына сәйкес «Оқушылар мен студент жастардың дебаттық (Debate) қозғалысы» жалпыұлттық мәдени-білім беру жобасының тұжырымдамасын іске асыру үшін атқарылатын ІС-ШАРАЛАР ЖОСПАРЫ
Қызылсая ауылының ЖОББМ бойынша «Ұшқыр ой алаңы» дебат клубын жүргізудің іс-шаралар жоспары Дебат қозғалысының мақсаты: қоғамда орын алатын мәселелерді жариялы талқылау және талдау арқылы білім алушылардың әлеуметтік және шығармашылық белсенділігін арттыру. Дебаттың міндеттері: 1) білім алушылардың бойында құқықтық мәдениетті, азаматтық белсенділікті, жауапкершілікті, шығармашылық және сыни ойлау, даулы жағдайларды дипломатиялық жолмен шешу қабілеттерін қалыптастыру; 2) клуб мүшелерінің сын тұрғысынан ойлау, коммуникативтік дағдыларын дамыту, қоғамның әлеуметтік-саяси бағдарланған азаматтарын қалыптастыру; 3) білім алушыларды дебаттық қозғалысқа жаппай тарту, мәдени-демалыс және ағарту қызметінің инновациялық модельдері мен технологияларын пайдалана отырып, еліміздің әрбір өңірінде, білім беру ұйымдарында дебаттық орталықтар, клубтар құру; 4) дебаттық қозғалысты ресурстық қамтамасыз ету – кадрлық әлеует, материалдық-техникалық база, қаржыландыру; 5) мектептің, өңірдің, елдің ең өзекті мәселелеріне қоғамның назарын аударту; 6) дін, өнер, экономика, қоғам өмірі және т.б. тұрғысынан қазіргі әлемнің түрлі мәселелерін қарастыру арқылы шешендік өнердегі қабілеттерін іске асыру; 7) талқыланатын мәселелер бойынша іс жүзінде іске асырылуы мүмкін ықтимал ымыралы шешімдерді шығару, клуб мүшелерінің көзқарасын қорғауға, басқаларды сендіруге және олардың қателіктерін мойындау білігін дағдыландыру; 8) дебаттық турнирлерге, семинарларға, тренингтік бағдарламаларға қатысу үшін спикерлер дайындау; 9) дебат клубтарының ойындарын дамыту және жетілдіру, жаңа форматтарды әзірлеу, апробациядан өткізу; 10) басқа дебат клубтарымен белсенді және конструктивті өзара әрекеттесу;