Бағдарламасына сәйкес «Оқушылар мен студент жастардың дебаттық (Debate) қозғалысы»



бет1/4
Дата10.12.2023
өлшемі31,4 Kb.
#136213
түріБағдарламасы
  1   2   3   4
Байланысты:
ДЕБАТ клубының жоспары




Білім беру мен ғылымды дамытудың 2020-2025 жылдарға арналған
мемлекеттік бағдарламасына сәйкес
«Оқушылар мен студент жастардың дебаттық (Debate) қозғалысы» жалпыұлттық мәдени-білім беру жобасының тұжырымдамасын іске асыру үшін атқарылатын
ІС-ШАРАЛАР ЖОСПАРЫ


Білім беру мен ғылымды дамытудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасына сәйкес
«Оқушылар мен студент жастардың дебаттық (Debate) қозғалысы» жалпыұлттық мәдени-білім беру жобасының тұжырымдамасын іске асыру үшін атқарылатын
ІС-ШАРАЛАР ЖОСПАРЫ


Шымкент қаласы бойынша «Ұшқыр ой алаңы» дебат клубын жүргізудің қалалық іс-шаралар
жоспары
Дебат қозғалысының мақсаты:
қоғамда орын алатын мәселелерді жариялы талқылау және талдау арқылы білім алушылардың әлеуметтік және шығармашылық белсенділігін арттыру.

Дебаттың міндеттері:
1) білім алушылардың бойында құқықтық мәдениетті, азаматтық белсенділікті, жауапкершілікті, шығармашылық және сыни ойлау, даулы жағдайларды дипломатиялық жолмен шешу қабілеттерін қалыптастыру;
2) клуб мүшелерінің сын тұрғысынан ойлау, коммуникативтік дағдыларын дамыту, қоғамның әлеуметтік-саяси бағдарланған азаматтарын қалыптастыру;
3) білім алушыларды дебаттық қозғалысқа жаппай тарту, мәдени-демалыс және ағарту қызметінің инновациялық модельдері мен технологияларын пайдалана отырып, еліміздің әрбір өңірінде, білім беру ұйымдарында дебаттық орталықтар, клубтар құру;
4) дебаттық қозғалысты ресурстық қамтамасыз ету – кадрлық әлеует, материалдық-техникалық база, қаржыландыру;
5) мектептің, өңірдің, елдің ең өзекті мәселелеріне қоғамның назарын аударту;
6) дін, өнер, экономика, қоғам өмірі және т.б. тұрғысынан қазіргі әлемнің түрлі мәселелерін қарастыру арқылы шешендік өнердегі қабілеттерін іске асыру;
7) талқыланатын мәселелер бойынша іс жүзінде іске асырылуы мүмкін ықтимал ымыралы шешімдерді шығару, клуб мүшелерінің көзқарасын қорғауға, басқаларды сендіруге және олардың қателіктерін мойындау білігін дағдыландыру;
8) дебаттық турнирлерге, семинарларға, тренингтік бағдарламаларға қатысу үшін спикерлер дайындау;
9) дебат клубтарының ойындарын дамыту және жетілдіру, жаңа форматтарды әзірлеу, апробациядан өткізу;
10) басқа дебат клубтарымен белсенді және конструктивті өзара әрекеттесу;


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет