Пән бойынша оқыту
бағдарламасының
(
Syllabus)
титулдық
парағы
Нысан
ПМУ ҰС Н 7.18.3/37
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті
Қазақ филологиясы кафедрасы
5В020500 - «Филология: қазақ филологиясы» мамандығының
студенттеріне арналған «Қазақ әдебиетін оқыту әдістемесі»
ПӘНІ БОЙЫНША ОҚЫТУ БАҒДАРЛАМАСЫ
(Syllabus)
Павлодар
Пән бойынша оқыту
бағдарламасын (Syllabus)
бекіту парағы
Нысан
ПМУ ҰС Н 7.18.3/38
БЕКІТЕМІН
ГП факультетінің деканы
_______ Ж.Т.Сарбалаев
« » 2013 жыл
Құрастырушы: аға оқытушы Г.А.Жұмабекова
Қазақ филологиясы кафедрасы
5В020500 - «Филология: қазақ филологиясы» мамандығының
студенттеріне арналған «Қазақ әдебиетін оқыту әдістемесі»
пәні бойынша оқыту бағдарламасы (Syllabus)
Бағдарлама 2008 ж. «30» қазанда бекітілген жұмыс оқу бағдарламасының негізінде
әзірленді.
Кафедра отырысында ұсынылды 2013 ж. «26» қараша №7 хаттама
Кафедра меңгерушісі _____________Жүсіпов Н.Қ. 2013 ж. «26» қараша
(қолы) (аты-жөні)
Гуманитарлық-педагогикалық факультеттің оқу-әдістемелік кеңесімен мақұлданды
2013 ж. «27» қараша №___хаттама
ОӘК төрағасы ___________Ксембаева С.К. 2013 ж. «27» қараша
(қолы)
(аты-жөні)
1. Оқу пәнінің паспорты
Пәннің атауы
«Қазақ әдебиетін оқыту әдістемесі»
Кредит саны мен оқу мерзімі
Барлығы – 2 кредит
Курс: 3
Семестр: 6
Аудиториялық сабақтар – 30 сағат
Дәрістер – 15 сағат
Тәжірибешілік – 15 сағат
СОӨЖ – 15
Соның ішінде СӨЖ – 60
Еңбек сыйымдылығы барлығы – 90 сағат
Бақылау формасы
Емтихан – 6 семестр
Пререквизиттер
- Қазақ халық ауыз әдебиеті
- Қазақ әдебиетінің тарихы
- Тарих
- Философия
- Психология
Постреквизиттер
- Әдебиет теориясы
- Тарихи поэтика
2 Оқытушылар туралы мәліметтер және байланысу ақпараттары
Аты-жөні: Жұмабекова Гауһар Айтбекқызы
Ғылыми дәрежесі, атағы, қызметі: гуманит. ғыл. магистрі, аға оқытушы
«Қазақ филологиясы» кафедрасында «А» корпусында (Ломов к-сі, 64)
356 аудиторияда орналасқан.
Байланысу телефоны: Тел. (12-55) 356 кабинет
3 Пәні, мақсаты мен міндеттері
Пән: «Қазақ әдебиетін оқыту әдістемесі»
«Қазақ әдебиетін оқыту әдістемесі» курсы - мәдениеттің
дамуына өзіндік үлес қосып, оқытудың әлемдік білім
тәжірибелерімен сабақтаса, үйлесімде болу тенденциясын
басшылыққа алады.
Пәнді оқыту мақсаты:
Пәннің негізгі бағыты – адамды қоғамның ең негізгі
құндылығы ретінде тану, оның қоғамдағы орны мен рөліне,
әлеуметтік жағдайына, психикалық даму ерекшелігіне мән
беру, сол арқылы оның рухани жан дүниесінің баюына, өзіндік
көзқарасының, шығармашылық белсенділігінің, кәсіби
іскерлігінің қалыптасуына жағдай жасау.
Пәннің міндеттері:
-
оқытудың тиімді жолдарын игерту;
- көркем туынды тіліне, жанрына талдау әдістерін үйрету;
- көркем шығармамен жұмыс істеу кезеңдерін, мәтінді кешенді
талдау негіздерін игерту.
4 Білім, икемділік және дағды-машықтарға қойылатын талаптар
Пәнді оқу нәтижесінде студенттердің:
-мектепте білім берудің әр кезеңінде қазақ әдебиетін оқытудың мақсат-
міндеттерін анықтай алу іскерлігі жөнінде түсініктері болуы;
- әрбір қазақ әдебиеті сабағының білімдік, тәрбиелік, дамытушылық
потенциалын мүмкіндігінше жүзеге асыру жолдарын тану іскерлігі;
- оқыту технологиясын бірізді және орынды қолдана білу, әр сабақты ғылыми
тұрғыдан талдап сараптай білу т.б. іскерлік дағдыларды меңгерулері
практикалық машықтарды иемдену қажет.
5 Пәнді оқудың тақырыптық жоспары
Сабақ түрлері бойынша академиялық сағаттарды
бөлу
№
р/с
Тақырыптардың атауы
Сабақ түрлері бойынша байланыс сағаттарының
саны
дәріс-
тер
тәжіри-
бешілік
(сем)
зертха-
налық
сту-
дия-
лық
жеке СӨЖ
1 Кіріспе
1
1
-
-
-
5
2 Қазақ әдебиетін оқыту
тарихы
1
1
-
-
-
5
3 Әдебиет пәнінің қазіргі
оқытылу ерекшеліктері
2
1
-
-
-
5
4 Әдеби базалық білім
аймағы.
Жоғары
сыныптардағы тарихи-
әдеби оқу курсы
1
1
-
-
-
5
5 Әдебиет пәнінің оқыту
әдіс-тәсілдері
3
2
-
-
-
5
6 Көркем шығарманы
жанрлық ерекшелікте-
ріне қарай оқыту
1
1
-
-
-
5
7 Эпикалық
шығармаларды оқыту-
дың өзіндік сипаттары
1
1
-
-
-
5
8 Драмалық
шығармалардың
оқытылуы
1
1
-
-
-
5
9 Лирикалық
шығармаларды оқыту
1
1
-
-
-
5
10 Әдебиет
пәні
мұғалімінің
жұмыс
жоспарлары
1
2
-
-
-
5
11 Қосымша
оқуға
ұсынылатын
шығармалар мен шетел
әдебиеті. Әдеби жазу
жұмыстары және оның
түрлері.
1
2
5
12 Әдебиет пәні кабинеті
1
1
5
БАРЛЫҒЫ :
15
15
-
-
-
60
6 Дәріс сабақтарының мазмұны
1-тақырып. Кіріспе
Жоспар:
1. «Қазақ әдебиетін оқыту әдістемесі» пәнінің мақсаты мен міндеті.
2. Әдебиет пәнінің өзіндік ерекшеліктері, оқу жүйесіндегі алатын орны.
Ұсынылатын әдебиет: [1], 1-22 беттер; [2], 1-47 беттер.
1. Филология факультетінің студенттеріне «Қазақ әдебиетін оқыту
әдістемесі» жоғары оқу орындарына қойылатын талаптар тұрғысынан ғылыми
негізде және жылдар бойғы жинақталған бай іс-тәжірибелік нәтижелер мен
әдістемелік тұжырымдар ескеріле отырып оқытылуы.
2. Жалпы білім беретін орта мектептегі жетекші пәндердің бірі-әдебиет
пәнінің өзіндік ерекшеліктері, оқу жүйесіндегі алатын орны. Оның көркемөнер
салаларының ішіндегі аса қуатты және пәрменді тәрбие құралы екендігі.
Көркем әдебиет туындыларын орта мектепте оқытудың қажеттігі. 1) Әдебиет
пәнінің халық тарихы, көркем әдебиет тарихы, әдебиеттану, тіл білімі,
философия, психология, педагогика, эстетика-этика негіздері, жаратылыстану
т.б. ғылым салаларымен байланысы. 2) Әдебиет пәнінің мектеп
бағдарламасына орай қарастыратын, түсіндіріп ұқтыратын негізгі нысанасы
көркем сөз өнері қазыналары болғандықтан, оны өнердің басқа да
салаларымен салыстырып отырудың маңызы. Әдебиет пәнінің мектеп өмірінің
ондағы тәлім-тәрбие жұмыстарын игі әсері. Оқушылардың адамгершілік
келбетін қалыптастырып, парасат-пайымын тереңдетуде және күллі сұлулық,
көркемдік әлемін танып түсіне білуіне жетелейтіндігі.
2-тақырып. Қазақ әдебиетін оқыту тарихы
Жоспар:
1. Қазақ әдебиетін оқыту әдістемесінің тарихы.
Әдебиет пәнінің ХІХ ғасырдағы жаңаша оқытылу жайы. Мектептер
жүйесі, ондағы питика мен риторика пәндері, жүргізілу дағдылары. Ресейлік
оқытушы әдебиетшілер: Ф.И.Буслаев, К.Д.Ушинский, Н.А.Корф,
В.И.Водовозов, В.Я.Стоюнин, В.А.Острогорский т.б. әдебиет пәнін оқыту
туралы әдістемелік-тәрбиелік маңызы бар еңбектері. Жаңаша демократтық
бағыттағы В.Г.Белинский, Н.Г.Чернышевский, Н.А.Добролюбов, т.б.
әдебиетші, педагогтардың толғаныстары. Қазақ жеріндегі орыс-түзем
мектептерінің мақсаты.
Оқу-ағарту ісі жөніндегі тың бстамалар. ХІХ ғасырдағы қазақ
зиялыларының жаңаша білім алу қажеттігі жөніндегі ой-толғаныстары.
Ш.Уәлихановтың қазақ балаларын оқытып, білім беру әдістері, жол-жобасы
турасындағы пікірлері, сілтеген жолы. Оқу, тәлім-тәрбие жөніндегі
А.Құнанбаев айтқан өнеге, үлгі сөздері. Ы.Алтынсаринның ұстаздық қызметі,
әдеби шығармашылығы. Ыбырай ашқан қазақ мектебі, өзіндік ерекшелігі,
жаңалығы. «Қазақ хрестоматиясы» - жаңа үлгідегі әдебиет пәні оқу
құрылымы, түзілісі, мәтіндері.
Әдебиет пәнін оқытудың жаңа кезеңі (ХХ ғасыр). Әдебиет пәнінің
кеңестік жылдардағы оқытылу жайы. Оқу-ағарту ісіндегі өзгерістер. Жаппай
сауатсыздықты жою науқаны. 1917-1922 жылдардағы мектеп түрлері. 1921 ж.
әдебиет бағдарламалары. «Әдебиеттік оқу» атауының қалыптасқандығы.
Әдебиеттік оқуға қойылған талаптар, нұсқаулар. 1933-1939 жылдарда
қабылданған оқу бағдарламалары. Қазақ мектептерінің түзілісі, ондағы
әдебиет пәні. Алфавит түрлері. 1940 жылы алғаш рет шыққан әдебиеттік оқу
бағдарламасы. Негізгі үш түрлі нысанасы: кеңестік әдебиет шығармалары,
халық ауыз әдебиет үлгілері, классик жазушылардың әдеби мұралары.
Кеңестік орыс мектептерінің түзілісін, олардың әдебиетті оқыту
бағдарламаларын негізге алған, сол бағытта түзілген қазақ мектептерінің
жүйесі. Төрт, жеті, сегіз, тоғыз, он және он бір жылдық қазақ мектептері. Қазақ
мектептерінің латын және крилица қарпінде білім беруге мәжбүр болғандығы,
себептері. 1940-1990 жылдар аралығындағы оқу-ағарту ісінің өркендеу жолы.
Кеңес дәуірінде мектептерде негізінен оқытылған басты-басты пәндер. Белгілі
ақын-жазушылар мен әдебиетші-әдіскердің педагогтық қызметі, оқу
құралдары. 1960-1990 жылдардағы әдебиет пәні оқу құралдары мен
әдістемелік нұсқаулары. Аталған жылдарда әдебиет пәнін оқыту, жетілдіру
жөнінде әдістемелік еңбектер мен оқу бағдарламаларын құрастырып жазған
ғалым-әдіскерлер. С.Сейфуллин, М.Әуезов, С.Мұқанов, Қ.Жұмалиев,
М.Ғабдуллин, С.Қирабаев, Ә.Қоңыратбаев, А.Көшімбаев, Т.Ақшолақов,
Ә.Дайырова, Ш.Кәрібаев, Қ.П.Жүсіп, Қ.Бітібаева т.б.
Ұсынылатын әдебиет: [1], 1-22 беттер; [2], 1-47 беттер.
3-тақырып. Әдебиет пәнінің қазіргі оқытылу ерекшеліктері
(интерактивті тақтамен жұмыс/бағдарламаны слайд-шоумен көрсету).
Жоспар:
1. Тәуелсіздік жылдарында білім беру жүйелеріндегі
атқарылған іргелі жұмыстар.
2. Әдеби білім мазмұнын жаңарту бағытындағы жаңа
ұстанымдар мен құндылықтар, әдеби білім берудегі модульдік
жүйе, өзіндік ерекшеліктері, әдебиетті оқытудың жаңа
технологиялар жүйесі.
3. Әлем әдебиеті үлгілерінен іріктеліп алынған
туындылар табиғаты.
1. 1990-2007 жылдар аралығындағы білім беру
жүйелеріндегі атқарылған іргелі жұмыстар. Қазақстанның
тәуелсіздік алуына байланысты жаңадан түзілген оқу
бағдарламалары мен оқулықтар. Орта мектеп пен жоғары
мектептеріндегі түбірлі бетбұрыстар. «Қазақ орта
мектептеріндегі білім мазмұнының тұжырымдамасы» (1991
ж.), оның мазмұн-мәні, ғылыми методикалық негіздері. Әдеби
білім беру құрылымындағы өзгерістер. 1990-2000 жылдардағы
еліміздегі жалпы және орта білім беру жүйесіндегі түбегейлі
өзгерістер. «Әдеби білім тұжырымдамасы», Қазақстан
Республикасы орта білім мемлекеттік стандарты
(Алматы,1998).
2. Әдеби білім мазмұнын жаңарту бағытындағы жаңа
ұстанымдар мен құндылықтар, әдеби білім берудегі модульдік
жүйе, өзіндік ерекшеліктері, әдебиетті оқытудың жаңа
технологиялар жүйесі. 1) Орта мектептердегі әдебиет пәнінің
мақсат-міндеттері, мазмұндық құрылымындағы ұлттық діл,
мәдениет, әдеби көркем мәтіндердің эстетикалық-этикалық
құндылық деңгейлері. Қазақ әдебиетін оқыту тұжырымдамасы
(1997). Бастауыш I-IV сыныптардағы түсіндірмелі оқу, оның
әдеби талдауға арналмай, тек көркем мәтінді түсініп оқуды
көздейтіндігі, ұсынылатын әдеби мәтіндердің қарапайым
ұғымға жеңіл болатындығы. Орташа V-VIII сыныптардағы
әдебиеттік оқу, оның өзіндік сипаттары. Сыныптағы
оқушылардың жас ерекшеліктеріне сай әдеби мәтіндердің
таңдалып, іріктеліп алынатындығы. Әдеби-теориялық
ұғымдар жөнінде қысқаша мәліметтер беріле бастайтындығы.
Жылдан-жылға аталған сыныптардағы әдеби оқулар
мәтіндері күрделене түсіп, бірте-бірте тарихи-әдеби негізге
ойыса беретіндігі. Әдебиеттік оқу пәнінің мазмұндық-идеялық
құрылымының жоғарғы сыныптарға жақындай түсетіндігі.V-
VIII сыныптарға арналған әдебиет пәнінің оқу
бағдарламаларының түзілісі, түзілу принциптері. Оқулық-
хрестоматиялары, құрастырған авторлары. Әдебиеттік оқу
кітабына арналған әдістемелік нұсқаулар, авторлары.V-VIII
сыныптадағы әдебиет сабағындағы ауызша, жазбаша тіл
дамыту жұмыстары. Ауызша мәнерлеп оқу мен мазмұндап
баяндай алуға баулу жолдары. Жазбаша жұмыстар:
мазмұндама мен шығарма, олардың өзіндік ерекшеліктері.
Жазбаша баяндау амалдары. 2) Қазақ әдебиеті
пәнінен V-IX сыныптарда берілетін базалық білім. Базалық
білімінің екі сатысы: V-VII сыныптардағы жеке әдеби
нұсқаларды оқып үйренуге арналған әдеби оқу. Оның
жанрлық-хронологиялық принципке негізделетіндігі; VIII- IX
сыныптардағы тарихи хронологиялық принципке негізделген
тарихи-әдеби оқу. Аталған принциптерге сәйкес, V-IX
сыныптардағы әдебиет пәні бағдарламасының тұтастай
алғанда
сатылы-бұрандалы
принципке
сай
құрастырылғандығы. Базалық әдеби білім мазмұны қамтитын
оқу аймағы, ондағы көркем әдебиет материалдары жне
олардың V-IX сыныптар бойынша жіктелуі. Әр
сыныптағы әдебиет пәніне бөлінген сағат саны, V-IX сынып
оқушыларының білім, білік дағдыларына қойлатын талаптар.
Ауызша және жазбаша тіл ұстарту, шығармашылқ
жұмыстары. Қосымша оқып, пікір алысуға ұсынылған әдеби
шығармалар, жанрлық ерекшеліктері. Әлем әдебиеті
үлгілерінен мәлімет берудің маңыздылығы. 3) X- XI
сыныптардағы тарихи-әдеби оқу курсы. Оның жалпы қазақ
әдебиеті тарихының орта мектептің жоғары сынптарына
арналып жазылған қысқаша ғылыми талдамасы екендігі.
Сондықтан онда қазақ көркем әдебиеті туындыларының,
шығармашылық өкілдерінің бәрі бірдей қамтылмайтындығы.
Аралық шолу сабақтары, қажеттілігі. Жоғары сыныптардағы
әдеби-тарихи курстың ортаңғы базистік тарихи-
хронологиялық оқыту жүйесінің заңды, кеңейтілген әдеби
таңдамалы жалғасы саналатындығы. Әдеби материалдардың
тарихи-хронологиялық тәртіппен заман, дәуір ағымына орай
орналастырылатындығы.
Берілген әдеби-теориялық
ұғымдардың да ғылымилылығы артып, саралана-сараптала
түсетіндігі. X- XI сыныптарда жүргізілетін ауызша, жазбаша
жұмыстардың түр-түрлері, орындалу мәнер-машықтары, оған
қойылатын талаптар. Қосымша, сыныптан тыс оқуға
ұсынылатын шығармаларға сипаттама.
<Жалпы орта білім беру жүйесінде «Қазақ әдебиеті»
пәнін оқытуды ұйымдастыру ҚР мемлекеттік жалпыға міндетті
білім беру стандарты талаптары бойынша жүзеге асадаы.
«Қазақ әдебиеті» оқу пәнін оқытудың формалары мен
әдістерін таңдауда білім алушылардың психологиялық-
физиологиялық ерекшеліктері ескеріледі. Негізгі орта
мектептің 5-6 сыныптарында тұрмыс-салт жырлары, мақал-
мәтелдер, жұмбақ, жаңылтпаштар, ертегі, аңыздар, діни-
мифтік әңгімелер, әдеби дастандар, батырлар жыры, лиро-
эпостық жырлар шешендік сөздер мен айтыс жанрларын оқып
үйрену арқылы оқушылар халықтың ұлттық рухын,
дүниетанымын, әдет-ғұрып, салт-дәстүрлерін мәдени мұра
ретінде танып біледі. Халық ауыз әдебиетін оқып-үйрену
оқушының рухани жетілген әлеуметтік тұлға ретінде
қалыптасуына, халқының өткені мен бүгінін салыстырып, ой
елегінен өткізе алуына және ұлттық мәденимұраларды
құрметтейбілуіне көмектеседі. Бұл сыныптарда оқушылар
көркем мәтінді нақышына келтіріп, мәнерлеп оқу, мазмұнын
айтып беру, мәтінді мазмұнына қарай бөлімдерге бөлу,
жоспар жасау тәрізді білім дағдыларына жаттығады.
Жекелегенүзінділердегі
теңеу,
эпитет,
кейіптеу,
метафоралардың жай түрлерін, ертегінің баяндау тілін бала
ұғымына сәйкестендіре түсіндіру оқытудың басты ерекшелігі
болады. 5-6 сынып оқушыларын шығарманың сюжеті
қызықтыратындықтан сюжетке көп мән беріледі.
Мектептің 7-8 сыныптарында «Қазақ әдебиеті» пәнінің
білім мазмұнын қамтитын ХІХ-ХХ ғасырдағы әдебиеттің үш
тегі лирика, эпос және драмалық шығармаларды және әлем
әдебиетінің кейбір үздік шығармаларын оқытуда
оқушылардың әдеби білім аясын кеңейту қарастырылады. Бұл
сыныптарда әдеби көркем шығармаларды талдауға ерекше
назар аударылады.
Мектептің 9-сыныбында «Қазақ әдебиеті» пәнін оқыту
тарии-хронологиялық ұстанымға құрылады. 9 сыныптағы
қазақ әдебиетінің білім мазмұны біздің дәуірімізге дейінгі сақ
заманындағы «Алып Ер тоңа»сынды жәдігерден бастап, түрік
қағанаты, оғыз дәуірі, орта ғасырдағы ұлылар мұрасы, қазақ
хандығы дәуіріндегі әдебиет үлгілерін және ХІХ ғасырдағы
зар заман ақындар поэзиясы мен ағартушылық бағыттағы
әдебиетті, сонымен қатар әнші-сазгер ақындардың
шығармашылығын оқыту негізінде оқушыларға әдебиет әлемі
туралы тұтас ұғым беру көзделеді.
Мектептегі «Қазақ әдебиеті» пәнін қазіргі талаптарға сай
оқытуда
оқушылардың
өзіндік
ерекшеліктері,
қызығушылықтары басты назарда болады. Сол себепті пәнді
оқытуда баланың танымдық ой-өрісін, эстетикалық талғамын,
шығармашылық
ойлауын
дамытуға,
қатысымдық
іскерліктерінің шыңдалуына оң ықпал ететін оқыту әдіс-
тәсілдер таңдап алынады. Оқушының ізденімпаздығын,
белсенділігін, өз бетімен жұмыс істеу қабілетін,
шығармашылық ойлауын қалыптастыруда олардың өзіндік
ерекшеліктері, қабілет-қарымдары ескеріледі. Танымдық,
креативтік іскерліктерді дамытуға мүмкіндік беретін
шығармашылық тапсырмаларды орындау оқушыларды сын
тұрғысынан ойлауға жетелейді. Сөйтіп, әдебиетті
оқушылардың өзіндік ерекшеліктерін ескере отырып оқыту
білім мазмұнын меңгертуде басты ұстанымдардың бірі
болады.>
<Әдебиетті оқытуда тек ең танымал деген
туындылармен таныстыру ғана көзделіп, ХХ ғасыр және
егемен ел әдебиеті туралы қысқаша түсінік беріледі. >
3. Әлем әдебиеті үлгілерінен іріктеліп алынған
туындылар табиғаты. X-XI сыныптарға арналған
әдебиет пәнінің бағдарламалары мен оқулықтары.
Хрестоматиялары және тақырыптарға бөлінген сағат саны. X-
XI сыныптарға арналған әдебиет пәнінің бағдарламалары мен
оқулықтары. Хрестоматиялары және тақырыптарға бөлінген
сағат саны. Жоғары сыныптарда әдебиет пәнін жүргізу ісіне
көмекші құрал ретінде жазылған алуан түрлі әдістемелік
талдамалар, үлгі-жобалар, авторлары. Әдебиет пәніне
арналған «Қазақ тілі мен әдебиеті», «Қазақстан мектебі»
журналдары мен «Қазақстан мектебі» газетінің атқаратын
ролі, оларда жарияланатын озат мұғалімдер іс-
тәжірибелерінің мән-маңызы.
Ұсынылатын әдебиет: [1], 1-22 беттер; [2], 1-47 беттер.
4-тақырып. Әдеби базалық білім аймағы. Жоғары сыныптардағы
тарихи-әдеби оқу курсы.
Жоспар:
1. Қазақ әдебиетін оқытуға енгізілетін шығармалар көлемі мен түрі.
Ұсынылатын әдебиет: [1], 1-22 беттер; [2], 1-47 беттер.
1. Әдеби білім аймағына енгізілетін шығармалар көлемі мен түрі. Халық
әдебиеті және оның іріктелген жанрлары. Ежелгі дәуір әдебиеті, оның
мектептік үлгілері. Жыраулар поэзиясы, оның көрнекті өкілдері. Қазақтың
ХІХ-ХХ ғасырлардағы классикалық әдебиеті, оның ақын-жазушылары. Қазіргі
қазақ әдебиеті. Базалық әдеби оқудың тиімділігі және маңызы, қажеттілігі.
Базалық әдеби білім беру бағдарламаларының екі бөліктен құралатындығы.
Олардың өзара сабақтастығы, бір-бірінің заңды жалғасы болатындығы.
Сыныптардағы әдебиеттік оқулардың жанрлық-хронологиялық принципке
бағындырыла жүргізілетіндігі. Мұндағы әдебиет пәні жеке әдеби нұсқаларды,
авторлар өмірі мен шығармашылықтарын оқып үйренуге негізделген
әдебиеттік оқу сипаттарында болатындығы. Х-ХІ сыныптарда әдеби
материалдардың тарихи-хронологиялық тәртіппен заман, дәуір ағымына орай
орналастырылғандығы. Оның орта мектептің жоғары сыныптарына арналып
жазылған, түзілген қазақ әдебиеті тарихының қысқаша ғылыми курсы екендігі.
Сондықтан онда қазақ көркем әдебиеті өкілдерінің бәрі бірдей
қамтылмайтындығы. Жоғары сыныптардағы әдеби-тарихи курстың ортаңғы
базистік тарихи хронологиялық оқыту жүйесінің заңды, кеңейтілген әдеби
таңдамалы жалғасы саналатындығы. Әдеби-теориялық ұғымдардың да
ғылымилығы артып, тереңдетіле түсетіндігі. Жазу жұмыстарына қойылатын
талаптардың да күрделене беретіндігі.
Достарыңызбен бөлісу: |