Бағдарламасының ( Syllabus) титулдық парағы Нысан пму ұс н


-тақырып.   Өлі   түбірлердің   пайда   болуы,   лексика   тарихының



Pdf көрінісі
бет9/46
Дата25.04.2022
өлшемі336,43 Kb.
#32204
түріБағдарламасы
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   46
3-тақырып.   Өлі   түбірлердің   пайда   болуы,   лексика   тарихының

этимологиямен байланысы.

Жоспар (қарастырылатын мәселелердің тізімі):

1. Тілдің қазіргі морфологиялық құрылымы

2. Дара қосымшалардың қалыптасуы

3. Күрделі қосымшалардың қалыптасуы

Тілдің қазіргі морфологиялық қүрылымы — оның динамикалық дамуының

жемісі.   Тіл   қүрамында   динамикалық   дамудың   нәтижесінде  қалыптасқан

элементтермен қатар, көне дәуірдің куөсі боларлықтай фактілер де кездеседі.

Сондықтан   тілдің   морфологиялық   қүрылымының   тарихи   дамуы   оны   туыс

тілдер   материалдарымен,  тіддік   тарихи   ескерткіштер   фактілерімен

салыстырып зерттеу арқылы ғана емес, сол тілдің өз қүрамында қалыптасқан

тілдік элементтерді зерттеу арқылы да ашылады. Қазіргі  қазақ тілінің осы

күнгі морфологиялық қүрылымының бүгінгі қалыпқа жету жолын да аталған

өдістерді қатар қолдана отырып зерттегенде ғана айқын түсінуге болады.

Егер қазіргі қазақ тілінің фактілерін тарихи ескерткіштер фактілерімен

салыстырсақ, онда бүгінгі тілімізде негізгі, я алғашқы түбір делініп жүрген

біраз   түбір   сөздердің   өзін   алғашқы   түбір   мен   өлі   қосымшаға   айыруға

болатынын   көреміз.   Айталық,   қазіргі   тіліміздегі  қартаю  етістігін   ескі

жазбалар тіліндегі сондай сөзбен салыстырып,  "Қутатқу білік  "тілінде осы

етістік  қары  (айқын   етістік  мәнінде)   түрінде   қолданылғандығын   білеміз.

Сонда   қазіргі   тіліміздегі  қартай  сөзінің   қүрамыңдағы   /и-ны   байырғы

түбірмен жымдасып кеткен ырықсыз етіс қосымшасы деп тануға тура келеді.

Осы   жай  сол   етістікті   озімен   түбірлес  қария   (кәрия)  сьш   есімімен

салыстырғаңца тағы байқалады. Соңғы варианттар (қария, кәрия) қүрамында

т элементі кездеспейді. Сондай-ақ, қазіргі тіліміздегі қалдық, тасқын, күрек,



бақ, қайық, қысқаш  сөздерін де алғашқы түбір мен  "өлі"  қосымшаға беліп

қарауға әбден болады.

Морфологиялық   элементтердің   динамикалық   дамуын   қарастырғанда

белгілі   бір   тілге   тән   түлғаларды,   мүмкіңцігіне   қарай,   көне   заман

ескерткіштері фактілерімен де, туыс тілдер фактісімен де салыстыра қарау

қажет.   Мәселен,   қазіргі   қазақ   тіліндегі   көмектес   септік   түлғасының   шығу

тегін   айқыңцау   үшін   осындай   салыстыру   қажет.   Егер  V—VIII  ғасыр

ескеркіштерінде көмектес септік мәнін



 бірле шылау сезі берген болса, кейінгі

дөуір   ескерткіштерінде   осы   шылау  бірлен,   білен  түрінде   кездесіп

отырады.Соңғы вариант сол күйінде қазіргі түркі тіддерінің көбіңде бар. О

бастағы  бірле  сөзінің   қүрамындағы  р  дыбысының   түсіп   қалуы   түркі

тілдерінің   тарихына  жат   қүбылыс   емес.   Ал   қазақ   тілінің   жергілікті

говорларыңда кемектес  септік жалғауының  -мынан (-пынан)  түрі кездеседі.

Сөз басыңцағы  м//б  сәйкестігі түркі тілдер тарихында ескіден белгілі, қазір

де бар қүбылыс. Сейтіп көмектес септік жалғауы -мен-пщ о бастағы генезисі

бірле шылауы екені еш күмән туғызбайды.

Тілдің морфологиялық қүрылысының даму кезендерін білуде жерплікті

ерекшеліктерді әдеби тіл нормаларымен, көне дөуір ескерткіштерімен және

туыс   тілдер   материалдарымен   салыстырып   қараудың   маңызы   зор^Бүл

түрғыда   мынадай   жай   еске   алынады:   жергілікті   ерекшеліктер   барлық

жағдайда тілдің кене дәуірінің қалдығы бола бермейді. Олардың едәуір бөлігі

кейінгі кезеңдерде көрші халықтармен жиі қарым-қатынас жасап, араласудың

салдары болуы да мүмкін. Алайда сонымен қатар, мына жай да ескерілуге

тиіс: халықтың этникалық негізі көптеген ру-тайпалардан қү-ралғандықтан,

қазіргі уақытта кейде оғыз тіддерінің белгісі, қарлүқ тілдерінің элементі деп

жүргендердің   біразы-ақ   халықтардың   қүрамына   енген   сол   тайпалар

тілдерінің қалдығы болуы да мүмкін. Сол себептен де жергілікті говорларда

кездесетін   бірсыпыра   грамматикалық   (морфологиялық)   ерекшеліктердің

тіліміздің морфологиялық қүрылымының тарихи даму жолдарын зерттеуде

бағалы   материал   болуы   әбден   ықтимал   жай.   Мәселеге   осы   түрғыдан

қарағаңда,   оңтүстік   қазақтарының   тілінде   кездесетін   бүйрық   райлық   мән

беретін  -қын, -гын, (-кін, -гін), -ың, -ің, -қыл, -кіл, -гіл,  бүйрық мәңці көптік

қосымшасы  -алы//елі,  шығыс септік орнына-барыс, көмектес септік орнына

шығыс септіктің қолданылуы, батыс қазақтарының тілінде кездесетін:  бізің,

сізің,  мезгіл  мәніңце барыс  септік  орнына қолданылатын:  -ай//-ей, -ды//ді,

-ты//ті,  өткен   шақ   қосымшаларының   орнына   қолданылатын  -улы//улі,

жеткізу  етістігінің  жеттіру  түрінде   басқа   аффикспен   айтылуы,  -ган

есімшесінің   орнына

 -аган//еген

 түлғасының   қолданылуы,   сүрау

есімдіктерінің  қанда,  (қайда),  қандайма  (қандайда болса),  қайшан (қашан)

түлғаларында   қолданылуы,   жатқан   етістігінің   жатырған  түрінде   айтылуы

(жат және жатыр сездерімен салыстырыңыз), кейбір есім түбірлерден өдеби

тілде   жоқ   тәсілдер   арқылы   етістік   түбірлердің  жасалуы:  сақ+ы   (сақта),

сақ+ын (сақтан), ен+е (ен салу), уят+та (уялт), қойыр, қойыру (қойылт),

тіргіз   (тірілт),   кішірт,   кішірту

  тәрізді кішірейткіш мәнді қосымшаларды

атайды: -м: қарам, -л: көгал, -н, -ч, -ч (-ш): ақыш (өзбекше), көгіс (қазақша),




-ч,   -дж:   ақша,  азаматша,   -қ,   -к:   жолақ,   сопақ,   буршақ,   -с:   қызылсы

(қызгылт),  т.б.  Осы   дара   қосымшалардың   сөз   қүрамында   өзара   бірігуінен

қазіргі   түркі   тілдеріндегі  -лақ//-лек,   -алақ//-елек,   -ымдық//-імдік,   -ымтыл//



-імтіл,   -ігылтым//-ігілтім,  т.б.   күрделі   қосымшалар   қалыптасты   деп

есептейді.

1

  Егер   осылай   деп   қарасақ,   қазақ   тіліндегі   ішімдік,  саргалдақ,



саргылтым,  т.б. сөздер қүрамындагы қосымшаларды морфологиялық  ығысу

процесінің   нәтижесінде   дара   қосымшалардың   күрделенуінен   қалыптасты

деуіміз   керек.   Б.   А.   Серебренников   түркі   тілдері   фактілерін   фин-угор

тілдерімен   салыстыру   арқылы   септік   жалғау   қосымшаларының   біразы-ақ

ежелгі   қосымшалардың   өзара   бірігіп,   күрделенуінен   қалыптасты   деп

қарайды.


2



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   46




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет