Бағдарламасының атауы және шифры 6В01701 «Қазақ тілі мен әдебиеті»



бет2/8
Дата24.10.2022
өлшемі36,16 Kb.
#45132
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
ҚТОӘ КО СИЛЛАБУС 2022-2023

Пәннің негізгі міндеті «6В01701 - Тіл мен әдебиет мұғалімін дайындау (қазақ тілі мен әдебиеті)» ББ бойынша оқытудың келесі нәтижелерін қалыптастыру болып табылады:

  • студенттерге қазақ тілін оқыту әдістемесінің әдіснамалық-теориялық негіздерін меңгерту және қазақ тілін оқыту әдістемесінің негізін қалаған ғалым-әдіскерлердің еңбектері мен ой-тұжырымдарымен таныстыру;

  • студенттерді педагогика және әдістеме ғылымындағы жаңа тенденциялармен, қағидалармен, бағыттармен таныстырып, оны оқыту үдерісінде тиімді қолданудың жолдарын үйрете отырып, жаңартылған білім бағдарламасы бойынша мектепте оқытылатын қазақ тілі курсының мақсат-міндеттері және білім мазмұнымен таныстыру;

  • пән бойынша базалық-нормативтік құжаттар мен оқулықтарды, оқу-әдістемелік кешендерді талдап, тануға үйрету, оларды оқыту үдерісінде басшылыққа алып, пайдалану дағдыларын қалыптастыра отырып, қазақ тіл білімі салаларын мектепте оқытудың әдістемелік жүйесін меңгерту;

  • білім берудің жаңа технологияларымен таныстырып, оны оқу үдерісінде пайдаланудың жолдарын үйрету;

  • болашақ мамандарға қазақ тілін оқытудың жолдарын игерту (мектеп оқушыларының білім, білік, дағдылары мен білім сапасын бақылауды меңгерту, білім нәтижелерін сараптау және оны жетілдірудің жолдарын табуға баулу);

  • өзінің кәсіби біліктілігі мен құзіреттіліктерін үздіксіз дамытуға төселдіру.

ОН - 1. Қоғамдық пәндерден игерген білімдерін әлеуметтік және кәсіби міндеттерді шешуде қолданады.
ОН - 2. Тәрбие мен білім берудің жаңа философиясын түсінеді, педагогикалық қызметінде басшылыққа алады; Ғылыми зерттеуді ұйымдастырудың ұстанымдарын, ғылыми білімдерді құрастыру мен оған қол жеткізудің тәсілдерін түсінеді.
ОН - 4. Инклюзивті білім беруде әр түрлі жастағы балаларды дамыту үшін диагностикалық әдістерді қолдана алады, педагогикалық-психологиялық ерекшеліктерді, салауатты өмір салтын меңгереді, оқытудың, тәрбиелеудің әртүрлі теорияларын біледі, субъективтілік, коммуникативтілік, ізгілік және толеранттылық, ұлттық құндылықты бойға сіңірудің әдістемелік тәсілдерін қолдана алады.
ОН - 5. Балалар іс-әрекетінің әртүрлі түрлерін ұйымдастырудың әдіс-тәсілдеріне ие, оқушылардың ғылыми-зерттеу және жобалық жұмыстарына, оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес заманауи ақпараттық-коммуникациялық технологиялармен (SMART және STEM технологиялары) білім беру процесіне байланысты сабақтан тыс жұмыстарды, дене тәрбиесін ұйымдастырудың әдістерін қолданады.
ОН - 8. Ойын жүйелі, сөз мәдениетінің талаптарына сай ауызша және жазбаша түрде тұжырымдап жеткізеді, сөз саптау тәсілдері (баяндау, сипаттау, пайымдау) мен сөйлесім әрекетін меңгереді және оларды танымдық әрекеттерді белсенді меңгеруде, өзін-өзі дамытуда білімін жетілдіруге орынды қолданады.
ОН - 9. Ақпараттар ағынында қажетті информацияны анықтап, іріктеп, өңдеп, жетілдіріп, сақтап жеткізудің әдістері мен тәсілдерін қолданады; сандық технологиямен жұмыс істейді, жаңа контент жасай алады.
ОН - 10. Тіл мен әдебиет салаларын оқытуда педагогикалық-психологиялық ерекшеліктерді меңгереді, кәсіби өсу жолында өзінің білім траекториясын құрастырады.
ОН - 11. Қазақ тілін оқытудың интерактивті әдіс-тәсілдерін, инновациялық технологияларын меңгереді, педагогикалық тәжірибеде орынды қолданады./




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет