Жиынтық бағалау: Сіздің қорытынды бағаңыз мына формула бойынша есептеледі:(АБ1+АБ2)∙0,3 +Емт∙0,4
3. Пәннің қысқаша мазмұны. Пәннің мақсаты – Қазақстанның түрлі ғылым салаларындағы болашақ мамандарды Қазақстанның қалыптасу барысындағы көне дәуірден бүгінге дейінгі сан-алуан кезеңдеріндегі мәдениетінің тылсым қырларымен, құрылымының ерекшеліктерін қарастыра отырып, базалық білімдерін қалыптастыру және олардың жеке ғылыми-шығармашылық қызметін қолайлы да тиімді ұйымдастыра білуі болып табылады. Пәннің негізгі міндеттері– «Арт білім беру» пәні бойынша барлық ұсынылған теориялық және тәжірибелік оқу материалдарын меңгеру; студенттердің бойында өз ұлтының мәдени ерекшелігі жайлы түсінік пен интелектуалдық білімін қалыптастыру; аналитикалық ойлау қабілеті; студенттердің ғылыми-ізденіс бағыттарын жетілдіру; болашақта магистратура форматында өз бетімен ғылыми-ізденіс жұмыстарын жүргізе алатындай біліктіліктерін қалыптастыру.
4. Курстың академиялық саясаты: Пәнді оқу барысында қарастырылған барлық мағлұматтарды білу; бағдарламада ескерілген барлық әдебиеттермен танысу; кәсіби терминологиясын меңгеру; пән аралық қатынастарын; пәннің нақты мәселелері мен көкейкесті аумақтарын білуі керек; конструктивтік кәсіби шығармашылығын ұйымдастыруына қажетті инновациялық оқыту әдістерін; өзін-өзі дамыту тәжірибесін; командалық және коммуникативтік жұмыс тәжірибесін; ҚР мемлекеттік кәсіби шығармашылықты меңгеру деңгейі саясатында қарастырылған үш тілді меңгеруі керек.
Академиялық тәртіп ережелері: Сабаққа міндетті/міндетті емес қатысу, кешігуге жол бермеу. Сабаққа кешігу және сабақта болмау 0 баллмен бағаланады.
Тапсырмаларды (СӨЖ, аралық, бақылау, зертханалық, жобалық және т.б.), жобаларды, емтихандарды орындау және тапсыру мерзімдерін міндетті түрде сақтау. Тапсыру мерзімі бұзылған жағдайда тапсырма айыппұл баллдарын шегеру есебімен бағаланады.
Академиялық құндылықтар: Академиялық адалдық және тұтастық: барлық тапсырмаларды орындау дербестігі; плагиаттың, жалғандықтың, шпаргалкаларды пайдаланудың, білімді бақылаудың барлық түрлерінде көшіріп алу және оқытушыны алдауды болдырмау.
Мүмкіндігі шектеулі студенттер e-mail бойынша кеңес ала алады.