Омыртқасыздар зоологиясынан оқу іс-тәжірибесінің жоспары
№№
|
Тақырыбы
|
Күннің саны
|
Сағат саны
|
1
|
Кіріспе. Практиканың мақсаты, міндеттері. Омыртқасыздар жануарларды коллекция жасау әдістері. Практиканы өткізетін жерімен танысу.
|
1
|
3
|
2
|
Су омыртқасыздары.
|
1
|
3
|
3
|
Топырақ омыртқасыздары.
|
1
|
3
|
4
|
Құрылықта тіршілік ететін омыртқасыздар:
Қарағайлы орманның омыртқасыздары.
|
1
|
3
|
5
|
Шалғындықтың омыртқасыздары.
|
1
|
3
|
6
|
Сынақ.
|
|
|
|
Барлығы:
|
5
|
15с
|
1) Іс-тәжірибеге кіріспе. Практиканың мақсаты, міндеттері. Омыртқасыздар жануарларды коллекция жасау әдістері. Практиканы өткізетін жерімен танысу.
Практиканың бірінші күні студенттерді далалық практиканың мақсаттары және міндеттерімен, құрал-жабдықтармен, омыртқасыз жануарларды жинау методикасымен таныстыру. Омыртқасыз жануарлардың коллекциялармен таныстыру. Алғашқы сабақта далалық практикадан есеп тапсыру кезінде қойылатың талаптарды айту керек, далалық практика есебініңқұжаттарымен таныстыру керек.
2) Тақырыбы: «Су омыртқасыздары».
Тіршілік ортасына байланысты су омыртқасыздарының дене құрылысына, тіршілік ортасына бейімделуіне көңіл аударыңыздар.
1. Кейбір түрлердің биологиялық ерекшеліктерін оқу.
2. Су қоймасының пайдалы және зиянды тіршілік иелерін анықтау.
Экскурсияның кұрал-жабдықтары:
Гидрологиялық сачоктар, ванночкалар, шыны банкалар, пробиркалар, пинцеттер және лупалар.
Жұмыс методикасы:
Ең алдымен судағы омыртқасыз жануарлардың тіршілігін жағадан бақылап қарайды, одан кейін су қоймасының беткі жағынан жинай бастайды, су өсімдіктерін қарайды. Планктонның, перифитонның, нектонның және бентостың омыртқасыздарын жинайды.
Экскурсиядағы жұмыс нәтижесін күнделікке сипаттау, суретін салу, таблица сызу және қосымша қорытындылар жасау арқылы белгілейді. Зерттелетін су қоймасының орналасуын (ашық жерде, көлеңкеде немесе су өсімдіктерімен қатты көлеңкеленгенін) сипаттау.
Достарыңызбен бөлісу: |