Бағдарламасының әдістемелік нұсқаулары Жаратылыстану математика факультеті Жаратылыстану ғылымдары пәндері кафедрасы



бет6/10
Дата04.11.2022
өлшемі42,39 Kb.
#47597
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Экскурсияныңқүрал-жабдықтары:
Энтомологиялық сачок, морилкалар, мақта, пинцеттер, лупалар, морилкалар, фиксирлейтін сұйықтығы бар банкалар.


Жұмыс методикасы:
Қарағайлы орманныңнасекомдары. Құрылық омыртқасыздарына бақылау жүргізу әдістері; жапырақтарды, өркендерді, түбір және қабықүстін қарау. Насекомдарды жинау (қол және ауа торымен). Ағаштардағы және бұталардағы өрмекшілердің торлары. Құмырсқаның илеуі.
Жыртқыш насекомдар, көпаяқтылар, өрмекшілер және олардың орман зиянкестерінің санын реттеудегі ролі. Омыртқасыздарды қабық астынан және сүректен жинау. Насекомдар орман зиянкестері және олардың тигізетін зақымдануларының негізгі типтері.


Зертханалық жұмыс. Лабораториялық сабақта экскурсияда жиналған материал қаралады. Морилкамен ұсталған насекомдар мақталарға салынады. Қоңыздар, қабыршаққанаттылар, шегірткелер т.б. омыртқасыз жануарлардың дернәсілдері анықталып, фиксирленіп коллекциялар жасалады. Лабораторияда жануарларының морфологиясын қарап, суретін салу. Жазбаша қорытындылар жасау.


4.2 Тақырыбы: «Шалғындықтың омыртқасыздары».
Экскурсияның мақсаты:

  1. Шалғындықта тіршілік ететін омыртқасыздармен танысу.

  1. Омыртқасыздарды сандық есептеу методикасымен танысу.

  1. Насекомдардыңөсімдіктерді тозаңдырудағы ролін қарастыру. Өсімдіктердің 2-3 түрінің тозаңдандырушыларының түрлік құрамын анықтау.

  1. Насекомдарды анықтау және коллекция жасау үшін жинау.

  1. Дала зиянкестерінің негізгі топтарын анықтау.



Экскурсияның құрал-жабдықтары:
Энтомологиялық сачок, морилкалар, мақта, пинцеттер, лупалар, морилкалар, фиксирлейтін сұйықтығы бар банкалар.


Жұмыс методикасы:
Шалғындықта тіршілік ететін омыртқасыздардыңәр алуандығымен танысу. Табиғи жағдайда насекомдардың басты отрядтары өкілдерініңұқсастығын салыстыру. Әртүрлі насекомдардыңұшу ерекшелігіне бақылау жасау. Тозаңдандырушы насекомдарға бақылау жасау. Олардыңқоректенуге және тозаңдарды тасымалдауға бейімделушілігі.Әртүрлі әдістермен насекомдарды шектеп жинау: шөптен жинау, есімдіктерден қолмен жинау, ұшып жүрген насекомдарды тормен үстау.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет