Бағдарламасының әдістемелік нұсқаулары Жаратылыстану математика факультеті Жаратылыстану ғылымдары пәндері кафедрасы



бет7/10
Дата04.11.2022
өлшемі42,39 Kb.
#47597
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Зертханалық жұмыс. Лабораториялық сабақта экскурсияда жиналған материал қаралады. Морилкамен ұсталған насекомдар мақтаға салынады. Шалғындықта ұсталынған насекомдарды коллекцияға құралады, табылған дернәсілдер спиртке салынады. Күнделікке шалғында тіршілік ететін омыртқасыздарға жалпы сипаттама беріледі. Жазбаша қорытындылар жасау.


Жетекшімен берілген тақырыптан студенттердің өздік жұмыстары.

Омыртқасыз жануарларды оқып-білудегі ғылыми-зерттеу әдістерінің негіздері. Жинау, материалды ретке келтіру және талдау, әдебиеттермен жұмыс істеу.


Төменде өздік жұмыстар тақырыптарыныңүлгі ретіндегі тізімі келтірілген, оны жергілікті жердің жағдайларын жеке практика жетекшісінің біліктілігін ескере - отырып едәуір кеңейтуге болады.
Өздік жұмыстар тақырыптарының тізімі:

  1. Балықтарға азықтық маңызы бар түщы су омыртқасыздары.

  1. Моллюскалар сорғыш қүрттардың аралық иесі екендігі және олардыңәртүрлі қоймаларында залалданғандықтарының дәрежесі.

  1. Практика өтетін ауданның су қоймаларындағы қан сорғыш масалардың личинкаларының таралуы және сан мөлшері; олардың биологиясына бақылау жасау және олармен күресу.

  1. Әртүрлі су қоймалары типтерінің планктоны.

  1. Су омыртқасыздарыныңәртүрлі топтарындағы тыныс алуға бейімделушіліктің ерекшеліктері.

  1. Практика өтетін ауданның су қоймаларындағы жылғалықтар личинкаларының таралуы және олардың биологиясы.

  1. Күміс өрмекшінің биологиясы.

  1. Әртүрлі биотоптардың топырақ фаунасының ерекшеліктері.

  1. Қи қоңыздарының биологиясына бақылаулар жүргізу.

  1. Санитар насекомдардың (өлексежегіштер, өлексе шыбындар т.б.) биологиясы.

  1. Әртүрлі өсімдіктерді тозаңдандырушы насекомдар.

  1. Бал арасы ұясының тіршілігіне бақылау жасау.

  1. Ауа райы жағдайына байланысты қан сорғыш насекомдардың күндізгі белсенделігі.

  1. Жапырақ жегіш қоңыздарға және олардың личинкаларына биологиялық бақылаулар жүргізу.

  1. Көбелектердің дамуына бақылаулар жүргізу.

  1. Бақашалардың маңызды зиянкестері.

  1. Егістік дақылдарының зиянкестері.

  1. Ағашты және бұталы өсімдіктердің залалдануының типтері және оларды тудыратын омыртқасыздар.

  1. Насекомдардың жеке отрядтарының немесе ірі түқымдастарының биологиясын және систематикасын зерттеу (инеліктер, қоңыздар, жарғаққанаттылар, қосқанаттылар және т.б.).

  1. Практика өтетін ауданныңқұмырсқаларына бақылау жасау.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет