Бағдарламасының компьютерлік графикадағы жаңаша мүмкіндіктері



бет5/7
Дата30.11.2022
өлшемі207 Kb.
#54010
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
3DS MAX - БАҒДАРЛАМАСЫНЫҢ КОМПЬЮТЕРЛІК ГРАФИКАДАҒЫ ЖАҢАША МҮМКІНДІКТЕРІ

Прожекторлар туралы


Еркін және нысана прожекторлары өте ұқсас болғанмен, оларды құру әдістері әр түрлі. Нысана прожекторы екі объектіден тұрады – прожектордан және қуыс объект түріндегі нысанадан. Прожектор жарлығы миниатюрлі конус, ал нысана жарлығы кішкентай кубик ретінде белгіленеді. Екеуі де сары түсті. Жарық конусының сыртқы шегі қоңыр-көк түспен белгіленеді. Конус ішіндегі интенсивтілік центрден жақтарға қарай кеми береді, ал шекараның сыртқы жағындағы жарық интенсивтілігі нөлге тең. Прожектор жарлығын және нысананы байланыстыратын ашық көк түсті түзуді жарықтандырғыш өсі деп атайды. Прожектор жарлығының орнын ауыстырсақ, жарық шоғыры бәрі-бір нысанаға бағытталады. Керісінше, нысананы жылжытсақ, прожектор орнында қалады да, оның тек нысанаға қатысты бағдары өзгереді. Еркін прожекторлардың нысана жоқ болғанмен, олар құрылған кезде өзінің жарық конусының өсін активті терезе проекция координат жазықтығына перпендикуляр
етіп орнатылады. Еркін прожектордың элементтері, нысанадан
басқа, нысана прожекторының элементтерінен айрықша емес.

Бейнелеу камералар


Нақты өмірдегідей, үшөлшемді сахнаның бейнелеуі бір камерамен жүрмейді. Өйткені, камера моделінің көмегімен тамаша бейнелеу нүктесін “ұстасаңыз” сол камераны тимеуге кеңес берейін. Сәтті нүктені қайтадан табу үшін, көп уақыт өтеді.
3DS MAX-камераның екі типі бар:

  • Нысаналы (Target) камера, камераның өзі орналасқан бейнелеу нүктесімен (eye posіtіon) және нысана нүктесімен (target poіnt) сипатталады

  • Еркін камера нысаналыдан тек нысана нүктесі жоқ болуымен ғана ерекшелінеді

3DS MAX камераның көру, “объективтен” шығатын және көз көрерлік пирамида деп аталатын пирамида күйінде көрсетіледі. Тек пирамида шекарасына енген объектілер ғана, елестейтін камера объективінде көрінеді. Ескертуінсіз, жаңа пайда болған камера 45 градусты көру аймағын алады.

Материалдарды дайындап, тағайындау


3DS MAX материалдары геометриялық модель бетін нақты объектінің бетімен визуалды ұқсастық беретін мінездемелер жиыны. Ерекше сипаттамалары:

  • Айналы дақтар, көлеңкелер және диффузиялық шашырау аймағындағы объект бетінің түсі

  • Дақтың өлшемі және ашықтығы

  • Мөлдірлік емес және өзінен-өзі жарықтандырудың дәрежелері

  • Мөлдір материалдардағы жарық сәулелерінің сыну коофициенттердің мәні.

Материалдардың нақты объектілерге ұқсастығы, сахна көрінісінің визуализация процессінің кезінде жетіледі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет