Бағдарламасының магистранттарына ӛзіндік жұмыстарды орындауға арналған Әдістемелік нҧСҚАУ



Pdf көрінісі
бет22/47
Дата09.10.2024
өлшемі1,02 Mb.
#147493
түріБағдарламасы
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   47
Байланысты:
мәтін лингв Әдістемелік нұсқау 2024

 
Пайдаланылатын әдебиеттер тізімі: 
 
14-ТАҚЫРЫП: 
Тілдік тұлға 
 
Дәріс жоспары: 
1.Автордың тілдік тұлғасы және автор бейнесі
2.Мәтін авторының тілдік тұлғасы. 
3.Мәтіннің авторлық кестесі.
Мақсаты:
Мәтіндегі тілдік тұлға туралы түсінік. 
Қысқаша мазмҧны:
Әр мәтіннің сыртында тіл жүйесін меңгерген тілдік тұлға немесе сӛйлеу 
туындысын (мәтінді) тудыруына және қабылдауына қарай адамның қабілеттері 
мен мінездемелерінің жиынтығы ретінде түсінілетін автордың тілдік тұлғасы 
тұрады. 
Мәтіннің авторға тәуелділігі мәтін авторы – тілдік тұлғаның типімен 
анықталады, автордың сӛйлеу мәдениетінің (элитарлық, әдеби-сӛйлеу, орташа 
әдеби, ауызекі қарапайым, т.б.) қай типіне жататыны, жынысы (әйел, еркек), 
жасы, мамандығы – бәрі қосыла келіп, оның жеке басының қасиеттерін 
танытады. 
1.Смағұлова Г. Мәтін лингвистикасы. – Алматы, 2002 ж. 
2.Есембеков, Т.О. Кӛркем мәтін теориясы - Алматы: Қазақ университеті, 
2015.- 186 б. 
3.Есембеков, Т.О. Кӛркем мәтін поэтикасы: оқу құралы .- Алматы: Қазақ 
университеті, 2012.- 228 б.
4.Жармакин О.Қ., Мағзұмов Қ.Б. Мәтін лингвистикасы. Оқу құралы. – 
Павлодар: Кереку, 2011. 
5.Оразбаева, Э.Б. Кӛркем мәтінді лингвистикалық талдау [Электрондық 
ресурс]: пәнінің лекция жинағы / Э.Б. Оразбаева.- Шымкент, 2012.
6.Әбдікәрім, Т.М. Қазақ тіл білімінің ғылыми зерттеу негіздері - Алматы: 
Эверо, 2014.- 288 б. 
7.Әлкебаева, Д.А. Қазақ тілінің прагмастилистикасы [Мәтін] / Д.А. 
Әлкебаева.- Алматы: Зият-Пресс, 2007.- 244 б. 


28 
Әрбір нақты жағдайда автор ӛз позициясын әртүрлі – кейде ашық, кейде 
сӛз арасында, кейде бүркемелей, мазмұндық-концептуалды немесе астарлы 
мәтінді ақпарат арқылы жеткізеді. 
Автордың «мен»-інде автордың тұлғасы ғана танылып қоймайды, «мен» 
құрылымында (ең алдымен кӛркем мәтіндерде) автор мен әңгімешінің, автор 
мен лирикалық кейіпкердің (әсіресе ӛлеңде) тұлғасының бірігуі мүмкін.
Автор ӛз позициясын мәтінде автосемантикалық үзіндіде, «еркін» 
сӛйлемдерде ашық айта алады, кейіпкердің мінез-құлқы, кӛңіл күйі, әлдебір 
құбылысқа кӛзқарасы авторға тән болуы мүмкін. 
Автордың араласуымен суреттеменің кеңістік, уақыт шекаралары 
жылжиды. 
Мәтінде автордың қатысымының сӛздік танылуы 
автор кестесін
құрайды. Т. В. Шмелева оны мәтінде мына элементтермен кӛрсетеді: 
1) әдетте «кадрдың сыртында» қалып қоятын, бірақ ӛзін таныту үшін 
мәтіннің ерекше фрагментін ала алатын автор мен адресат «фигураларының» 
экспликациясы. Мысалы, «автор фигурасының» танылуы; 
2) 
суреттеу 
үшін 
іріктеліп 
алынған 
тілдік 
құралдармен, 
авторландырылған ақпарат құралдарымен және әр қилы авторлық бағалаумен; 
3) метамәтінді немесе А.Вежбицкая айтқандай, «мәтіндегі мәтінді» яғни 
суреттемесін және сонымен бір уақытта оқырманға түсіндіру нұсқаулығы 
болатын мәтін бӛлігін қолдану 
Кейбір авторлар иннективті (лат. inectio-«ӛру») метамәтін құралдарын 
контекстуалдық (біріншіден, екіншіден, т.б.) және интерперсоналдық (әрине, 
мүмкін, ӛкінішке орай, ... қайталау, санамалау, сандық деректер, шрифтпен 
бӛлу, риторикалық сұрақтар және т.б.), деп ажыратады. 
Мәтіннің авторлық кестесі оның тілдік ерекшеліктеріне қарай елеулі. 
Авторлық кестені елеулі ету-етпеу автордың ӛзінің қолында. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   47




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет