Лекция сабақтарының әдістемелік қҧралдармен қамтамасыз етілуі. Иллюстрациялық материалдар. Кафедрада барлық иллюстрациялық
материалдар қоры және олардың әдістемелік нұсқаулары мақсатты түрде
түзілуі қажет. Иллюстрациялық материалдардың тізімін құрастырғанда
плакаттардың, слайдтардың, диафильмдердің, кинофильмдердің тізімделген
аттары, негізгі және қосымша әдебиеттер туралы мәліметтері беріледі.
Оқу әдебиеттері жайлы мәліметтерде автордың аты-жӛні, шығарылған
жері, баспасы, жылы кӛрсетіледі. Әдебиеттердің барлық түрінің номерлері
ретпен келтіріледі. Қосымша және негізгі әдебиеттер кӛрсетіледі.
Леция сапасын арттыру жолдары. Лекция материалдарын дайындау мемлекеттік жалпы білім және жоғары
кәсіптік білім беру стандарттарының талаптарына сәйкес пән бойынша түзілген
оқу бағдарламасы мен жұмыс жоспарына сәйкес дайындалады.
Лекция даярлау және лекцияны оқу процесінде болашақ маманды
даярлаудағы оқытудың мақсаттарын жүзеге асыруға ғана емес, сонымен қатар
ондағы дамытушылық және тәрбиелік мақсаттарға да кӛңіл бӛлу қажет.
Магистрант жастардың мамандықты меңгеруге деген ынта ықылысын іштей
қажетсінуін, ішкі ұмтылысын оятуы, ғылыми және кәсіби тұрғыдан ойлауды
дамытуы тиіс.
Лекция магистранттардың ӛзіндік жұмысқа дейін қосымша әдебиеттерді,
электрондық қорларды және т.с.с. материалдарды оқып меңгеруге деген ішкі
ықыласын, қызығушылығын оятуы тиіс. Лекция материалдарының сапасын
арттыру үшін оқылатын пәннің ғылыми-теориялық мәселелерін кафедра
мәжілісінде талқылау қажет. Пәнді оқытуда сабақтастықты қамтамасыз ету
үшін
басқа
кафедралардың
оқытушыларымен
әдістемелік
семинар
ұйымдастырылғаны жӛн.
Сонымен
қатар
олардың
факультеттің
профессорлары
мен
оқытушыларының қатысуымен магистранттарға сынақ, лекция жүргізіп,
сабақтың бағалану жүйесін кӛрсететін ӛлшемдердің (критерий) талқылануын
ұйымдастыру қажет.