14
Мәтінді бӛлшектеу мәтін құрайтын бӛлімдердің шығарманың бірлігін,
тұтастығын сақтай отырып, қалай бірігетінін, сол сияқты айтылатын
уақиғалардың, фактілердің, іс-қимылдардың үзіліссіздігін, континуумын қалай
қамтамасыз етілетінін кӛрсетеді.
Мәтінді зерделеумен айналысатын зерттеушілердің бәрі мәтіндегі
байланыс құралдарын бӛледі, алайда осы байланыс құралдарын әр түрлі
белгілер бойынша сипаттап, жіктейді. Әр түрлі формальды байланыс ретінде
когезия (лат. cohaesus, cohesion – байланысты, тіркесті) және мәтінді басқа
мәтіндерден тұтастық ретінде бӛліп тұратын тұтастықтың мағыналық ұйымы
ретінде когеренттілікті (лат. coraerens, coherence – байланыста тұрған) бӛледі.
Л. М. Лосева формальды байланыс құралдарына сипаттама береді. Ол
күрделі фразалық тұтастықта байланыстың жанаспалы, аралық және тізбелі
түрлерін және грамматикалық байланыс құралдарын:
а) құрмалас сӛйлемнің бӛліктерін біріктіру, сол сияқты дербес сӛйлемдер
үшін ортақ (жалғаулық, демеулік, қыстырма-модаль сӛздер, етістік-
бастауыштың шақ түрі, есімдікпен және оны синониммен алмастыру және т.б.);
ә) дербес сӛйлемдерді біріктіру үшін ғана қолданылатын фразааралық
байланыс құралдарының ӛзін (сӛйлем шегінде ӛзінің семантикасын ашпайтын
сӛздер мен сӛз тіркестері, лексикалық қайталау, екі құрамды жай сӛйлем
формасындағы кейбір айтылымдар, жекелеген сұраулы және лепті сӛйлемдер,
атаулы кӛріністер);
б) бір-бірінен алшақ мәтіндік байланыстың қашықтық құралдарын
(мысалы, кӛсемшелік орам) бӛледі
И. Р. Гальперин, Т. В. Матвеева, О. И. Москальская, Е. А. Реферовская
құрылымдық та, мағыналық та байланыс құралдарын сипаттайды.
И. Р. Гальперин мәтіндегі байланыс түрлері мен құралдарын сипаттай
келіп, когезия (яғни формальды байланыс құралдарына) терминіне
басымдылық береді.
Алайда И. Р. Гальперин когезия деп континуумды қамтамасыз ететін
«ерекше» байланыс түрлерін, яғни жекелеген хабарлардың, фактілердің, іс-
қимылдардың т.с.с. логикалық сабақтастығын (темпоралды және/немесе
мезгілдік), ӛзара тәуелділігін, яғни мағыналық байланыс құралдарын да
түсіндіреді. И. Р. Гальперин күрделі фразалық тұтастықтағы грамматикалық
байланыстың бес типін – тізбекті, параллельді, сәулелі, біріктіруші, жағдаяттық
түрі туралы айтып, мәтіндегі байланыстың грамматикалық, логикалық,
ассоциациялық, бейнелік, композициялық-құрылымдық, стилистикалық, ырғақ
түзуші құралдарын бӛледі.
Достарыңызбен бөлісу: