Бағдарламасының магистранттарына ӛзіндік жұмыстарды орындауға арналған Әдістемелік нҧСҚАУ



Pdf көрінісі
бет13/47
Дата09.10.2024
өлшемі1,02 Mb.
#147493
түріБағдарламасы
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   47
Байланысты:
мәтін лингв Әдістемелік нұсқау 2024

 
Пайдаланылатын әдебиеттер тізімі: 
 
7-ТАҚЫРЫП: Дәріс жоспары: 
Мәтін континуумы 
 
1.Кеңістік континуум және оны мәтінде ӛткеру құралдары
2.Кеңістік континуумының түрлері 
3.Кеңістік категориясының семантикалық ӛрісі

1.Смағұлова Г. Мәтін лингвистикасы. – Алматы, 2002 ж. 


2.Есембеков, Т.О. Кӛркем мәтін теориясы - Алматы: Қазақ университеті, 
2015.- 186 б. 
3.Есембеков, Т.О. Кӛркем мәтін поэтикасы: оқу құралы .- Алматы: Қазақ 
университеті, 2012.- 228 б.
4.Жармакин О.Қ., Мағзұмов Қ.Б. Мәтін лингвистикасы. Оқу құралы. – 
Павлодар: Кереку, 2011. 
5.Оразбаева, Э.Б. Кӛркем мәтінді лингвистикалық талдау [Электрондық 
ресурс]: пәнінің лекция жинағы / Э.Б. Оразбаева.- Шымкент, 2012.
6.Әбдікәрім, Т.М. Қазақ тіл білімінің ғылыми зерттеу негіздері - Алматы: 
Эверо, 2014.- 288 б. 
7.Әлкебаева, Д.А. Қазақ тілінің прагмастилистикасы [Мәтін] / Д.А. 
Әлкебаева.- Алматы: Зият-Пресс, 2007.- 244 б. 


18 
Мақсаты:
Мәтін континуумы туралы мәлімет 
 
Қысқаша мазмҧны:
Континуум – мәтін категориясы. Континуум сӛйлемде ӛткеріле алмайды, себебі 
сӛйлемде ой дамымайды. Осы мағынада сӛйлем статикалық құбылыс, оны 
шартты түрде фильмнің кадрымен теңестіруге болады. Тіпті «Ол белгіленген 
мақсат бағыты бойынша баяу жылжи бастайды»,-деген сӛйлемнің ӛзінде 
қозғалыс бӛлігін кӛруге болғанмен, онда континуум жоқ. 
Континуум мәтіннің грамматикалық категориясы – когезия (байласым) 
мен үзілістің синтезі сияқты. Уақыт және кеңістік континуумдарын оқиғалар 
континуумы ретінде де белгілеуге болады. 
Мәтінде уақыт қозғалысы бір желілі және бір бағытты болмайды. 
Мәтін лингвистикасында мәтіндік уақыттың үш темпоральдық негізі 
болады: объективті (күнтізбелік), концептуальдық (оқиға) және перцептуальды 
немесе перцептивті (эмоциялық-экспрессивті). Кӛркем мәтіндерде тағы 
кӛркемдік уақыт бӛлінеді. 
Объективті (күнтізбелік), табиғи, объективті жылжитын уақыт –мәтінге 
қатысты сыртқы, бір бағыттағы қайтарылмайтын уақыт. Ол – гносеологиялық-
когнитивтілікпен, сезінумен, адамзат түсінігіндегі объективті уақытты 
реттеумен байланысты физикалық категория. 
Мәтін ӛзінің жеке уақыты бар, кәдімгі материалдық объект (кітап, 
қолжазба) сияқты шынайы кеңістік пен уақытта ӛмір сүреді. Басқа материалдық 
объектілердің жеке уақытының бітетіні (кітап беттері сарғайып, жыртылады, 
суреттердің бояуы кетеді) сияқты оның да бітетін уақыты бар, алайда сӛйлеу 
туындысы ретінде мәтін үшін ол онша маңызды емес. 
Оқиғалы (концептуальды, лат. conceptio-қабылдау) уақыт (мәтіннің 
мазмұнын құрайтын оқиғалар жайлы айтылып отыр) – нақтылықты талдау 
негізінде шығарылған идеалды тіршілік деңгейінде шынайы уақыттың кӛрінісі, 
әлдебір құбылысқа кӛзқарас жүйесі, әлденені түсіну, суретшінің, ақынның, 
ғалымның жалпы ой толғауы. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   47




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет