17
Олардың әрқайсысына бірыңғай идеалдық мазмұн мен тіл жүйесі
деңгейлерімен қатаң байланыспаған белгілі бір лингвистикалық манифестация
тән.
Мәтін
категорияларын
функционалдық,
семантикалық
және
стилистикалық деп ажыратуға болады.
Мәтін лингвистикасында даулы мәселелер кӛп, сондықтан да мәтін
категориясы туралы мәселе де бірізді емес.
Ғалымдардың кӛпшілігі категорияларды мазмұндық және құрылымдық
деп бӛлуге даусыз келіскен (В. В. Одинцов, И. Р. Гальперин, З. Я. Тураева және
т.б.). Алайда оларды бӛлу принциптері, саны, бірқатар категориялардың атауы
бір мәнді емес.
В. В. Одинцов мәтін құрылымында екі категорияны-мазмұн мен форманы
бӛледі. Ол мазмұн категориясына мазмұнның ӛзі, тақырыпты, шығарма
идеясын, форма категориясына-композицияны, тілді, бейнелеу амалын
жатқызады, ал сюжет мазмұн категориясы мен форма категориясын біріктіреді
.
И. Р. Гальперин мен З.Я. Тураева да мәтін категориясын мазмұн мен
құрылымға бӛледі. Алайда И. Р. Гальперин жекелеген категориялар әрі мазмұн,
әрі құрылым категориясы (континуум, астарлы мәтінді ақпарат, т.б.)
болғандықтан, олардың арасына сонша қатал жіктеу қоймайды. Ол келесі мәтін
категорияларын белгілеп, сипаттаған: информативтілігі, мүшеленуі, когезия
(мәтін ішіндегі байланыс), мәтін үзінділерінің автосемантиясы, континуум
(кеңістік пен уақыт), ретроспекция мен проспекция, модальдылық, интеграция
және тұйықтауды
.
Достарыңызбен бөлісу: