Бағдарламасының магистранттарына ӛзіндік жұмыстарды орындауға арналған Әдістемелік нҧСҚАУ



Pdf көрінісі
бет12/47
Дата09.10.2024
өлшемі1,02 Mb.
#147493
түріБағдарламасы
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   47
Байланысты:
мәтін лингв Әдістемелік нұсқау 2024

 
Пайдаланылатын әдебиеттер тізімі: 
1. Балақаев М. Томанов М. Жанпейісов Е. Манасбаев Т. Қазақ тілінің 
стилистикасы. Алматы, 1974, 264 б. 
2. С.Хасанова, Ғ.Жексембаева Қазақ тілінің стилистикасы. Алматы, 1999 
3. Мұсабекова Ф. Қазақ тілінің практикалық стилистикасы. Алматы, 1982 
4. Е.Жұбанов Қазақтың ауызекі кӛркем тілі, Алматы, 1996 
6-ТАҚЫРЫП: 
Мәтін категориясы 
 
Дәріс жоспары: 
1.Мәтіндегі уақыт пен кеңістік категориялары 
2.Мәтін категориясының бӛлінісі

Мақсаты:
Мәтін категориясы туралы түсінік беру.
 
 
Қысқаша мазмҧны:
Мәтінді зерделегенде ең алдымен категориялары бӛлініп алынады. 
Категория
– заттар мен объективті әлем құбылыстарының барынша 
ортақ және елеулі қасиеттері, белгілері, байланыстары мен қатынастары 
кӛрсетілген ұғым, мәтіннің екі жақты сипаттағы кӛрінісі-құрылымдалуы 
мүмкін форма мен мазмұн бірлігі. 
Мәтін
категориясы
-барлық мәтінге тән белгі, онсыз еш мәтін болмайды, 
яғни мәтіннің типологиялық белгісі. 
Ӛз кезегінде мәтін белгілі бір дәрежеде шендестірілген категориялар 
жиынтығы ретінде қарастырылуы мүмкін. 
Мынаны ескеру маңызды: 
1) мәтін ешқашан бір мәтін категориясымен модельдендірілмейді, тек 
олардың жиынтығымен модельдендіріледі; 
2) кез-келген мәтін категориясы функционалдық-семантикалық негізде 
бӛлініп, мәтіннің ӛзінің «әмбебап мағынасын» танытады.


17 
Олардың әрқайсысына бірыңғай идеалдық мазмұн мен тіл жүйесі 
деңгейлерімен қатаң байланыспаған белгілі бір лингвистикалық манифестация 
тән.
Мәтін 
категорияларын 
функционалдық, 
семантикалық 
және 
стилистикалық деп ажыратуға болады. 
Мәтін лингвистикасында даулы мәселелер кӛп, сондықтан да мәтін 
категориясы туралы мәселе де бірізді емес. 
Ғалымдардың кӛпшілігі категорияларды мазмұндық және құрылымдық 
деп бӛлуге даусыз келіскен (В. В. Одинцов, И. Р. Гальперин, З. Я. Тураева және 
т.б.). Алайда оларды бӛлу принциптері, саны, бірқатар категориялардың атауы 
бір мәнді емес. 
В. В. Одинцов мәтін құрылымында екі категорияны-мазмұн мен форманы 
бӛледі. Ол мазмұн категориясына мазмұнның ӛзі, тақырыпты, шығарма 
идеясын, форма категориясына-композицияны, тілді, бейнелеу амалын 
жатқызады, ал сюжет мазмұн категориясы мен форма категориясын біріктіреді
.
И. Р. Гальперин мен З.Я. Тураева да мәтін категориясын мазмұн мен 
құрылымға бӛледі. Алайда И. Р. Гальперин жекелеген категориялар әрі мазмұн, 
әрі құрылым категориясы (континуум, астарлы мәтінді ақпарат, т.б.) 
болғандықтан, олардың арасына сонша қатал жіктеу қоймайды. Ол келесі мәтін 
категорияларын белгілеп, сипаттаған: информативтілігі, мүшеленуі, когезия 
(мәтін ішіндегі байланыс), мәтін үзінділерінің автосемантиясы, континуум 
(кеңістік пен уақыт), ретроспекция мен проспекция, модальдылық, интеграция 
және тұйықтауды



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   47




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет