Бағдарламасының титулдық парағы (syllabus) Нысан ф со пгу 18. 4/19 Қазақстан Республикасының білім және ғылым министр



Pdf көрінісі
бет2/6
Дата20.01.2017
өлшемі386,15 Kb.
#2288
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6

Қол   қаңқасы  –   иық   белдеуі   мен   қол   сүйектерінен   тұрады.   Иық

белдеуіне екі бұғана мен екі жауырын сүйектері жатады. Жауырынның

пішіні   үшбұрышты   үш   қырлы,   жұқа   әрі   жалпақ   сүйек.   Бұғананың   бір

шеті   төссүйекпен,   екінші   шеті   жауырынмен   байланысады.  Қол



сүйектеріне  жататындар:   тоқпан   жілік,   кәрі   жілік   пен   шынтақ   сүйегі

(білек), қолбасы сүйектері. Кәрі жілік шынтақ сүйегімен байланысады.

Тоқпан жіліктің ішкі қуысын жілік майы толтырып тұрады.


Қолбасы   сүйектеріне  –   білезік,   алақан,   саусақ   сүйектері

жатады. Білезікте (запястья) 2 қатар орналасқан 8 сүйек, алақанда 5

сүйек, саусақтарда 14 сүйек болады. Саусақ сүйектерінің басбармақтан

басқасының   әрқайсысында   3   қысқа   сүйек   (фаланги),   ал   басбармақта

екеу болады (42-сурет).

Аяқ қаңқасына – жамбас белдеуі мен аяқ сүйектері жатады.

Жамбас пен сегізкөз тұтасып жамбас қуысын құрайды.  Жамбастың  өзі

бір-бірімен тұтасып кеткен 3 сүйектен (мықын, шат, шоңданай) тұрады.

Әдебиеттер: [1-9]

Мультимедиялық құралдар тізімі:

1. Тірек-қимыл жүйесі.

2. Адам қаңқасы.

3. Сүйектердің құрылысы мен құрамы.



3 Тақырып Ас қорыту жүйесі.

1. Ауыз қуысы. Сілекей бездері. Тістердің құрылысы және мамандалуы. Тіл. 

2. Жұтқыншақ. Өңеш. 

3. Қарын құрылысы. 

4. Ащ ішеі. Тоқ ішек. 

5. Қарын асты безі. Бауыр.

Асқорыту   мүшелері   мен   асқорыту   бездері   қосылып  асқорыту

жүйесін  құрайды.   Асқорыту   жүйесінде   тағам   әр   түрлі   механикалық

және   химиялық   өзгерістерге   ұшырайды.   Тағам   құрамындағы

нәруыздар, майлар, көмірсулар суда ерімейді. Сондықтан олар қан мен

лимфаға   өте   алмайды.   Асқорыту   мүшелерінде   тағамның   шайналып

ұсақталуы  механикалық өңдеу  делінеді. Асқорыту бездерінен бөлінген

сөлдің әсерінен ыдырауы химиялық өзгерістерге жатады.



Асқорыту мүшелеріне  –  ауыз қуысы, жұтқыншақ, өңеш, асқазан

(қарын),   аш   ішек   және   тоқ   ішек  жатады.   Асқорыту   мүшелерінің   іші

қуыс, түтікке ұқсас.

Асқорыту   мүшелерінің   қабырғасы   негізінен   үш   қабаттан   тұрады:

сыртқы   қабаты  –   дәнекер   ұлпадан   тұратын   сірқабат.  Ортаңғысы  

бұлшықет қабаты, ішкі қабаты – эпителий ұлпасынан тұрады.



Ауыз қуысы.  Ауыз қуысын кіреберіс (ұрт) және нағыз ауыз қуысы

деп екі бөлімге бөледі. Ұрттың сыртын бұлшықеттер мен еріндер жауып

тұрады. Оның ішкі жағында үстіңгі, астыңғы жақ сүйектері, қызылиек

және   тістер   орналасқан.   Нағыз   ауыз   қуысы   алдыңғы   жағынан   жақ

сүйектерімен, тістермен, ал артқы жағынан аңқамен (зев) көмкерілген.

Ауыз   қуысының   үстіңгі   жағындағы   қатты   таңдай   мен   жұмсақ

таңдай, оны мұрын қуысынан бөліп тұрады. Жұмсақ таңдайдың артқы

бөлімі   жіңішкеріп   әрі   ұзарып   бөбешікпен   (тілшік)   аяқталады.   Ауыз

қуысына   сілекей   бездерінің   өзектері   ашылады.   Тағам   алдымен   ауыз

қуысында   шайналып  ұсақталады   әрі  сілекеймен  араласып  жұтылады.

Тамақты жұту күрделі физиологиялық процесс (75-сурет).

Ауыз   қуысында   тіл   орналасқан.   Ол   көлденең   жолақты   бұлшықет

ұлпасынан   тұрады.   Тілдегі   бұлшықет   талшықтарының   кейбір   тобы   –

ұзына   бойы,   екінші   тобы   –  көлденең,   үшіншісі   –   тік   бағытта  жатады.

Осыған байланысты тіл өте қозғалмалы мүше. Тілдің түбі, денесі және

ұшы   болады.   Тіл   кілегейлі   (шырышты)   қабықшамен   қапталған.   Тілдің

кілегейлі қабықшасының үстіңгі бетінде түрлі пішінді көптеген дәм сезу


емізікшелері бар. Тілдің ұшы – тәттіні, екі бүйірі – қышқыл мен тұзды, ал

түбі   –   ащыны   сезеді.   Сондықтан   тіл   дәм   сезу   мүшесіне   де   жатады.

Сонымен бірге тіл сөйлеуге және тамақты жұтуға да қатысады. Ауыз

қуысы тікелей аңқа (зев) арқылы жұтқыншақпен байланысады.



Жұтқыншақ  –   түтік   пішінді   қуыс,   бұлшықетті   мүше,   көлденең

жолақты   бұлшықет   ұлпасынан   тұрады.   Жұтқыншақ   мойын

омыртқалардың   алдыңғы   жағында   орналасқан.   Ересек   адамда   оның

ұзындығы,   шамамен   11–13   см.   Жұтқыншақтың   төменгі   бөлігі   әрі

өңешпен,   әрі   көмекеймен   байланысады.   Жұтылған   тамақ   жұтқыншақ

арқылы   өңешке   түседі   (75-сурет).   Тыныс   алғанда   ауа   жұтқыншақ

арқылы көмекейге  өтеді.  Жұтқыншақ арқылы тамақ та, ауа да  өтеді.

Сондықтан ол әрі асқорыту, әрі тыныс алу мүшелер жүйесіне жатады.

Жұтқыншақ   екі   бүйіріндегі   тесіктер   арқылы   ортаңғы   құлақ

қуысымен   байланысқан.   Жұтқыншақтың   ауыз   қуысына   жалғасқан

жерінде   бозғылт-қызыл   түсті   бадамшалар   (миндалина)   орналасқан.

Олар   ірі   лимфа   түйіндерінен   түзіліп,   қорғаныштық   қызмет   атқарады.

Бадамшалардың   іші   лейкоциттерге   толы   болады.   Олар   тағам   немесе

ауамен   түскен   микробтарды   жояды.   Егер   бадамша   қабынса,   қызметі

дереу бұзылады. Бадамшалар лимфа жүйесіне жатады.

Өңеш  –   ұзындығы   25   сантиметрдей   іші   қуыс   бұлшықетті   мүше.

Оның   жоғарғы   бөлімі   жұтқыншақпен,   төменгі   бөлімі   асқазанмен

жалғасады. Өңешті астарлап жатқан кілегейлі қабықшасы көп қабатты

эпителиймен қапталған. Эпителийлердің ұзын қатпарлары тамақ өткен

кезде  өңешті кеңейтеді. Өңештің ортаңғы бұлшықетті қабықшасының

көп   бөлігі   бірыңғай   салалы   бұлшықет   ұлпасынан   тұрады.   Осы

бұлшықеттердің   толқын   тәрізді   оқтын-оқтын   жиырылуы   нәтижесінде

тағам   асқазанға   түседі.   Өңеш   көкеттің   ортасындағы   тесіктен   өтіп,

құрсақ қуысындағы асқазанмен (қарынмен) жалғасады.

 

Асқазан (қарын) – құрсақ қуысының жоғары бөлімінің сол жағында

көкеттің астында орналасқан асқорыту жолының кеңейген мүшесі (76-

сурет).   Асқазан   іші   қуыс   қалың   бұлшықетті   мүше.   Асқазан   жоғарғы

жағынан   өңешпен   төменгі   жағынан   аш   ішектің   басталар   жері

ұлтабармен   жалғасады.   Асқазанның   ішкі   жағын   астарлап   жатқан

қатпарлы   кілегейлі   (шырышты)   қабықшасы   оның   көлемін   үлкейтеді.

Асқазанның қабырғасындағы бірыңғай салалы бұлшықет  талшықтары

үш түрлі бағытта орналасқан. Ішкі қабаты – қиғаш, ортаңғысы – сақина

тәрізді,   ал   сыртқысы   –   ұзыннан   орналасқан.   Асқазанның   қатпарлы

кілегейлі   (шырышты)   қабықшасында   өте   көп   ұсақ   бездер   бар.   Бұл

бездерден қарын сөлі бөлінеді. Асқазанның өңешпен және ұлтабармен

(он   екі   елі   ішек)   байланысқан   жерінде   сақина   тәрізді   бұлшықеттер

болады.


Аш   ішек  –   асқазан   мен   тоқ   ішекті   жалғастыратын   түтік   пішінді

бұлшықетті   мүше.   Оның   ұзындығы   ересек   адамдарда   5,5–6   метрдей.

Аш ішектің асқазаннан басталған 25–30 сантиметрдей бөлімі – ұлтабар

(он екі елі ішек) деп аталады. Ұлтабарға бауырдан келетін өт қабының

өзегі және ұйқы безінің де өзегі ашылады (77-сурет).

Аш ішек ирелеңдеп орналасқан. Оның ішкі қабырғасында көптеген

сақина   пішінді   қатпарлар   бар.   Сонымен   бірге   аш   ішектің   кілегейлі

қабықшасында   тұйық   өскін   түріндегі  бүрлер  өте   көп.   Мұндай   бүрлер

тек аш ішекке ғана тән. Бұл бүрлер ішектің ішкі сіңіру бетін ұлғайтады.

Аш   ішектің   бұлшықет   қабықшасындағы   ішкі   бұлшықет   талшықтары



сақина   тәрізді,   сыртқысы   ұзына   бойы   орналасқан.   Аш   ішек

қабырғасындағы   бұлшықет   талшықтары,   оқтын-оқтын   толқын   тәрізді

жиырылып-босаңсып тұрады. Осының нәтижесінде жеген тамақ ішектің

ішімен алға қарай жылжып отырады.



Тоқ   ішектің  ұзындығы   1,5–2   метрдей   (78-сурет),   аш   ішектен   екі

еседей жуан. Тоқ ішектің аш ішектен басталған жері – соқыр ішек деп

аталады.   Ол   оң   жақтағы   мықын   тұсында   орналасқан.   Соқыр   ішектің

төменгі шетінде ұзындығы 7–8 см-дей құрт пішінді тұйық өскін болады.

Оны аппендикс (латынша «appendіx» – қосалқы) деп атайды. Ол лимфа

жүйесіне жататын мүше. 

Оның   қабынуынан   болатын   ауру   –   соқырішек   (аппендицит)   деп

аталады. Тоқ ішектің соңғы бөлімі – тік ішек. Тоқ ішектің сыртында май

қабаты қалың болады, оның кілегейлі қабықшасында жарты ай пішінді

ірі   әрі   жалпақ   қатпарлар   көптеп   кездеседі.   Тоқ   ішекте   су   қайтадан

денеге   сіңіріледі   де,   нәжіс   қалыптасады.   Тоқ   ішекте   өте   көп

бактериялар (әсіресе ішек таяқшалары) болады, олар ағзаға пайдалы.

Бұл бактериялар өсімдік жасунықтарын (клетчатка) ыдыратады, кейбір

витаминдерді   синтездейді.   Зиянды   микробтардан   қорғап,   тамақтың

дұрыс   қорытылуын   қамтамасыз   етеді.   Дәріні   қалай   болса   солай

пайдалану  ішектегі пайдалы бактерияларға  зиянды  әсер етуі мүмкін.

Сондықтан да дәрі-дәрмектерді (антибиотиктерді) тек дәрігердің кеңесі

бойынша пайдалану керек.



Тістің құрылысы және гигиенасы  Тістің құрылысы.  Әрбір жеке

тістің сауыты, мойны және түбірі болады. Тіс сауытының сырты жылтыр

кіреукемен (эмаль) қапталған (79-сурет). Кіреуке адам денесіндегі ең

қатты   ұлпа.   Оның   бір   шаршы   миллиметр   ауданы   400   килограмдай

салмаққа   төтеп   береді.   Кіреукенің   бұл   қасиеті,   оның   құрамындағы

бейорганикалық   заттарға   тікелей   байланысты.   Тіс   кіреукесінің   95%

кальций   фосфатының   қосылысынан   тұрады.   Бұдан   басқа   оның

құрамында   фтор,   мыс,   мырыш,   темір,   кремний   және   т.б.   заттар

кездеседі.   Тіс   кіреукесінің   қалыңдығы   да   түрліше   болады.   Тіс

сауытының   үстіңгі   бұдырларында   кіреуке   едәуір   қалың.   Балалар

тістерінің кіреукесінің құрамында минералдық заттар аз болғандықтан

ол жұқа болады. Тістің қызылиектен шығып тұрған бөлігі –  тіс сауыты

деп   аталады.   Тістің   келесі   бөлімі   –  мойны.   Тіс   мойны   арқылы   тіс

ұяшықтарына цемент заты арқылы бекиді.  

Тістің үшінші бөлімі – түбірі. Тістің түбірі жақ сүйектеріндегі арнайы

ұяшықтарда орналасқан. Күрек және сойдақ тістердің түбірі бір-бірден

болса, азу тістердің түбірі екеу (кіші азу тістерде) немесе үшеу (үлкен

азу   тістерде).   Тіс   түбірінің   ұшында   кішкене   тесік   болады.   Осы   тесік

арқылы   тістің   ішіне   қантамырлары   мен   жүйкелер   енеді.   Тістің   ішкі

қуысы   борпылдақ   дәнекер   ұлпасымен   толтырылған.   Тістің   түбірлері

дәнекер ұлпалы талшықтар арқылы тіс ұяшықтарына өте берік бекіген

(79-сурет).

Тіске   келетін   қантамырлар   оны   қоректік   заттармен   қамтамасыз

етеді.   Тіс   ауырғанда   немесе   тісті   жұлғанда   ауыратыны   жүйкелердің

сезімталдығына байланысты.

Тістің   көп   бөлігін  дентин  (латынша   «dens»   –   тіс)   заты   құрайды.

Дентин   өте   тығыз   сүйек   ұлпасынан   түзілген.   Оның   құрамының   70%

фосфаттардан,   фтордан   және   кальций   карбонаттарының

қосылыстарынан   тұрады.   Микробтардың   әсерінен   тістің   дентин


затының бұзылуынан болатын ауру тісжегі  (кариес ) деп аталады (80,

a-сурет).

Бүтін,   әрі   сау   тістер   адам   денсаулығының   басты   кепілі.   Ауырған

тістерде ауру қоздырушы микробтар көптеп кездеседі. Тістің бүлінуі тіс

кіреукесінің шытынауынан басталады. Тіс кіреукесінің шытынауы қатты

заттарды   (мысалы,   жаңғақ)   шағудан   және   т.б.   жағдайлардан   да

болады.   Кейде   тым   ыстық   немесе   өте   салқын   сусындарды   бірінің

артынан бірін ішу кіреукенің шытынауына әсер етеді. Тіс кіреукесіндегі

шытынаған   жерлерге   микробтар   шоғырланып,   тістің   бүлінуі   жалғаса

береді.   Ауру   тістер   адам   ағзасындағы   басқа   мүшелерге   (жүрекке,

бүйрекке,  буындарға  және   т.б.)  де  зардабын  тигізеді.   «Ауру ауыздан

кіреді» деген сөзде терең мағына бар. «Тіс бүлінді дегенше, іш бүлінді.

Іш   бүлінді   дегенше,   іс   бүлінді»   деген   сөздер   тістің   ауруының   ішкі

мүшелерге әсерін дәл көрсетіп тұр.

Ауыз   қуысына   түскен   тағам   алдымен   тістердің   көмегі   арқылы

шайналып   ұсақталады   да,   сілекеймен   араласады.   Ауызда   толық

шайналған, әрі сілекеймен шыланған тағам ағзада жеңіл қорытылып,

тез сіңеді. Көрнекті ақын Мұзафар Әлімбаевтың «апыл-ғұпыл ішкен ас,

асқазанға   түскен   тас»   деген   нақылынан   өздерің   қорытынды

шығарыңдар.

Адамның   да   тістері   басқа   сүтқоректі   жануарларға   ұқсас   жеке

топтарға бөлінген. Тістер күрексойдақкіші және үлкен азу тістер деп

бөлінеді (81-сурет).

Ересек   адамдарда   28–32   тұрақты   тіс   болады.   Олар   үстіңгі   және

астыңғы   жақ   сүйектеріндегі   арнайы   тіс   ұяшықтарында   орналасқан.

Әрбір   жақ  сүйектерінде   16  тіс   бар.  Тістердің  пішіні   де  әр  түрлі.  Жақ

сүйектерінің   алдыңғы   жағында   орналасқан   жалпақ   тістерді  күрек



тістер  деп   атайды.   Кейде   оларды   халық   арасында   маңдай   тістер

немесе қасқа тістер деп те атай береді. Жалпы күрек тістердің саны 8.

Күрек   тістердің   екі   шетіндегі   пішіні   үшкірлеу   келген  сойдақ   тістер.

Олардың   саны   4.   Адам   күрек   және   сойдақ   тістері   арқылы   тағамды

жұлып   алып   жейді.   Бұл   тістерден   кейін   кіші   азу   тістер   орналасқан.

Олардың саны 8. Кіші азу тістерден кейін үлкен азу тістер бар. Олардың

саны 12. Азу тістердің үстіңгі беті кедір-бұдырлы болады. Азу тістердің

көмегімен тағамды ұсақтап шайнайды.

Сәби дүниеге тіссіз келеді. Сәбидің 6–9 айлығында алғаш рет күрек

тістер шыға бастайды. Сәбиде 2 жасқа дейін барлығы 20 тіс шығады.

Бұл тістер сүт тістер деп аталады. 6–7 жастан бастап сүт тістер түсіп,

орнына   тұрақты   тістер   шығады.   «Баланың   жетіде   тісі   түседі»   деген

нақыл соны аңғартады. Өйткені балалардың жақ сүйектерінің мөлшері

мен   пішіні   ересек   адамдардан   өзгеше   болады.   Тұрақты   тістердің

бастапқы   нышаны   сүт   тістердің   түбірінің   астында   орналасқан.   Олар

бірте-бірте сүт тістерін ығыстыра бастайды да, сүт тістеріне қоректің

келуіне кедергі жасайды. Қорек келмеген сүт тістер бірте-бірте түседі,

оның орнына астыңғы жағынан тұрақты тістер шығады. 12–14 жаста

толық тұрақты тістер шығып бітеді.  Ең соңғы үлкен азу тістер 18–20

(одан да кешірек) жаста шығады. Оларды кеш шығатындықтан «ақыл

тістер»   деп   атайды.   Шын   мәнінде   олардың   ақылға   ешбір   қатысы

болмайды.



Тіс   гигиенасы.

 Тісті   сау   қалпында   сақтау   үшін   әрбір

тамақтанғаннан кейін ауызды шайып, тісті тазалау қажет. Күн сайын

тісті таңертең және кешке мұқият тазалап жуу керек. Тісті тазалауда


белгілі   ережені   есте   ұстау   шарт.   Алдымен   бөлме

температурасындағыдай   сумен   ауызды   бірнеше   рет   шаю;   содан   соң

арнайы   тіс   щеткасымен   тазалау;   алдыңғы   жағын   үйкелей   бермей

алдыңғы,   артқы   бүйір   тұстарын   да   мұқият   тазалау.   Тіс   щеткасын

тістердің   арасымен   жоғарыдан   төменге,   төменнен   жоғарыға   қарай

ысқылау;   тістердің   ауыз   қуысына   қараған   ішкі   беттерін   де   тазалау

қажет (80, ә-сурет). 

 Әрбір адамның жеке басының арнайы тіс щеткасы болуы тиіс. Тіс

щетканы   пайдаланғаннан   кейін   жақсылап   тазартып   жуып,   сабындап

қою керек. Келесі пайдаланарда сабынын жуып тазартып алу қажет.

 

Қазақ халқының көрнекті ғалымы, әрі алғашқы кәсіби дәрігері Халел



Досмұхамедұлы  да тістің тазалығына зор мән берген. «Аузыңды  таза

ұстасаң,   тіс   ауруының   көбінен   құтыласың.   Тамақ   жеген   сайын   тісіңді

мәсуекпен   (тіс   тазалағышпен)   жақсылап   тазала.   Ішкен-жеген   сайын

және ертеңінде, кешінде аузыңды тазалап шайып отыр». Ғалымның бұл

даналық сөздері әрбір адамның есінде жүрер ережеге айналуы шарт.

Тісті тазалаудың басты құралы – тіс щеткасы (80,  ә-сурет). Ондағы

қылшықтардың орташа ұзындығы 25–30 мм, ені 8–12 мм болуы шарт.

Жаңа   тіс   щеткасын   пайдаланудан   бұрын   сабынмен,   әрі   ыстық   сумен

жуу   керек.   Тіс   щеткасын   әрбір   2–3   айда   жаңартып   отыру   қажет.   Тіс

пасталарын   да   дұрыс   таңдай   білу   керек.   Мектеп   оқушыларына   «Ну,

погоди»,   «Буратино»,   «Карлсон»,   «Детская»,   «Мятная»,

«Апельсиновая»,   «Олимп»   және   т.б.   пасталар   ұсынылады.   Тістің

кіреукесінің   беріктігін   сақтау   үшін   құрамында   фторы   бар   пасталар

қолданылады.   Ондай   пасталарға   «Чебурашка»,   «Фтородент»,

«Флюродент», «Сигнал», «Пепсодент», «Колгейт» жатады.

Тістің   бүтіндігін   сақтау   үлгісін   жапон   халқының   қазіргі   кездегі

игілікті   істерінен   айқын   көруге   болады.   Соңғы   жылдары   Жапонияда

«тістің  саулығы   –  ұлттың  саулығы»  деген   ұзақ   мерзімді   «8020»   атты

шара қолға алынды. Бұл шара әрбір жапондыққа жақсы таныс. Оның

мәні   80   жасқа   дейін   әр   адамда   20   бүтін   тіс   болуы   шарт:   ол   үшін

алдымен   тіс   щеткасын   таңдай   білуге   ерекше   мән   береді.   Тісті   және

ауыз   қуысын   мұқият   тазалау   –   ұзақ   өмір   сүрудің   басты   кепілі.   Олай

болса бұл салада да өзге халықтардың да өнегелі істерінен үлгі алудың

ешбір сөгеттігі бола қоймас.



Асқорыту   бездері.   Асқорыту   ферменттері.  Сілекей   бездері

Асқорыту бездері. Асқорыту бездеріне үш жұп сілекей бездері, бауыр

және ұйқы безі жатады.

Асқорыту бездерінен бөлінетін сұйықтықты сөл (секрет) деп атайды.

Асқорыту бездері сыртқы секреция бездеріне жатады. Олар өздерінен

бөлетін   сөлді   арнайы   өзектері   арқылы   асқорыту   мүшелеріне   бөледі.

Әрбір   асқорыту   безінің   бөлетін   сөлінің   өз   атаулары   бар.   Мысалы,

бауырдан бөлінетін сөл – өт, сілекей бездерінен бөлінетін сөл – сілекей

және т. б. (қосымша 211-бет).

Асқорыту   бездерінің   қызметін  фистула   әдісі  арқылы   зерттеуде

көрнекті   орыс   ғалымы   И.П.   Павловтың   еңбегі   зор.   Ғалымның   бұл

саладағы   еңбегіне   физиология   ғылымындағы   іргелі   жаңалық   ретінде

Нобель   сыйлығы   берілген.   Қазіргі   кезде   асқорыту   мүшелерінің   ішкі

кілегейлі   қабығындағы   өзгерістерді   зерттеуде  эндоскопия  әдісі

қолданылады.   Онда   жарықты   арнайы   оптикалық   құралдар   арқылы



асқорыту   мүшелерінің   ішкі   құрылысын   көруге   және   суретке   түсіріп

алуға болады.

Асқорыту   бездерінен   бөлінетін   сөлдің   құрамында   күрделі

органикалық заттарды қарапайым заттарға дейін ыдырататын ерекше

заттар болады. Оларды ферменттер деп атайды. 

Асқорыту   ферменттері.   Ферменттер   химиялық   құрамы   жөнінен

нәруызтектес   органикалық   заттарға   жатады.   Ферменттер   тірі

жасушалардың   барлығында   кездеседі.   Олар   жасушада   жүретін

реакциялардың белсенділігін арттырады. Сондықтан да ферменттерді

кейде   биологиялық  өршіткі   –   катализаторлар  деп   те   атайды.

Ферменттердің белсенді әсер етуіне қолайлы температура +37, 38°С.

Ферменттердің   өздеріне   тән   қасиеттері   бар.   Біріншіден,   әрбір

фермент белгілі бір органикалық затты ғана ыдырата алады. Екіншіден,

әрбір   фермент   белгілі   бір   химиялық   ортада   белсенді   әсер   етеді.

Мысалы, қарын сөлінің құрамындағы ферменті қышқылды, ұйқы безінің

сөліндегі ферменті – сілтілі ортада әсер етеді.

Көптеген ұсақ және ірі үш жұп  сілекей бездерінің  өзектері ауыз

қуысына ашылады. Сілекей бездерінің ең ірісі –  жұп шықшыт безі. Ол

құлақ   қалқанының   астында   орналасқан.   Оның   өзегі   ұртқа   ашылады,

салмағы 20–30 г. Астыңғы жақасты сілекей бездерінің салмағы 14–15 г.

Оның   өзегі   тілдің   астына   ашылады.   Сілекей   бездерінің   ең   кішісі   –



тіласты   бездері.   Оның   салмағы   5   г,   өзегі   тілдің   астына   ашылады.

Тағамның құрамына байланысты сілекей бездерінен тәулігіне шамамен

1,5–2 литрге дейін сілекей бөлінеді (82-сурет).

Сілекей  – тұтқыр, түссіз сұйықтық. Оның құрамында 99–99,5% су,

0,5–1%   органикалық   және   бейорганикалық   заттар   болады.

Бейорганикалық заттардың мөлшері органикалық заттарға қарағанда

2–3   есе   аз.   Сілекейдің   реакциясы   әлсіз   сілтілі.   Сілекейдің   құрамында

көмірсуларды   ыдырататын   фермент   –   амилаза   болады.   Сілекейдің

құрамында бактерияларды жоятын лизоцим болады.

Сілекейдің бөлінуі рефлекторлық жолмен реттеледі. Сілекей бөліну

орталығы   сопақша   мида   орналасқан.   Тамақ   ауызға   түскенде   ондағы

жүйке   талшықтарының   ұштары   (рецепторлар)   тітіркенеді   де,   сілекей

бөлінеді.   Бұл   сілекей   бөлінудің  шартсыз   рефлексіне  жатады.   Ал

сілекейдің тамақтың иісіне, көрінісіне, тамақ туралы айтылған сөздерге

байланысты бөлінуі – шартты рефлекске жатады.

Шықшыт   сілекей   бездері   қабынған   кезде   ісініп,   жақпен   тұтасып

айқын байқалады. Ондай ауру паротит (свинка) деп аталады.



Қарын және ішек сөлі. Бауыр мен ұйқы безінің құрылысы және

қызметі  Қарын   сөлі  –   қарынның   ішкі   кілегейлі   қабығындағы   ұсақ

бездерден бөлінеді. Ересек адамда тәулігіне шамамен 2 литрдей қарын

сөлі   бөлінеді.   Бөлінетін   қарын   сөлінің   мөлшері   тағамның   құрамына,

қою-сұйықтығына   байланысты.   Асқазанның   кілегейлі   қабығындағы

безді жасушалар құрылысына және атқаратын қызметіне байланысты 3

топқа бөлінеді. Бездердің бір тобынан – ферменттер, екіншісінен – тұз

қышқылы, үшіншісінен – кілегейлі зат – муцин бөлінеді.

Қарын сөлі түссіз, әрі қышқылды ортада белсенді әсер етеді. Қарын

сөлінің құрамы: 97–98% су, 1% органикалық заттар (ферменттер), 0,5%

минералдық тұздар, 0,7% тұз қышқылы.

Асқазанның   бұлшықеттерінің   үнемі   жиырылып   босаңсуының

арқасында   тағам   қарын   сөлімен   әбден   араласады.   Қарын   сөлімен

араласқан тағамды жентек (химус) деп атайды.


Тамақ ауыз қуысына түскен кезде-ақ қарын сөлі шартсыз рефлекс

арқылы көп бөліне бастайды. Мұны И.П. Павлов тәбет сөлі деп атаған.

Қарын сөлінің бөлінуі рефлекстік және гуморальдық жолмен реттеледі.

Қарын   сөлінің   құрамын,   реттелуін   И.П.   Павлов   өңешті   кесіп   және

қарынға   фистула   қою   және   «бөлініп   алынған   қарынша»   әдістері

арқылы   зерттеді.   Қарын   сөлінің   құрамындағы   фермент   –   пепсиннің

әсерінен   нәруыздар   ыдырайды.   Қарын   сөлінің   құрамындағы   тұз

қышқылы ферменттердің белсенділігін арттырады және микробтарды,

бактерияларды залалсыздандырады. 

Асқазанда тамақтың қорытылуына ішімдік пен темекі тарту зиянды

әсер   етеді.   Ішімдік   асқазанның   кілегейлі   қабығындағы   бездердің

қалыпты   қызметін   бұзады.   Ішімдікті   үзбей   пайдаланатын   адамдарда

асқазанның   созылмалы   қабынуы   (хронический   гастрит)   байқалады.

Темекі   құрамындағы   никотин   уы   сілекей   арқылы   асқазанға   түсіп

кілегейлі   қабығының   қабынуын   туғызады.   Кейде   никотин   әсерінен

асқазандағы   ұсақ   қантамырлар   зақымданып,   ойық   жаралар   (язва

желудка)   пайда   болады.   Темекіні   көп   тартатын   адамдардың   90%-ға

жуығы асқазанның ойық жара ауруына шалдығады.



Ішек сөлі  – аш ішектің ішкі кілегейлі қабығындағы көптеген ұсақ

бездерден бөлінеді. Аш ішекте астың ары қарай қорытылуы өттің және

ішек   сөлінің   әсерінен   жүреді.   Ішек   сөлінің   түсі   күңгірттеу   сұйықтық.

Ересек адамда тәулігіне шамамен 2 литрдей ішек сөлі бөлінеді, оның

реакциясы да сілтілі. Ішек сөлінің әсерінен асқазаннан тамақпен бірге

келген қышқылды орта жойылады. Ішекке асқазаннан түскен тағамның

әсерінен ішек сөлі үздіксіз бөлініп тұрады. Ішек сөлінің құрамында су,

органикалық,  бейорганикалық  заттар және   20-дан   астам ферменттер

болады.   Олар   түрлі   тағамдарды   ыдыратып,   денеге   сіңуіне   жағдай

жасайды.   Ішек   сөлінің   бөлінуі   рефлекстік   және   гуморальдық

жолдармен реттеледі.

Бауыр  –   адам   ағзасындағы   ең   үлкен   асқорыту   безі.   Бауыр

жасушалары шоғырланып, өте ұсақ бөлшектер құрайды (83-сурет). Ол

құрсақ   қуысының   жоғары   бөлімінің   оң   жағында   көкеттің   астында

орналасқан.   Бауырдың   салмағы   ересек   адамда   1,5–1,7   килограмдай,

қоңырқай   түсті   безді   мүше.   Бауырдың   оң   жақ   бөлігі   үлкен,   сол   жақ

бөлігі   кішкене.   Оның   астыңғы   бетінде   алмұрт   пішінді   өт   қабы

орналасқан. Ересек адамның өт қабында 30–50 мл өт болады.

Бауырдың негізі эпителий ұлпасынан тұрады. Бауыр жасушаларына

өте көп мөлшерде қан келеді. Бауырға артерия қанымен бірге, аш ішек,

тоқ   ішек,   асқазан,   ұйқы   безі,   көкбауырдан   жиналған   вена   қаны   да

келеді.   Вена   қаны   бауырдың   вена   қақпасын   құрайды.   Вена   қанының

құрамындағы денеге сіңген тағамдық өнімдер бауырда қайта өңделеді.

Өңделген   заттардың   біраз   бөлігі   қайтадан   қанға   өтіп,   ұлпаларға,

мүшелерге   энергия   және   құрылыс   материалы   түрінде   таралады.

Қалған бөлігі бауыр жасушаларында  гликоген  күйінде қор заты болып

жиналады.

Бауыр   жасушалары   ішімдікке,   есірткіге   және   темекі   уына   өте

сезімтал.   Ішімдікті   үнемі,   әрі   ұзақ   уақыт   пайдаланатын   адамдардың

бауыр   жасушалары   тығыздалып,   дәнекер   ұлпаға   айналады.   Ол

бауырдың   өте   қауіпті   ауруы   –  бауырдың   беріштенуіне   (цирроз)

соқтыруы   мүмкін.   Бауырда   вирустардың   әсерінен   болатын  жұқпалы

бауырдың  қабынуы (гепатит)  ауруы да кездеседі. Бұл ауруды ауызекі

тілде  сары   ауру   (болезнь   Боткина)  деп   атайды.   Бауырда   паразитті



таспақұрт   –   эхинококктың   әсерінен   де   ауру   болуы   мүмкін.   Оның

жұмыртқалары   лас   судан,   таза   жуылмаған   көкөністерден,   не

жануарлардан  жұғады  да,  қанмен  бауырға келеді.  Одан  эхинококкоз

ауруы пайда болады.

Бауырдың басты қызметі – өт бөлу. Ересек адамдарда тәулігіне 0,5–

1 л өт бөлінеді. Бауырдан бөлінген өт алдымен өт қалтасына (қабына),

одан   өт   қабының   өзегі   арқылы

 ұлтабарға 

түседі.   Бауыр

жасушаларынан   өт   үнемі   бөлініп   тұрады.   Өт   ұлтабарға   адам

тамақтанған   кезде   ғана   өтеді.   Өттің   бөлінуі   гуморальдық   және

рефлекторлық жолмен реттеледі.

Өттің   құрамының   95–98%   су,   қалғаны   өт   пигменттері,   өт

қышқылдары,   холестерин,   минералдық   тұздар.   Өт   түсінің   сары-

қоңырқай,   кейде   жасыл   болуы   құрамындағы   пигментті   заттарға

(билирубин, биливердин) байланысты. Өт пигменттері тіршілігін жойған

эритроциттердің гемоглобинінен түзіледі. Өттің, зәрдің және нәжістің

түстерінің   сарғыш   түсті   болуы   да   өт   пигменттеріне   байланысты.   Өт

әлсіз сілтілі ортада белсенді қызмет атқарады.

Өттің   негізгі   қызметінің   бірі  –   майлы   тағамдарды   қорытуға   әсер

етеді. Майлы етті тағамды пайдаланған кезде өт көп бөлініп, қанның

құрамында   холестериннің   мөлшері   артады.   Ол   ұзақ   уақыт   ұсақ

түйіршіктер (кристалдар) түрінде жиналып, өт қалтасында, өт өзегінде

«тастың»   пайда   болуына   әсер   етеді.   Өт   майлар   мен   майда   еритін

витаминдердің денеге сіңуіне септігін тигізеді. Ішек сөлінің және ұйқы

безі сөлінің ферменттерінің белсенділігін арттырады. Өт ішекте сілтілі

ортаның қалыптасуына жағдай жасайды. Өт ішектің қабырғасындағы

бірыңғай салалы бұлшықеттердің жиырылуын тездетеді. Қанмен бірге

келген микробтарды зиянсыздандырады.  Бауырдың ағзада атқаратын



қызметі  сан   алуан.   Ол   зат   алмасудың   қалыпты   жүруін   қамтамасыз

етеді.   Бауыр   қандағы   қанттың   қалыпты   деңгейін   сақтайды.   Бауырда

қанттың артық мөлшері қор ретінде (гликоген) жиналады.  А  витамині,

фибриноген,   протромбин   нәруыздары   түзіледі.   Тіршілігін   жойған

эритроциттер бауырда өттің түзілуіне қатысады. Ішектен бірге түскен

зиянды және улы заттар бауырда зиянсызданады.

Бауыр   ауруын   емдеуде   қазақстандық   ғалымдар   академик,   халық

қаћарманы   Мұхтар   Әлиев   пен   профессор   Жақсылық   Досқалиевтың

еңбегі зор. Олар ұрықтың (түсіктің) бауыр жасушаларын алып, бауыры

ауыратын   науқастардың   бауырына   салды.   Бұл   медицинада

дүниежүзілік мәні зор жаңалық болды.

 Ұйқы безі – бауырдан кейінгі кіші асқорыту безі. Ол әрі сыртқы, әрі

ішкі   секреция   бездерінің   қызметін   атқарады.   Ұйқы   безі   қарынның

астыңғы   жағында   орналасқан   пішіні   таспа   тәрізді.   Салмағы   60–80   г.

Ұйқы   безінің   де   өзегі   ұлтабарға   ашылады.   Одан   бөлінетін   сөл

нәруыздарды, майларды және көмірсуларды ыдыратады.

Оның   сыртқы   бөлігі   ғана   сөл   бөледі.   Ұйқы   безінен  панкреатин

(латынша «рankreas» – ұйқы безі) сөлі ересек адамдарда тәулігіне 1,5–2

л бөлінеді.

Ұйқы безінің ішкі бөлігінен инсулин, глюкагон гормондары бөлінеді

де, көмірсулардың және майлардың алмасуын реттейді.

Қорыта   айтқанда,   ас   асқорыту   мүшелерінде   ұсақталып,   асқорыту

бездерінен   бөлінетін   сөлдердің   әсерінен   қорытылады.   Қорытылған

заттар   қан   мен   лимфа   арқылы   денеміздегі   барлық   жасушаларға,



ұлпаларға   таралады.   Қорытылмай   қалған   қалдық   заттар   сыртқа

шығарылады.

 Асқорыту   мүшелерінде   астың   қорытылуы   мен   сіңуі  Ауыз



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет