Бағдарламасының титулдық парағы (syllabus) Нысан ф со пгу 18. 4/19 Қазақстан Республикасының білім және ғылым министр


Әдебиет: [1-9] Мультимедиялық құралдар тізімі



Pdf көрінісі
бет6/6
Дата20.01.2017
өлшемі386,15 Kb.
#2288
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6

Әдебиет: [1-9]

Мультимедиялық құралдар тізімі:

Тақырып 9. Талдағыштар

1. Көру талдағышы. 

2. Есту талдағышы.  

3. Иіс сезу талдағышы.  

4. Талдағыштардың ерекшеліктері.


Ішкі   және   сыртқы   ортаның   алуан   түрлі   тітіркендіргіштер   әсерін   қабылдауды

қамтамасыз   ететін   жоғары   маманданған   құрылымдарды   сезім   мушелері   дейді.   Сезім

мүшелері   сезімдік   (сенсорлық)   жүйенің   тек   қана   шеткі   қабылдаушы   аппараты.

Организмде ол тек сыртқы орта әсерін ғана қабылдап қоймай, сонымен катар ОЖЖ-не

ішкі   ағзалардың,   бұлшық   ет   пен   буынның   физиологиялық   күйі,   дененің   кеңістіктегі

жағдайы жайлы да ақпарат жібереді. Осымен байланысты И.П.Павлов сезім мүшесі деген

сөзді   талдағыш   (анализатор)   деген   атаумен   алмастыруды   ұсынған.   И.П.   Павловтың

пікіріне сәйкес сезім мүшесі тек қабылдаушы аппарат. Ал сезімдік талдау мидың арнаулы

құрылымдарының қатысуымен атқарылады. Сонымен, талдагыш деп сыртқы және ішкі

орта тітіркендіргіштерін қабыддап, талдау жүргізетін жүйкелік құрылымдардың күрделі

жүйесін   айтады.   Олар   қабылдаушы   қурылымнан   —   рецептордан,   өткізгіш   бөліктен

(жуйкелік   жолдан)   және   мидың   улкен   жарты   шарларының   қыр-тысында   орналасқан

орталық   бөлімнен   турады.   Талдағыштар   сезім   мүше-лерінің   орналасқан   орнына   қарай

сырқы   және   ішкі   болып   бөлінеді.   Сыртқы   талдағыштардың   қабылдаушы   аппараттары

дистанциялық   (алшақтық)   экстерорецепторлардан   қүралады.   Контактылық   рецепторлар

тітіркендіргішпен тікелей түйіскенде ғана қозады. Оларға тері рецепторлары (ауырсыну,

температуралық, жанасу) және дәм сезу рецепторлары жатады

Ішкі   талдағыштардың   қабылдаушы   аппаратгарын   интеро   (ішкі)-және

проприорецепторлар   (бұлшық   ет,   буын   байламы,   сіңір   рецепторлары)   қүрайды.   Ішкі

талдағыштар   организмнің   ішкі   ортасы   мен   ішкі   ағзаларынан   түскен   сигналдарды

қабылдал, талдауға арналған. Олар тек түйісу рецепциясына негізделген.

Эволюциалық даму барысында әрбір талдағыш тітіркендіргіштің белгілі бір түрін

қабылдауға   бейімделген,   сондықтан   әр   талдағыштың   өзіне   тән   ерекшеліктері   болады.

Дегенмен, барлық талдағыштарға тән ортақ қасиеттер де бар. Олардың қатарына мыналар

жатады.

Жогары сезімталдық қасиет. Талдағыш рецепторларының қозу та-балдырығы төмен



болады да, олар үйреншікті тітіркендіргіш әсеріне ете сезімтал келеді.

Арнаулылық,   талғамдылық   қасиет.   Әрбір   талдағыш   рецепторы   тек   белгілі   бір

тітіркендіргіш түрін қабылдауға бейіңділік танытады, белгілі энергия түріне ғана жауап

береді.   Көру   талдағышының   рецепторы   үшін   үйреншікті   тітіркендіргіш   —   сәуле,   есту

талдағышы үшін — дыбыс толқыны т.с.с. болып табылады. Бірақ талдағыштарда қозу өте

күшті тосын (инадекватты) тітіркендіргіштер әсерінен де туындайды. Мұндай жағдайда

туындайтын түйсік солғын, көмескі болады.

Әсерлілік (реактивтік) қасиеті. Талдағыштар қозу үрдісі туындап үлгермей түрып-

ақ тітіркендіргіш әсерінен өзінің функционал-дық күйін өзгерте бастайды.

Созыяыңқы, жалгасқан әсерге жауап беретін қабілет. Талдағыштар рецепторы тітір-

кендіргіш өсері қанша уақыт созылса, сонша уақыт оны қабылдап, ол тиылғанға дейін ор-

талыққа   сигнал   бағыттап   оты-рады.   Осының   нәтижесінде   талдағьшггар   арқьшы   өсер

мерзімінің ұзақты, оның сипаты жайлы нақтылы ақпарат алынады.

Сенсибилизация   қасиеті.   Тітіркендіргіш   әсері   қайталанған   сайын   анализатордың

сезімталдығы арта түседі, олардың қайталанған әсерді қабылдау қабілеті күшейеді.

Бейімделгіштік (адаптация) қасиет. Тітіркеңціргіш күші мен сипа-тына таддағыш

рецепторы қажымай-ақ озінің функционалдық күйін өзгертіл, сезімталдығын төмендетіп

жауап береді. Олардың қозғыштық, сезімталдық қасиеті қалпына тез оралады.

Контрастық қубылыс. Түйсік күші нақтылы жағдаймен байланысты өзгереді. Мы-

салы, толық тыныштық жағдайында өлсіз дыбыстың өзі күшті естіледі.

Туйсік ізін сақтау қасиеті. Белгілі бір түйсік тітіркендіргіш әсері (заттың бейнесі,

әуен т.б.) тиылғаннан кейін де біраз уақыт жалғасады. Мысалы, жарқ еткен сәуле оның

әсері тоқтағаннан кейін де біраз уақыт сезіліп тұрады.

Адам   сыртқы   ортада   болып   жатқан   түрлі   ақпа-раттпрдың   80-90%-дан   астамын

көзбен   көріп   біледі.   Көру   мүшесі  көз   алмасы  мен   қосымша   мүшелерден   тұрады.   Көз

алмасы 3 түрлі қабықтан тұратын шар тәрізді мүше.



Сыртқы қабығы - қалың, тығыз,  дәнекер ұлпасынан тұратын ақ қабық. Бұл қабық

көз алмасының  алдыңғы және артқы  бөліктерін қаптап тұрады. Ақ қабықтың алдыңғы

жағы мөлдір әрі дөңес қасаң қабыққа айналады. Ақ қабық көз алмасына пішін береді,

қасаң қабықша жарық сәулесін өткізеді.

Ортаңғы   қабығы   -   қантамырларына   бай   тамырлы   қабық.   Бұл   қабықта

қантамырлары  көп болғандықтан,  көзді коректік  заттармен  қамтамасыз  етеді.  Тамырлы

қабықтың   алдыңғы   жағы   нұрлы   (бояулары   түрлі   түсті)   қабыққа   айналған.   Нұрлы

қабықтың дәл ортасындағы тесік - қарашық деп аталады. Қарашық арқылы көздің ішіне

жарық   өтеді.   Көз   қарашығы   бірде   ұлғайып,   бірде   кішірейіп   көзге   жарықтың   өтуін

реттейді.   Жарық   мол   түссе,   қарашық   кішірейеді,   аз   түскенде   ұлғаяды.   Қарашықтың

кішірейіп немесе ұлғаюы нұрлы қабықта болатын бұлшықеттердің жиырылып босаңсуына

байланысты.

Мөлдір   қабық   пен   нұрлы   қабық   арасында   көздің   алдыңғы.   қуысы   орналасқан.

Нұрлы қабық пен көз бұршағының арасында көздің артқы қуысы бар. Көз қуыстарындағы

сұйықтық көздің ішкі қысымын реттейді.

Нұрлы қабық пигментке (бояғыш зат) бай. Пигменті  аздау көз - көк немесе боз

түсті. Қара көз бен қой көзде (коңырқай) пигменттер жеткілікті болады. Пигментсіз болса,

қызыл, тағы  басқадай  түсті  болады. Қара пигментті  жасушалар  жарық сәулесін  жақсы

сіңіреді.

Қарашықтың артқы жағында пішіні екі жағы да дөңес линзаға ұқсаған мөлдір дене

-  көз   бұршағы  (хрусталик)   жатады.   Ол   күн   сәулесін   торлы   қабыққа   шоғырландырады

(жинайды). Көз алмасының ішін мөлдір шыны тәрізді іркілдек дене толтырып тұрады.

Көздің ішкі қабығы - торлы қабықтың құрылысы күрделірек.  Көз алмасының  түп

жағында шар тәрізді ақ дақ (соқыр дақ), оның жанында сары дақ болады. Торлы қабықта

жарықты сезетін жасушалар өте тығыз орналасқан. Бұл жасушалардың пішіндері таяқша,

колба   тәрізді   (химиялық   ыдыс)   болып   келеді.   Сары   дақ   колба   тәрізді   жасушалардың

жиынтығынан түзілген, жарықты жақсы сезеді. Соқыр дақта жарықты сезетін жасушалар

болмайды, жарық сәулесін қабылдамайды. Сондықтан оны соқыр дақ дейді, соқыр дақ -

көру жүйкесінің көз алмасынан шығатын жері.

Таяқша   тәрізді   жасушалар   арқылы   адам   түнде,   ымырт   жабылған   кезде   жақсы

көреді. Колба тәрізді жасушалар тек жарық жақсы түскенде ғана тітіркеніп, заттың түсін

ажыратады.   Жарық   сәулесімен   тітіркендіргенде   жасушаларда   козу   пайда   болады.   Қозу

көру   жүйкесі   арқылы   ми   қыртысының   шүйде   бөлігіндегі   көру   орталығына   беріледі.

Сонымен, көз алмасы - ақ қабық, тамырлы қабық және торлы қабықтан тұрады.

Көздің қосымша (қорғаныш) мүшелеріне - қабақ, кірпік, көз алмасын козғалтатын

бұлшықеттер, жас бездері, қас жатады. Қабақ пен кірпік - көзді шаң-тозаңнан, жарқыраған

жарықтан   қорғайды.   Бұлшықеттер   -   көз   алмасын   жоғары,   төмен,   ішке,   сыртқа   қарай

қозғалтады.   Жас   бездері   сыртқы   секреция   бездеріне   жатады.  Жас   бездері  ұдайы   жас

бөледі. Жас - көзді ылғалдап, жылытады. Көзге түскен бөгде заттар жаспен бірге сыртқа

шығарылады. Жас зиянды микробтарды жояды. Қас - аққан терді көздің ішіне жібермей

ұстап, қорғап қалады.

Дәм рецепторлары — дәм сезу баданасы тілдің түпкі жағында, жұмсақ таңдайда,

тілше мен жұтқыншақтың шырышты қабықшасында орналасқан. Әсіресе тілдің ұшында,

екі   бүйірінде   және   түпкі   жағында   көп   кездеседі.   Адамда   10   мыңға   жуық   дәм   сезу

баданасы болады. Олардың әрбіреуі  8—12 рецептор және тірек клеткаларынан тұрады.

Дәм   сезу   баданасының   пішіні   сауытша   тәрізді,   ұзындығы   мен   ені   шамамен   70   мкм,

төбесінде тесігі болады.

Дәм   баданалары   тілдің   емізікшелерінде   орналасады.   Бұларды   емізікшелер

арасындағы бездердің сөлі шайып отырады. Рецепторлардың ұзындығы 10—20 мкм, ені 3

—4 мкм, олардың ұштары өте сезімтал 30—40 шағын түктерден тұрады. Демеуші заттар

дәм   сезуші   клеткаларға   баданың   тесіктері   аркылы   өтеді.   Қабылдағыштың   әртүрлі

заттарды   іріктеп   сіңіретін   стереоарнамалы   шектері   болады   деп   жорамалдайды.   Әрбір



рецепторлардан сезгіштік жүйке талшықтары басталады. Рецепторлар организмнің ең аз

өмір сүретін клеткаларына жатады. Олар әрбір 250 сағаттан кейін дәм сезу баданасының

шетінен   ортасына   жылжып   келетін   жана   клеткамен   алмасады.   Қөшкен   кезінде   жүйке

уштары   қалыптасып,   рецепторға   айналады.   Дәм   баданасынан   2—4   сезгіштік   жүйке

талшықтары шығып, тіл, жұтқыншақ және кезеген жүйкенің құрамында сопақша мидың

жалқы   будасына   келеді.   Одан   шыққан   екінші   нейрондар   ішкі   ілмектің   құ-рамында

таламусқа жетеді. Одан, ми қыртысының дәм сезетін аймағына келетін, үшінші нейрон

басталады. Дәм рецепторлары төрт түрлі дәмді сезеді: тәтті, ащы, қышқыл, тұзды. Осы

әрбір дәмді түйсіну үшін жеке хеморецепторлар болады деген пікір бар. Мәселен, тілдің

түбінде   ащы,   ұшында   тәтті,   бүйірлерінде   қышқыл   және   тұзды   сезетін   рецепторлар

топтасып   орналасады.   Алайда   кейінгі   кездегі   зерттеулер   бойынша,   тілдің   түбінде

орналасқан рецепторлардың ащы тітіркендіргіштерге сезімталдығы, оның ұшындағыларға

қарағанда,  тек 6 есе, ал бүйіріндегі  рецепторлармен салыстырғанда  4 есе  ғана жоғары

екендігі көрсетілді. Рецепторлардың ұқсас тітіркендіргіштерді жіктеп айыра білу қабілетін

ажырату   сезімталдығы   деп   атайды.   Адамда   дәм   сезімталдығының   әркелкі   абсолюттік

табалдырығы   болады.   Ол   организмнің   әртүрлі   (аштық,   тоқтық   т.   б.)   жағдайларына

байланысты. Тітіркендіргіш ұзақ әсер еткенде дәм талдағышы оған бейімделіп алады, яғни

оның   сезімталдығы   төмендейді.   Талдағыштар   бәрінен   де   тәтті   және   тұзды

тітіркендіргіштерге   тез   бейімделеді.   Ал   қышқыл,   әсіресе   ащы   тітіркендіргіштерге

бейімделісі өте баяу өтеді. Бірнеше тітіркендіргіштер қатар немесе бірінен соң бірі әсер

еткенде қарама-қарсы дәм түйсігі туады не олар аралас сезіледі. Бұл алмасып бейімделу

деп   аталады.   Тұздыға   бейімделу   тіттіге,   ал   тәттіге   бейімделу   қышқыл   мен   ащыға

сезімталдықты арттырады. Сондықтан тұзды тамақтан кейін тұщы су тәттілеу болып, ал

тәтті тамақтан кейін алма, жүзім едәуір қышқыл болып көрінеді. Бірнеше дәмді заттарды

араластырғанда,   қоспа   құрамына   кіретін   заттардың   дәмінен   басқа   жаңа   түйсік   пайда

болады.


Эволюциялық даму кезінде дәм сезу тағамды талғау немесе қабыл алмау механизмі

ретінде қалыптасты. Табиғи жағдайда дәм сезу түйсігі тағаммен қатар иіс сезу, тактильді

және жылулық  түйсіктерімен  қоса  жүреді.  Жас ұлғайған  сайын  ажырату сезімталдығы

кемиді. Дәрі кабылдау, темекі шегу дәм сезімталдығын төмендетеді. Оның жойылуы —



агевзия,  кемуі   —  гипогевзия,  ал   қалыптан   тысқа   әуес   болушылық   —  парагевзия  деп

аталады.


Дыбыс   талдағышының   шеткі   бөліміне   ішкі   қүлақта   орналасқан

Корти мүшесі, өткізгіш  бөліміне д ы  б  ы  с  н е р  в  і, қыртыс бөліміне

самай   тұсында   орналасқан  д ы б ы с   е с т у   о р т а л ы ғ ы   жатады.

Дыбыс талдағышының ең шеткі бөлімі  -  құлақ үшке бөлінеді: сыртқы,

ортаңғы және ішкі кұлақ болып.

Жаңа туған сәбидің сыртқы құлақ түтігі тар, оның терісінде түктер

көп  болады.  1  жасқа дейін күлақ түтігі өсіп, үзарып, кеңейеді. Дабыл

жарғағы жаңа туған нәрестеде  ересек  адамға  кара-ганда  анағүрлым

көлбеу   орналасқан  (ересек  кісіде  45   градус,  балада  15   градус).

Жарғақтың екі жағындағы эпидермисі  қалың болғандықтан қозғалысы

нашар.   Сәбидің   ортаңғы   қүлағы   сүйыққа  толы   болады   да  біртіндеп

барып ауаға толады. 1 жастағы балада Евстахи түтігі қысқа, кең, түзу

болады.   Ішкі   күлақ  1  жылдың   ішінде  ересек  адамның   қүлағымен

теңеседі.

2-3  жаста   сыртқы   қүлақ   түтігі   сәл   иіледі   де  4-6  жаста  ересек

адамның   түтігіндей  болады.   Дабыл  жарғағы  2-3  жаста-ак;  ересек

адамның жарғағына жақындайды, бірақ орналасуы 30-35 градус болып,

тек 4-6 жаста 45 градусқа теңеледі. Ортаңғы қүлақтың көлемі 2-3 жаста

ересек адам-ның қүлағынан кішірек келеді. Ол 4-6 жаста ересек кісінің

ортаңғы қүлағының көлеміне жетеді. Евстахи түтігі 2-3 жаста үзарып 6



жастан   асқанда   ғана  ересек   адамдай   болады.  Ішкі  қүлақ  2-3  жастың

арасында-ақ ересек адамның қүлағымен теңеседі.

Жаңа туған сәбидің дыбыс нерві әлі миелинденіп болмаған, төрт

төмпешіктің

 

және


 

басқа


 

аймақтарының

 

нейрондары



дифференцияланбаған.  1 жаста дыбыс  нерві  жылдам дамып жетіледі

де,  4-6   жаста   ересек  кісінің   дыбыс  нервімен   бірдей  болады.   Есту

талдағышының   қыртыс   бөлімінің   сенсорлық   (сезгіш)   зонасы   алдымен

дамып,  ассоциативтік   зонасы   кейінірек   жетіледі.  1   жастан   аса  41-ші

сезгіш аймақ, 6 жаста 42-ші ассоциативтік, 7 жаста 22-ші ассоциативтік

зоналар жетіледі.

Баланың дыбыс есту қабілеті алғашкы жылдың ішінде тез жетіліп,

қарапайым   дыбыстарды   есту   қабілеті   болады.  Тіпті  1  жастан  аса

музыкалық   қарапайым   әуенді   аздап   ажы-рата   алады.   Дегенмен,   ми

қыртысындағы   дыбыс   орталығы  алғашқы   жылы   нашар   жетіледі.  4

жастан   аса  41-ші   сенсорлық  аймақтың   дамуы,   ал  6  жаста   42-ші

ассоциативтік   аймақтың   дамуы,  7  жаста   22-ші   аймақтың   дамуы

аяқталады.  6  жастан  аса   дыбыс  орталығы   ересек   адамның   дыбыс

орталығындай болып, талдау және талқылау қабілеттері жоғарылайды.

6   жаста   дыбыс   есту  шегі  22000   герц   болады,  яғни  ересек   адам-нан

анағұрлым жоғары. 7-13 жаста баланың дыбыс талдағы-шының барлық

бөлімдері   ересек   кісінің   дыбыс   талдағышын-дай,   бірақ   есту   қабілеті

анағұрлым   жоғары   болады.   Ми   қыр-тысының   талдау   және   талқылау

қасиеттері одан әрі дами түседі.

Адамның   вестибулярлық  аппараты  туғаннан  бастап   қызмет

атқарады.   Жаңа   туған   нәрестенің   жартылай  айналмалы   каналдары,

әсіресе  бүйір  жақ  шетіндегі  каналы  жақсы  қалыптаскан. Ол  тік және

еркін   орналасқан   жоғарғы  каналмен   үлкен   бүрыш   жасайды.   Ересек

адамда бүл  канал  тік күйінде қалғанымен, сәл қиғаштау орналасады.

Оның  артқы   жағына   таман   пирамиданың   бетінде   терең   шұңқыры

көрініп тұрады. Ол арқылы қан тамырлары өтеді.  3-5  жастан  кейін ол

үзын   өзекше   пішінді   болады,  8-10  жаста  тар   жылғашаға   айналады.

Жаңа туған сәбидің ұлу тәрізді сүйекшесінің күмбезі жалпақтау және

жоғарырақ орналасқан. Оның  жалпы көлемі баланың жасы үлғая келе

кішірейіп,  3-5  жаста  ересек адамдікіндей болады.  Жаңа туған сәбидің

отолит сүйекшелері мен отолит жіпшелері нәзік шеміршектен түрады. 1-

3  жастың   арасында   олардың   тығыздығы  темен   болады   да   5-7   жаста

тығыздығы артады. Жаңа туған нәресте тербелісті жақсы сезеді, тіпті 1

ай-дан  аса  тербелістің бағытын  да  сезе алады. Тербеліс  сезімталдығы

өте жоғары болады. Бір жасқа дейінгі нәрестелер орнынан қозғағанда,

жастығын жөндегенде, денесі оқыс  қозғалғанда екі қолын екі жаққа

созып,   саусақтарын   ербеңдетеді.   Баланы   оқыс   көтеріп,   төмен

түсіргенде  осы  қимылдарына   қоса,   тынысын   ішіне   тартады.  Бесікке

жатқызу,   тербету   сияқты   әрекеттерге   байланыс-ты   "бесік"   шартты

рефлекстері  12-16  күнде-ақ   пайда  болады.  Бүл   рефлекстері  осы

әрекеттерге   дайындық   кезінде   қолдарын  екі   жаққа   созуы   мен

саусақтарын  ербеңдету  қимылдары,  содан  соң қолы  мен  саусақтарын

бүрынғы қалпына келтіруі,  тынысын  ішіне  тартуы арқылы  байқалады.

Тепе-теңдік   рефлекстері   баланы   аспа   бесікке   салып,   жоғары-төмен

тербеткенде   жақсы   байқалады.   Бүл  рефлекс   2-3  айлығында

айқындалады.  Баланың вестибулярлық рефлекстері  6-7  жаста жылдам

пайда болады.  Олардың рефлексінің  пайда болуына эсер ету  үзақтығы

жасына байланысты:  6-7  жаста  7,3  м/сек,  10-15  жаста  11  м/сек,  15-20



жаста  16  м/сек.   Баланың   жасы   өсе   келе,   вестибулярлық   аппараттын

сезімталдығы   төмендейді.   Оған   қоса,   жаттықтыру   арқылы   оның

сезгіштігін азайтуға болады.

Кеңістікте   қозғалудың   үйлесуі   негізінен   балалық   шакта

қалыптасады.   Оның   қалыптасуы   көптеген   мүшелер   жүйелерінің

дамуына  байланысты,  сондықтан   кеңістіктегі   орынын  анықтау   және

тепе-теңдігін сақтау қабілеттері баланый өмірден алған тәжірибесіне,

шартты   рефлекстерінің   пайда   болуына,   жүйке   жүйесінің  дамуына

байланысты.

Тактильді талдағыштар.  Теріде орналасқан көптеген рецепторлар сипап сезуге,

яғни сырткы орта тітіркендіргіштерінің әсерін түйсінуге мүмкіндік береді. Олар сыртқы

дүние танымда да айтарлықтай роль атқарады. Сондықтан көру мүмкіндігінен айырылған

адамдарда   ол   белгілі   дәрежеде   жетіспейтін   талдағышты   алмастыра   отырып,   ерекше

маңызға ие болады. Терінің сезімталдық жүйесінің аумағы өте үлкен — 1,4 тен 2,1 кв м-ге

дейін болады. Теріде жанасуды, қысымды, тербелуді, жылылықты, суықты қабылдайтын,

сонымен қатар ауырғанды сезетін көптеген жүйке ұшы жинақталған. Құрылысы бойынша

олар әралуан терінің әртүрлі қабатында орналасады және оның бетіндегі таралуы біркелкі

емес.  Олардың  ең көбі  саусақтардың  терісінде,  алақанда,  табанда,  ерінде  және  жыныс

мүшелерінде орналасады.



Әдебиет: [1-9]

Мультимедиялық құралдар тізімі:



7. Тәжірибелік сабақтардың мазмұны 

Тақырып 1 Адам анатомиясы пәні, міндеттері және зерттеу әдістері

Анатомия пәнінің даму тарихы. Адамның табиғаттағы орны. Адам мен жануарлар

арасындағы   ұқсастық   пен   айырмашылық.   Ұлпалар   туралы   жалпы   түсінік.   Эпителий,

дәнекер, бұлшық ет және жүйке ұлпалары.



Әдебиет: [1-9]

Тақырып  2 Тірек-қимыл аппараты

Сүйектердің, бұлшық еттердің және шеміршек пен буындардың дамуы. Байланыс

түрлері. Адам қаңқасының құрылысы.

 Әдебиет: [1-9]

Тақырып  3  Ас қорыту жүйесі

И.П.   Павловтың   еңбектері.   Ас   қорыту   бездерінің   ерекшеліктері.   Ас   қорыту

мүшелерінің топографиясы. 

Әдебиет: [1-9]

Тақырып  4 Тыныс алу жүйесі

Тыныс алу мүшелерінің топографиясы және құрылысындағы ерекшеліктер. Дыбыс

аппараты. Өкпенің құрылыстық бірлігі- ацинус. Жасаңды тыныс алдыру.

Әдебиет: [1-9]

Тақырып 5 Несеп-жыныс жүйесі

Несеп-жыныс   мүшелерінің   топографиясы.   Нефрон   құрылысы.   Несеп   жиналуы.

Аталық және аналық жыныс органдарының анатомиялық ерекшеліктері мен қызметі.

Әдебиет: [1-9]

Тақырып 6  Эндокриндік жүйе

Гуморальдік   реттелу.   Гормон   туралы   жалпы   түсінік.   Гипофиздің   аралық   мимен

байланысын көрсету.

Әдебиет: [1-9]

Тақырып 7 Қан-тамыр және лимфа жүйелері

Қан тамыр құрлысының ерекшелігі. Жүректің автономдық жұмысы. Ұрықтағы қан

айналудың ерекшелігі.

Әдебиет: [1-9]


Тақырып  8  Жүйке жүйесіне жалпы сипаттама

Ми мен  жұлынның  дамуы.  Шеткі  және  вегетативті  жүйке жүйесінің  құрылысы.

ЖЖә туралы жалпы түсінік.

Әдебиет: [1-9]

Тақырып  9 Анализоторлар 

Анализаторлардың үш бөлімінің құрылысы. Сезім мүшелерінің негізгі құрылысы.



Әдебиет: [1-11]

Зертханалық сабақ мазмұны

Тақырып 1 Адам анатомиясы пәні, міндеттері және зерттеу әдістері

Ұлпалардың микропрепараттарымен танысу. 



Әдебиет: [1-9]

Тақырып  2 Тірек-қимыл аппараты

Сүйектердің   құрылысы.   Сүйектің   түрлері.   Адамның   қаңқасының   құрылысы.

Қимылсыз   және   қимылды   байланыстар.   Омыртқа   жотасының   бөліктері.   Омыртқалар

құрылысы. Көкірек клеткасының құрылысы. Қол-аяқ сүйектердің құрылысы. 



Әдебиет: [1-9]

Тақырып  3  Ас қорыту жүйесі

Ас қорыту органдарының қүрылысы. Ауыз қуысы, тіл, тістің дентин, эмаль, цемент

заттары,   тіс   қуысындағы   пульпа,   органдардың   ферменттері,   олардың   физиологиялық

маңызы. Әдебиет: [1-9]



Тақырып  4 Тыныс алу жүйесі

Тыныс   алу   жүйесіне   жататын   органдардың:   көмекей,   кеңірдек,   бронхылар   мен

өкпелердің   құрылысы.   Көмекей   шеміршектерің   орналасуы   және   құрылысы.   Дыбыс

аппараты. Өкпенің құрылыстық бірлігі- ацинус. Әдебиет: [1-9]



Тақырып 5 Несеп-жыныс жүйесі

Несеп-жыныс   жүйесі.   Несеп-жыныс   органдардың   топографиясы.   Бүйрек

құрылысы.   Нефрон   құрылысы.   Несеп   жиналуы.   Несепағар,   қуық,   қуық   каналының

құрылысы. Әдебиет: [1-9]



Тақырып 6  Эндокриндік жүйе

Эндокриндік   бездердің   топографиясы:   қалқанша,   қарынасты   бездер,   гипофиз,

эпифиз,   бүйрекүсті   безі   және   жыныс   бездер   .   Әрбір   секрециялық   бездердің   бөлетін

гормондары, олардың организмге тигізетін әсері. Әдебиет: [1-9]



Тақырып 7 Қан-тамыр және лимфа жүйелері

Жүректің   құрылысы   Тамырлар   қабырғаларының   құрылысы.   Салатамыр   және

көктамыр жүйелері.Үлкен және кіші қан айналу шеңберлерінің артериялары. Қан айналу

жолы. Лимфа жүйесінің құрылысы,  бездері. Әдебиет: [1-9]



Тақырып  8  Жүйке жүйесіне жалпы сипаттама

Жүйке жүйесінің жалпы құрылысы мен қызметі. Нейрондарды жіктеу. Мидың және

жұлынның   жалпы   құрылыстары.   Мидың   және   жұлынның   бөлімдері,   нервтері.

Рефлекторлық доға. Әдебиет: [1-9]



Тақырып  9 Анализоторлар 

Сезім органдары. Көру анализаторларының құрлысы. Есту, тепе-теңдік сақтау, иіс

және дәм  органдарының құрылысы. Терінің құрылысы

Әдебиет: [1-9]


7. Студенттердің өзіндік жұмысының мазмұны

№1 СӨЖМ тапсырмалары

:

1. Келесі сұрақтарды қарастыру:

1) Конституция туралы жалпы түсінік.

2) Адам ағзасын құрайтын функционалды жүйелер.

2. Тақырып бойынша терминдердің глосарийін дайындаңыз.

Тапсырмалар орындау бойынша әдістемелік нұсқаулар: дәріс материалын меңгеру.

Әдебиеттер: [1-9]



№2 СӨЖМ  тапсырмалары

:

1. Келесі сұрақтарды қарастыру:

1) Кол-аяқ сұйектерінің латынша атауларын жазып алу, жаттау

2) Көкірек қуысын құрайтын сұйектердің латынша атауларын жаттау

3) Бас қаңқасын құрайтын сүйектердің латынша атауларын жаттау

2. Бұлшық еттердің негізгі және қосымша бөліктерін анықтап жазып алыңыз.

3. Шығармашылық тапсырма: сүйектердің дамуы, бұзылуы кезеңіндегі адамның жағдайы.

Тапсырмалар орындау бойынша әдістемелік нұсқаулар: дәріс материалын меңгеру.

Әдебиеттер: [1-9]



№3 СӨЖМ  тапсырмалары

:

1. Келесі сұрақтарды қарастыру:

1) Ас қорыту бездер функцияларының бұзылуы, себеп-салдары.

2) И.П. Павловтың еңбектері.

2. Тамақтануға қойылатын талаптар. Калорий деген не?

3. Шығармашылық тапсырма: «Витаминдер» тақырыбы бойынша слайд құрастырыңыз. 



Тапсырмалар орындау бойынша әдістемелік нұсқаулар: дәріс материалын меңгеру.

Әдебиеттер: [1-9]



№4 СӨЖМ  тапсырмалары

:

1. Келесі сұрақтарды қарастыру:

1) Тыныс алу жолдарының кең тараған аурулары.

2) Газ алмасу процесінің кезеңдері.

2. Тыныс алу мүшелерінің гигиенасы.

3. Шығармашылық тапсырма: 



Тапсырмалар орындау бойынша әдістемелік нұсқаулар: дәріс материалын меңгеру.

Әдебиеттер: [1-9]



№5 СӨЖМ  тапсырмалары

:

1. Келесі сұрақтарды қарастыру:

1)   Аталық   және   аналық   жыныс   органдарының   анатомиялық   ерекшеліктері   мен

қызметі.


2) Жыныс гормондары және олардың мөлшері.

2. Жыныс тәрбиесі.

3. Шығармашылық тапсырма: Әйел мен ер адамға тән ортақ мінез құлықтың белгілері.


Тапсырмалар орындау бойынша әдістемелік нұсқаулар: дәріс материалын меңгеру.

Әдебиеттер: [1-9]



№6 СӨЖМ тапсырмалары

:

1. Келесі сұрақтарды қарастыру:

1) Ас қорытуға қатысатын гормондар

2)  Қанның қасиеттерін реттейтін гормондар

2. Шығармашылық тапсырма: 40 гормондардың сипаттамаларын жаттау

Тапсырмалар орындау бойынша әдістемелік нұсқаулар: дәріс материалын меңгеру.

Әдебиеттер: [1-9]



№7 СӨЖМ  тапсырмалары

:

1. Келесі сұрақтарды қарастыру:

1) Артериалдық жүйенің барлық тамырларының латынша атауларын жаттау

2) Веналық жүйенің барлық тамырларының латынша атауларын жаттау

2. Жүректің құрылысын латынша оқып білу

3. Шығармашылық тапсырма: Жүректін суретін еркін салып беру.



Тапсырмалар орындау бойынша әдістемелік нұсқаулар: дәріс материалын меңгеру.

Әдебиеттер: [1-9]



№8 СӨЖМ  тапсырмалары

:

1. Келесі сұрақтарды қарастыру:

1) Сомалық жүйке жүйесі, құрылысы, қызметі.

2) Вегетативтік жүйке жүйесі, құрылысы, қызметі.

2. Жүйке жүйесінің эволюциясы.

3. Шығармашылық тапсырма: 



Тапсырмалар орындау бойынша әдістемелік нұсқаулар: дәріс материалын меңгеру.

Әдебиеттер: [1-9]

9 СОӨЖ.  Сезім мүшелерінің онтогенезі. 

СОӨЖ кеңестерінің графигі 

№ Виды занятия

дүйсенбі

сейсенб


і

сембі


бейсенбі жұма

сенбі


1.

Дәріс   сабақтарының

сұрақтары   бойынша

кеңес беру

10.25-11.15

2.

Тәжірибелік



сабақтарының

сұрақтары   бойынша

кеңес беру

10.25-


11.15

3.

СӨЖ   сабақтарының



сұрақтары   бойынша

кеңес беру

10.25-

11.15


4.

Тест


тапсырмаларының

сұрақтары   бойынша

кеңес беру

10.25-11.15



11. Оқитын студенттердің білімін тексеру кестесі

Дәріс және тәжірибелік қатынасу (семинарлық, зертханалық, жеке, студийлық) 0-100

баллмен бағаланады.


Пән бойынша тапсырмалардың жасау және тапсыру графигі

Жұмыс



түрі

Тапсырманың   тақы-

рыбы,   мақсаты   мен

міндеті


Ұсыныла-

тын   әдеби-

еттер

Орындалу


мерзімі

Бақылау


түрі

Тапсыру


күні

1

2



3

4

5



6

7

1



Реферат

3 апта


 

4-ші апта

2

Реферат


2 апта

6-ші апта

3

Межелік


бақылау

Модуль 1,2

колло-

квиум


8-ші апта

4

Реферат



2 апта

9-апта


5

Реферат 


2 апта

11ші апта

6

Межелік


бақылау

Модуль 3,4

колло-

квиум


15-ші апта

12. Студенттердің білімдерін анықтаудағы критерийлері

Сабақты     жалпы   қорытындылауы   тест   түрінде   аяқталады,   бұл   барлық   өтілген

материалдарды қамтиды. Емтиханға жіберілуді алу үшін студент келесідей пән бойынша

қамтылатын міндеттерді атқаруы қажет:  

Әрбір тапсырма 0-100 баллмен бағаланады.

Жіберілу   рейтингі     орташа   арифметикалық   барлық   тапсырмаларды   ағымдағы

сабақтардағы орындалған түрі бойынша есептеледі (дәрістерге қатысу, үй тапсырмалары,

СӨЖ тапсырмалары, тәжірибе және т.б. тапсырмалары, межелік бақылау).

 Жұмыс оқу бағдарламасындағы барлық орындалған тапсырмалары бойынша (барлық

зертханалық жұмыстарды орындау және тапсыру, СӨЖ бойынша тапсырмаларды орындау

мен  тапсыру),  курстық   жобаны   қорғаудан  оң   баға  алуынан  және   жіберілу  рейтингі   50

баллдан кем болмаған студент қорытынды бақылауға (ҚБ) жіберіледі.

Студенттердің   оқу   жетістіктерінің   деңгейі   әр   бір   пән   бойынша,   соның   ішінде   МЕ

қорытынды   бақылауынан,   қорытынды   бағамен   анықталады,   ол   ЖР   мен   ҚБ   есебімен

есептеледі.

Қ = ЖР*0,6 + ҚБ*0,4

Салмақтық үлесімі әр жыл сайын университеттің ғылыми кеңесімен бекітіледі және

ЖР 0,6-дан, ал ҚБ 0,3-тен кем болмауы керек.

КЖ/КЖ   комиссия   алдында   қорғалады.   Бағасы   көрсетілген   жұмысы   бойынша   және

жетекшісінің пікіімен қаралып есептеледі.

Қорытынды   бақылау   пән   бойынша   студенттің   оң   бағасымен   және   жіберілу

рейтингісімен есептеледі.

1. Тұрмыстық   құрал-жабдықтардың   экологиялық   қауіпсіздігін   қамтамасыз   етудегі

экологиялық талаптар. 

2. Қалдықтарды жоюдың және тасымалдаудың зиянсыз әдіс-тәсілдері. 

3. Қазақстанның өнеркәсіп орындары және оларға қойылатын экологиялық талаптар. 



Рефератты жазуға арналған әдістемелік нұсқау

  Рефератты   орындау   үшін   материалдар   ұсынылған   әдебиеттерден   алынады.

Орындауға 1-2 апта уақыт беріледі. Реферат көлемі қолмен жазылса 10-15; компьютерде

10-12 бет болады. Компьютерде жазғанда текстің беттегі иллюстрациялар, таблицалар А-4

өлшемді бетте жазылуы тиіс. Тексті тергенде сол жақ 30 мм, оң-10, жоғары 20, төмен 20

мм-ден кем емес; шрифт көлемі 14, болуы керек, нөмерлеу оң жақ жоғары бүрышында

нүктесіз қойылады.

 Рефераттың аттестациясы.

 Баға қою үшін рефератқа қойылатын талаптар:



1. Тақырыпты құрастыру дәрежесі

2. Ғылым әдебиетті қамту

3. Рефератты жазудың теориялық дәрежесі

4.  Ғылыми негізде дұрыс қорытынды жасау



Рефераттар тақырыптары:

Конституция туралы жалпы түсінік.

Физикалық жаттығулардың тірек-қимылына әсері. Сымбат.

И.П. Павловтың еңбектері. 

Тыныс алу мүшелерінің гигиенасы. 

Жыныс тәрбиесі. 

Гормондардың ашылу тарихы. Гуморальдік реттелу. 

Иммунитет.

Жүйке жүйесінің эволюциясы. 

Сезім мүшелерінің онтогенезі. 



13. Оқытушының талаптары, саясаты және рәсімдері

Студент дәріс сабақтарына міндетті түрде қатысуы тиіс.  Сабаққа   қатысу   әр   бір

сабақта  белгіленеді  (сабақтың  басында  немесе  аяғында).  Егер  белгілеу кезінде  студент

болмаса,   бұл   деканаттың   қарастыруымен     қаралып   түсініктеме   қағазымен   беріледі.

Сабақта 2 рет қана жоқ болуы жіберіледі. Сабаққа екі рет қалып келу, бұл бір рет жоқ деп

есептелінеді.   Егер   де   екі   реттен   жоқ   болса,   бұл   әкімшілдік   шешім   сұрағымен

қарастырылады. Дәрісте басқа топтың студенттеріне отыруға тыйым салынады.

Тапсырмаларды дәл уақытында тапсыру қажет. Ең соңғы кезі емтиханға дейін 3 күн

қалғанда   қабылданады.   Осы   аталған   тапсырмалардың   барлығы   егер   тапсырылмаса,

студент емтиханға жіберілмейді.

Тақырыптарды қайталау және өткен материалдарды қамтуы әр кезде қаралып отыруы

керек. Оқу материалдарын меңгеруі тестпен немесе коллоквиуммен қаралып бағаланады.

Тестілеу кезі студенттерге айтылмай қабылдануы мүмкін.

14. Әдебиет тізімі

Негізгі:


1. Нұрышев М.  Адам анатомиясы. Оқулық Алматы: Карасай, 2005. -348 б.

2. Набидолина   Ш.С.   Бастауыш   мектеп   жасындағы   балалардың   анатомиясы,

физиологиясы және гигиенасы. Оқұлық. - Астана:Фолиант, 2007.-275 б. 

3. Дүйсенбин   Қ.   Орталық   жүйке   жүйесі   жғне   жоғары   жүйке

әрекетінің физиологиясы. Алматы,  2001.

4. Iзмұхамбетов Т.Ё., Есiмбекова Р. I.,  Сахишева С. Ш.,   Мұсажанова М.Қ. Анатомия

және  физиология. Атлас. -  Алматы: Арыс,2007.-169 б.

Қосымша: 

5. Гайворонский И.В., Ничипорук Г.И., Гайворонский А.И. Анатомия и физиология

человека: учебник для проф.образования.-5-е изд.стер.-М.:Академия, 2009-492с

6. Гослинг Дж.А. Анатомия человека: цветной атлас и учебник анатомии. – 4изд..-М.:

АСТ-Астрель, 2005-377с.

7. Крылова Н.В., Искренко И.А. Анатомия скелета: анатомия человека в схемах и ри-

сунках: атлас-пособие; учеб.пособие-2изд..-М.: Изд-во РУДН, 2006-83с.

8. Курепина М.М., Ожигова А.П., Никитина А.А. Анатомия человека: учебник для

студ.вузов.- М.:Владос, 2005-383с.

9. Фениш Х. Карманный атлас анатомии человека на основе Международной номен-

клатуры.- 4-е изд., стер..-Минск:Интерпресссервис, 2002-464с.



Document Outline

  • С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті
  • ПӘНІ БОЙЫНША ОҚЫТУ БАҒДАРЛАМАСЫ
  • (Syllabus)
  • Павлодар, 2013
    • Пән бағдарламасы (Syllabus)
    • ОӘК төрайымы __________ Ю.М.Каниболоцкая «___»____ 2013 г.
      • Тірек-қимыл аппараты
      • Ас қорыту жүйесі
      • Тыныс алу жүйесі
      • Несеп-жыныс жүйесі
      • Эндокриналық жүйесі
      • Жүйке жүйесіне жалпы сипаттама
      • Анализоторлар
  • 6. Дәріс сабақтарының мазмұны
    • Тактильді талдағыштар. Теріде орналасқан көптеген рецепторлар сипап сезуге, яғни сырткы орта тітіркендіргіштерінің әсерін түйсінуге мүмкіндік береді. Олар сыртқы дүние танымда да айтарлықтай роль атқарады. Сондықтан көру мүмкіндігінен айырылған адамдарда ол белгілі дәрежеде жетіспейтін талдағышты алмастыра отырып, ерекше маңызға ие болады. Терінің сезімталдық жүйесінің аумағы өте үлкен — 1,4 тен 2,1 кв м-ге дейін болады. Теріде жанасуды, қысымды, тербелуді, жылылықты, суықты қабылдайтын, сонымен қатар ауырғанды сезетін көптеген жүйке ұшы жинақталған. Құрылысы бойынша олар әралуан терінің әртүрлі қабатында орналасады және оның бетіндегі таралуы біркелкі емес. Олардың ең көбі саусақтардың терісінде, алақанда, табанда, ерінде және жыныс мүшелерінде орналасады.
      • Конституция туралы жалпы түсінік.
      • Физикалық жаттығулардың тірек-қимылына әсері. Сымбат.
      • И.П. Павловтың еңбектері.
      • Тыныс алу мүшелерінің гигиенасы.
      • Жыныс тәрбиесі.
      • Гормондардың ашылу тарихы. Гуморальдік реттелу.
      • Иммунитет.
      • Жүйке жүйесінің эволюциясы.
      • Сезім мүшелерінің онтогенезі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет