Какомның туған күніне арнаймын
«Ең ғажап күн – адамның туған күні» - деседі.
Айғай салып, іңгәлап, өмірге келген кешегі.
26-маусымда Какошым келіпті өмірге,
Туған күнгі тойыңда көңіліміз шалқып өседі.
Өзің келіп жанұяма, қуанышқа бөлендім,
Өмірге немерелерімді әкелдің, шаттыққа кенелдім.
Қожа әулетінің инабатты келін баласы,
Үміт күткен ұрпақтарымның аяулы анасы.
30-ға келген құтты болсын мерей тойың,
Кесел дерттен ада болсын тұла бойың.
Бақытты еншілеп жүре берші шаттанып,
Өмірде орындалсын арманың, үмітің, ойың.
Талғамымнан шыға білген Жарығым, Шырағым,
Асылдарға тән биіктерден бола берсін тұрағың.
Асфаныңмен жарасып, жайнап жүріңдер өмірде,
Алладан да алдымен осы менің сұрарым.
Тағы бір айтар басты менің тілегім,
Дакошым мен Ахошым бауыр етім, жүрегім.
Тәрбиелесеңдер алдыңғы қатарлы, саналы адам ғып,
Орындалар үкілі үмітім, жайланар көңілім.
Ата-апаң тілейміз жеңістеріңді көрсек деп,
Сендердің мәпелеп өсірген, жемістеріңді терсек деп.
Әрдайым осылай келетін мерей тойларды,
Бірге тойлап, қызықтап жүре берсек деп.
Аталаған үніңді естісем қаламын бір жасап,
Ибалы, ізет-қылығыңды көрсем қаламын жүз жасап.
Өнегеңді байқасам немерелерімнің бойынан,
Қаламын бақытқа кенеліп, мың жасап.
Балаларыма
Артымда бар ізбасар – тұяғым,
Қопада өскен бір түп «қияғым».
Сендерге тірнектеп әр жерден,
Білім-ғылым байлығын жиямын.
Көргенде өмірдің ауыр азабын,
Кірпігіме шық тұрып қалады.
Көргенде сендерді жайқалған жемісім,
Бойыма шаттық пен қуаныш толады.
Өмірде бел шешіп күресер шақтарың,
Ерінбей тер төгіңдер, ашылар бақтарың.
Ешнәрсе өмірде із-түзсіз жоғалмас,
Еленер, ескерілер, құрметтелер аттарың.
Сүйсем сендерді еміреніп «мас» болам,
Жеңістеріңді көргенде қуанып шарқ ұрам.
Қараймын қол жеткен биіктен жоғары,
Көрсем деп сендерді жалындап шоқ болған.
Жарқырап жанса екен, өмірде оттарың,
Күлімдеп атса екен, арайлап таңдарың.
Ата-анаң тебіреніп, тілейді тағдырдан,
Бақ қонып, болса деп бақытты бастарың.
Достарыңызбен бөлісу: |