Бағдат Оралбайұлы «Тегімізді тануға талпыныс»


Інжіл «Інжіл» – Иса (Иссус) Мәсіх пен Оның таңдап алған елшілері туралы жазылған кітап



бет8/153
Дата06.01.2022
өлшемі11,37 Mb.
#12762
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   153
Байланысты:
Шежіре

Інжіл
«Інжіл» – Иса (Иссус) Мәсіх пен Оның таңдап алған елшілері туралы жазылған кітап.

Бұл кітапта бірнеше елшілердің өздерінің ұстазы туралы естеліктері жинақталған. Олар Лұқа жазған «Ізгі хабар», Жохан жазған «Ізгі хабар» және Матай, Марқа еңбектері. «Інжіл» жиырма жеті жазбадан тұрады. Оны біздің жыл санауымыздың бірінші ғасырының 30-85 жылдарында жазған, қысқаша мағынасы: «Пайғамбарлар пенде болғандықтан тек құдайдың хабарын жеткізіп отырады. Ал Иса Мәсіх болса, адам болып дүниеге келген Құдайдың ұлы, яғни Мәсіх арқылы Құдай адамдарға келіп, олармен тікелей қарым-қатынас жасады» - деген ойға меңзейді. Иса өзінің шәкірттерінің ішінен он екісін таңдап алып, оларды «елшілер» деп атады. Олар: Иса «Петір» деп ат қойған Шимон мен оның інісі Ендер, Жақып пен Жохан, Піліп пен Бартоломай, Матай мен Тома, Әлпей ұлы Жақып пен Ұлтшыл Шимон, Жақып ұлы Иуда және кейін Исаға опасыздық жасаған Иуда Исқариот (бұның орнына кейін Матия сайланады).

Иса Мәсіхтің осы аттары аталған шәкірттері оның идеясын ол өлгеннен кейін де жетілдіріп, өңдеп бірнеше рет «Інжілге» өзгерістер мен толықтырулар енгізген. Демек, бұл кітап өзінің бастапқы түрінде емес, уақыттың талабына сәйкес бейімделіп қайта-қайта жазылған.

Ал «Құран» болса өзінің бастапқы, алғаш жазылған күйінде. Оған бірде бір сөз, не сөйлем қосылмаған, немесе алынып тасталмаған және олай істеуге, яғни өзгертуге қатаң тыйым салады. Себебі Құран сөзі Аллаһтың сөзі. Аллаһ сөзін өзгертуге ешкімнің құқы жоқ.


Құран
Исламның қасиетті кітабы – «Құран Кәрім». Ол Мұхаммедке (с.ғ.с.) Хира тауының үңгірінде Жәбірейіл періште арқылы аян етілген. Құран - Шариғаттың тірегі, Ислам заңдарының өзегі. Құран - барлық діни үкімдердің бастау алар көзі. Ислам діні бүкіл адамзатқа берілген ең соңғы, кемел дін. Білім мен адам баласының өмірлік ұстанымы осы Құранға негізделген. Құранның мағынасы: арабтың «дауыстап оқу», «тақпақтап айту» деген сөзінен шығады. Құранды «Каламу Алла» (Алла сөзі), «Каламу шариф» (Шарапатты сөз), «Құран Кәрім» (Жомарт Құран), «Мұсхаб Шариф» (Шарапатты қол жазба) және «Иджаз әл-Құран» (Ұлылық, құдіреттілік деген мағынада) т.б. деп атай береді. Құранда еш уақытта өзгермеген және қияметке дейін де өзгермейтін, бұған ұқсас кітапты ешкім де жаза алмайтындығы айтылады. Өйткені бұл кітаптың иесі - Ұлы Жаратушы. Құран Мұхаммед пайғамбарға (с.ғ.с.) аян арқылы түскен Аллаһтың сөзі, мұсылмандардың қасиетті кітабы, адамзатты ізгілікке бастайтын Аллаһ рахымы. Ол соңғы пайғамбарға жиырма үш жыл көлемінде түскен. Құранда сөздер саны 77934 екен, 6666 аят, 114 сүре бар. Ең қысқа сүре үш аяттан тұратын Кәусәр сүресі, ал ең ұзағы 286 аяттан тұратын Бақара сүресі. Мұхаммед (с.ғ.с.) пайғамбар 40 жасқа келгенде Аллақ сүресінің бес аяты аян болған. Ал Құранның беташар сүресі Фатиха кейін түсіпті. Бірақ Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) Фатиха сүресін Құранның кілті деп атаған.

Сүре мен аяттар әр жылдарда бөлек-бөлек түскен, бұл олардың оңай жатталуына ыңғайлы болған. Мұхаммед пайғамбардың (с.ғ.с.) өмірінің ақырына дейін уахи келуі ықтимал болғандықтан оның көзі тірісінде Құран толық бітпейтіндіктен оны бір кітап етіп жинақтау мүмкіндігі болмады. Кейін ол өмірден өткеннен кейін ғана уахи тоқталғаны анықталды. Құран жеке бір кітап болып алғашқы халифа Әбу Бәкір кезінде жинақталды. Оған Омар, Оспан, Әзірет Әлі шадиярлар және т.б. көмектескен. Нәтижесінде Құранның тексісінің дұрыстығы тексеріліп, бір мәмілеге келгеннен кейін көбейтіліп, көшіріліп, жан- жаққа жіберілген (Мәдине, Шам, Куфа, Басра, т.т.).

Ислам діні Арабстаннан тыс өлкелерге қанат жайғанда, сол жақтарға арнайы оқытушы-мұғалімдер жіберілген. Олар өздері үйренген Құранды сол елдерде оқытып отырған. Құранның басқа тілдерге аударылуы міне осы заманнан бастау алады. Қазіргі уақытта Құран мағынасы жүзден астам тілге тәржімаланған. Түркі тіліндегі алғашқы мағыналық аударма 14-ғасырда жазылған екен.

Абай - данышпан Құранның мағыналық аудармасынан гөрі мәнін ұғуға, хикметтің түпкі ойын түсінуге шақырған. Құран адамзатты қараңғылықтан нұрға бастайтын рахмет-мейірім көзі, адамға бақилық бақыт жолын көрсететін Аллаһтын сөзі. Құран жеке адам және қоғам тіршілігі үшін қажетті құқықтық, этикалық-моральдік, саяси-басқару жүйелеріндегі негізгі қағидалар мен ұстанымдарды негіздеді. Құрандағы маңызды мәселелер: біріншіден - Аллаһтың жалғыздығына сенім, екіншіден - Аллаһтың құдіреті. Аллаһтың құдіретімен жаратылған әлем мен адам және олардың Жаратушысы Аллаһпен арасындағы байланыстары жүйеленген. Құран бойынша адамда таңдау еркіндігі бар, жауапкершілік иесі, сонымен қатар аманат тасушы болмыс. Бұл жердегі, «аманат» ұғымы - иман, жауапкершілік, Құдай алдындағы парызға және адамның құқықтарына құрмет, ар-намысын сақтауды білдіреді. Ақыреттегі жағдай: иман етушілердің жұмақтағы орны және имансыздардың тамұқтағы халы жайында адамға жасалған негізгі ескерту болып табылады. Адам жан мен тән және ақылдан тұратын біртұтас болмыс. Адамның тәні топырақтан жаралып, жаны Аллаһтан берілгендіктен, тән топыраққа, жан рухани әлемге, яғни өз негіздеріне оралмақ. Осындай жақсы мен жаман, ақ пен қара, тән мен жан, иман мен күпірлік, мойынсұну мен теріске шығару сияқты қарама-қайшы құбылыстарды Құран аяттары түсіндіреді. Егер адам ерікті болмаса, сынақ жүйесі де мәнсіз болып шығар еді. Сонымен қатар, жақсылық пен жамандықты айыру қабілеті тек адамға ғана берілген. Құранда адам ең жоғарғы мақамда жаратылғанымен, оның нәпсінің зыңданына түсіп, «ең төменгі дәрежеге дейін құлдырайтын» моральдік азғындауға да бейім екендігі ескертіледі. Адам ең алдымен, өз болмысымен тұтастыққа жетіп, содан кейін өзін қоршаған ортамен, әлеммен үйлесімділік құруы тиіс. Осы үндестікті қамтамасыз ету үшін Құдай Құран арқылы адамға құндылықтар жүйесін ұсынады. Имандылықтан туатын әділеттілік, турашылдық, ар-ұят, намыс, сабыр, төзімділік, жомарттық, шыншылдық, мейірімділік, ата-анаға құрмет, Отан сүйгіштік, қанағатшылдық, тазалық, махаббат, адамды сүю, жүректілік, т.т. деп тізіп, жалпы парасат құндылықтарына жатқызады. Ал имансыздықтан туындағандарға: зұлымдық, жалғандық, екіжүзділік, опасыздық, менмендік, қорқақтық т.т. сияқты жаман қылықтарды масқаралық сипатына жатқызып, бұлардан аулақ болуды ескертеді.

Қорыта айтқанда, Құранда адамның қандай болмыс екендігі, өмір сүру ортасы тіршілігінің мәні, әлемдегі орны мен мақсаты туралы оның болмысын нақтылайтын тиянақты жауаптар айтылған. Құранның үндеуі адам санасына, рухы мен ақылына арналған (М. Иса. Д. Кенжетай. Қ.Ұ.Э.).

Аллаһтың Расулы (с.ғ.с.) қайтыс боларының алдында Арафат тауында 120 мыңдай сахабаларының алдында барша мұсылмандарға арнап соңғы қоштасу хұтбасын оқыған еді. Бұл тарихи маңызы бар хұтбасында ол: «Уа, мұсылмандар! Мен сендерге киелі аманат қалдырып барамын, соны толық ұстансаңдар ешқашан адаспайсындар. Ол Аллаһтың кітабы - Құран» - деген екен.

Сондықтан, қасиетті Құран барша мұсылмандардың бұл өмірде ұстанар басты бағдаршамы болып табылады.
Тегіңді тауып танысаң, Тектіліктің белгісі. Білуге енжар қарасаң, Мәңгүрттіктің белгісі. Шежіреден табылар, Өткен заман белесі. Сыр-құпиясын шертеді, Тарихыңның көнесі. Өткеніңнен ескерткіш, Шежіренің ескісі. Ескісін де есте сақтар, Ұрпақтардың естісі.

Автор.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   153




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет