Бағдат Оралбайұлы «Тегімізді тануға талпыныс»



бет9/153
Дата06.01.2022
өлшемі11,37 Mb.
#12762
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   153
Байланысты:
Шежіре

Адам Ата
Діни кітаптардың («Таурат», «Інжіл», «Забур», «Құран») дерегі бойынша Адам ата (ғалейһиссалам) жаратылған алғашқы адам және тұңғыш Пайғамбар. Аллаһ Тағаланың Құдіретімен бүкіл материктер (Жер, Көк, Күн, Ай, Жұлдыздар, Су, Ауа, Топырақ, т.т.с.с.) мен жер бетіндегі және судағы барлық тіршілік иелері алты күннің ішінде жаратылыпты-мыс. Алтыншы күннің ақырында Адам атаны жаратса керек және ол жалғызсырамасын деп кейіннен Адам атаның қабырғасынан Хауа ананы жаратыпты-мыс. Адам атаның жар қосағына «Хауа» деп ат қоюының мағынасы «өмір бастауы» деген сөз екен. Екеуі ұжмақта тұрса керек. Алланың өсиетін орындамағандықтан күнәлі болып ұжмақтан шығарылған деседі. Содан былай Адам ата мен Хауа ана және олардың ұрпақтары тек еңбекпен күнелтуге тиіс болыпты. Жетінші күні Жаратушы дем алыпты. Соған байланысты аптаның жетінші күні - демалыс күні болыпты деп «Тауратта» жазылған. Адам ата мен Хауа ананың үш ұлы (Әбіл, Қабыл, Сет) және қыздары болыпты. Ержеткен кезде Қабыл Мағиса деген қызға таласып Әбілді таспен ұрып өлтіріпті, содан бері адам баласын өлтіру мирас болып қалыпты деседі. Құранда (12-аятында): адамды балшықтан (топырақтан) жаратып, танауына үрлеп жан берілген дейді. Бірі - сырт дене де, екіншісі - рух. Аллаһ Тағала адам баласының барлығын емес, тек қана Адам атаны балшықтан (топырақтан) жаратқан. Ал басқа адам баласы бір тамшы судан пайда болып, ананың құрсағындағы нәрселермен қосылып, содан жетіледі. Ол екеуі де ата мен ананың ішкен-жеген азықтарынан түзеледі. Ал азықтар (өсімдіктер мен жануарлар) тиісінше барлығы топырақтан нәр алады, топырақта өсіп-жетіледі. Демек, жаратылыстың негізі топырақ болып табылады да, адам баласының топырақтан жаратылғандығы өзінен-өзі мәлім болады. Қазіргі жер бетіндегі барлық адамзат осы Адам ата мен Хауа ананың ұрпақтары болып табылады. Адам ата 930 жыл жасапты. Адам атаның - Абулбашар шын аты, ал лақап аты - Сафиолла екен. Сафиолла – арабша «жер қыртысы» деген сөз, оның топырақтан жаратылғанын дәлелдеп тұрғандығы болса керек.

Сонымен, киелі кітаптың Таурат бөліміндегі шежіремен танысалық. Адам (Абулбашар)+Хауа→Қабыл, Әбіл, Сет. Қабылдан→Енох, Енохтан Ирад, Ирадтан Мехуел. Мехуелден→ Метушаил, Метушаилден Ламех туды.

Ламехтың екі әйелі болды: Ада, Зилла.

Ададан - Ябал, Юбал. Зилладан - Тубалқабыл.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   153




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет