Бағдат Оралбайұлы «Тегімізді тануға талпыныс»


Хазірет Әліге барып тірелетін қожалар әулетінің өкілдері



бет35/153
Дата06.01.2022
өлшемі11,37 Mb.
#12762
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   153
Байланысты:
Шежіре

Хазірет Әліге барып тірелетін қожалар әулетінің өкілдері:

1.Қожа Ахмет Йассауи (1103 ж.т. – 1166 немесе 1167 ж. жер асты қылуетке түседі). Қалған өмірін осылай жер астында өткізсе керек.

Сайрам – байырғы ислам орталығы. Ахметтің әкесі Ыбырайым осы Сайрамда атақты ғұлама болған. Ол ұстазы Мұса шайыхтың қызы Қарашаш анаға (Айша) үйленіп, одан Садыр, Ахмет деген 2 ұл, Гауһар-Шаһназ атты қызды көреді. Ахмет шешесінен жастай, әкесінен жеті жасында жетім қалып, өзінен 10 жас үлкен Гауһар-Шаһназ әпкесінің қолында өседі. Ұстаздары: өз әкесі, Арыстан баб, Жүсіп Хамадани. Көзі тірі кезінде-ақ әулие атанған. Негізгі шығармасы: «Диуана Хикмет».

2.Хорасан ата (Әбдіжәліл баб) Иранда патша болған, одан кейін Орта Азия мен Қазақстанға келіп ислам дінін таратқан атақты баб. Мазары Жаңақорған ауданында, Тоты құс деген жерде. Күшті, әулие адам. Схемада – Абд ал Жалил балалары:


А) Үсейін (Хусаин) ата

Зираттары әкесімен бірге

Б) Бабажан әулие
3.Қылышты ата (Сайд-Бураханидин). Мазары Жаңақорған ауданы, Қыркеңес ауылынан 7-8 км жерде. Күшті Әулие

Найман-Төлек өкіл баласы болған, кейін Қылышты атаның қызын алған. Зираты қатар, бір қорымда.

4.Қойлақ ата (Насаб-Намада-Сафи ад-дин Орын қойлақы). 93 ж. өмір сүрген. Қожа Ахмет Йассауи дүниеден өтерде орнын осы туысына берген. Лақаб аты – Қойлақы ата, шын аты Сайфиддин. Мазары Жаңақорған-Қандоз жолының бойында. Әулие болған.

5.Садыр ата (Садр шайх) - Қожа Ахмет Йассауидың бірге туған ағасы, әулие болған адам. Мазары Қожакент ұжымының шығысында.

6.Аққорғандық аталар жайлы.

Аққорған адам аты емес, (қаланың) қорғанның аты. Осы Аққорғанның ішіндегі Садыр атаның, Мәулени-Сафи-ад-дин Орын Қойлақыдан тараған бес атаны жеке-жеке айтпай Аққорғандық деп кеткен. Олар: Үсен шайх, Қара шайх, Оқша ата (Көгентүп), Ыбырайым шайх, Бурхан шайх.

Бұлардан батыр да, әулие де, сері де, ғалым да бар. Қарашайхтың 5 ұлы болған: Батырқожа, одан Нұрманқожа, одан Байменқожа әулие. Байменқожадан үш ұл: Құлманқожа, Бегімбет дамолла, Шалап (батыр). Байменде қасиетті кітап болыпты. Ол кітапты Шалап ұстаған, одан соң әруақ Құтты қожаға, одан соң Әбсаттарға қонған. Әбсаттар қазір бүкіл ел білетін, сыйлайтын үлкен кісі, әруақты ер-азамат.

7.Бақсайыс ата (Сейд Камалидин шайх) XVI-XVIIғ.ғ. өмір сүрген. Ұрпағының бірі Мұхтар Әуезов. Ұрпақтары жиналып (500-ден аса отбасы) 1994 жылы басына кесене (8х8м, һ-12) тұрғызды.

Ұрпақтары: Арқадағы Сарғалдақ қожа→Қожа Ахмет→Айғаным (қыз) – Уали ханның әйелі, Шыңғыстың анасы, Шоқанның әжесі. Мұхтар Құлмұхаметов, Мұхтар Әуезов Бақсайыс атаға 22 атамен барады екен.

8.Айқожа әулие (ишан) – 1773-1858 ж.ж., алтыншы атасы Дуана қожа (Мәді қожа). Кесенесі Жаңақорған ауданы, Бесарық станциясынан 15 км жерде, мемлекет қамқорлығында. Орнын басқан ұрпақтары көп. Әулиелігі керемет болған адам. Бұның баласы Смайыл, одан Мұхамеджан (ишан) да әулие, көріпкел болыпты, немересі Әззам ишан (1899-1971 ж.ж.).

9.Шах-Бүзірік баба Әзіреті Әлінің 23-ұрпағы. XV ғасырдың 70-жылдарында Өзгент қаласында дүниеге келген. Лақабы: «Са-бұлт» - бұлт үстінде ұшатын әулие. 1997 жылы ұрпақтары кесене орнатты. Ғылымды меңгеріп «имам» атанған, жаңбыр жаудыратын қасиетке ие, әрі ақын болған.

10.Усейн мағзым – Айқожа ишанның немересі (1885+79=1964) әулиелігімен аты шыққан, палуан, әнші, ақын.

Инаят мағзым – Айқожа ишанның шөбересі Омар мағзымның баласы. Әулие адам, 6 ұлы бар, барлығы да ата жолын қуып имамдылық етеді.

Жаппар мағзым – Айқожа ишан тегі. Бұның 2 ұл, 5 қызы бар. Түгел емшілікпен айналысады. Өзі әулие.

Бақар мағзым (1895-1977 ж.ж.) – Айқожа ишанның немересі, бұл кісі де әулие, 2 ұл, 2 қызы бар.

Махмұт ишан (1894-1982 ж.ж.) – Айқожа ишанның шөбересі. Ибрайм шайхтың немересі, діни ілімі күшті адам болған.

Сәруар ишан (1882-1938 ж.ж.) – Айқожа ишанның шөбересі, көріпкел, әулие.

11.Омартөре ишан – Қылышты атаның ұрпағы. Керемет емші, әулие. 5 ұл, 6 қызы бар.

12.Байменқожа және оның ұрпақтары. Байменқожа (1850-1928 ж.ж.) Ысқақ бабқа барып тіреледі. Әулие адам. Атақты ұрпақтары: Құтты қожа (1933-1988ж.ж.), одан Әбсаттар, Шалап қожа (Батыр қожа) әулие, Тұрсын қожа (1914-1999 ж.ж.), т.т.

13.Қасым-Ташжан – ағайынды адамдар. Ысқақ бабтан тараған Садыр-шайық ұрпағы.

14.Шах қожа әулие - Қарасан ата (Абд-ал-Жалил баб) ұрпағы Бабажанның ұлы. 1942 жылы өмірден өткен. Мазары Сунақ ата әулиенің оңтүстігінде 6 км жерде. Бұл кісі туралы аңыз-әңгімелер көп.

15.Шерехан әулие – Хорасан ата ұрпағы. Кесенесі Өзгенттен 3 км жерде. Ілімі күшті, көріпкел адам, емші.

16.Әділ мен Әбдішүкір – Әбд ал-Жалил бабтан тарайтын Өтеген қазы ұрпағы

17.Айша – халық емшісі. 1957 жылы туған. «Сыр ғұламалары» кітабы – 119-122 беттерде жазылған.

18.Оспан Хатиб (1870-1944ж.ж.) – Қорасан атаның ұрпағы, халық қамқоры, әділ, діни білімпаз.

19.Жұмабек бақсы – Қылышты ата ұрпағы. Адамды оқиды, жарғыштық қасиеті бар, бақсылықпен емдейді.

20.Жүсіп молда – Ысқақ бабтың ұрпағы. Оқыған, білімді молда, көріпкел, емші. 1934 жылы қайтыс болған.

21.Ляззат емші. 1958 жылы туған. «Сыр ғұламалары» кітабы – 131-139 беттер. Руы – Найман.

22.Жүсіп би (1818-1908 ж.ж.) – Сабұлт қожа (Шах-Бүзірік) ұрпағы. 45 ж. би болған, ақындығы да болған адам.

23.Өтеген қазы – Қорасан ата (Абд әл-Жалил бабтың) 10-ұрпағы, ғұлама, әулие.

24.Асқар би, Сасықбай би, Абдрахман би, Садак би, Балаби (Әшім), т.т. көптеген билер мен батырлар болған. Оның бәрін теріп жаза беруді мақсат тұтпадым.

25.Мәди (Диуана қожа) кейде Мәді деп те атайды. хазірет Әліден тарайды, одан бері 28 ата болып отыр. Осы Диуана (Мәді) қожадан 4 ұл:



  1. Қожан Қожа ата – әулие, батыр болған. Қылыш қожамен екеуінің арқасы жабысып туған соң қылышпен шауып бөлген, содан екіншісін Қылыш қожа деп атаған.

  2. Қылыш Қожа ата – әулие, батыр, емші. Бұдан сегіз ата Қылыш қожа ұрпағы тарайды. Оның ішінен Көшен батыр, Күдері ақын-батыр, Смайыл Әздер – бек болған, ғұлама.

  3. Пірзада (көтімылтық) – аруақты адам болған.

  4. Бекмұхаммед Қожа – мықты балуан. Айқожа ишан осы бабаның 6-ұрпағы.

Диуана Қожа Ахмет Йассауиден кейінгі 2-тұлға, керемет иесі. Түркістаннан Кентауға барар жолда «Құсты-ата» мазарында жерленген.

26.Мүсірәлі Қожа (1667-1762) – 1680 жылы үш жүзге пір болып сайланып, 40 жыл бас Әзіреті болған. Өте ақылды, ұстаз, дарынды ғалым, көріпкел әулие, көрнекті мемлекет қайраткері, ойшыл, саясаткер болған. «Сыр ғұламалары» кітабы – 205-209 беттер.

27.Қасым Қожа – Мүсірәлі қожаның ұлы. Шешесі ерте өліп, апайы – Сары қыз асыраған. Ғаламат адам болған. Әкесіне тартқан, қасиеттерге ие.

28.Өтеш бақсы (1884-1962 ж.ж.), Мақаш бақсы (1884-1970 ж.ж.) адамның сенуі қиын істерді жасайтын қабілет иелері.

29.Құлболды ишан (1785-1855-60 ж.ж.) – Мәдіқожа→ Қожжан Қожа→Қожакілен→Сейіт→Сұлтан→ Құлболды (ең кенжесі екен). Осы Құлболдының 3-ұлының бірі (кенжесі) – Пазыл. Құлболды ишан да, Пазыл да көптеген кереметтердің иесі, қасиетті адамдар. Пазыл (Фазыл) ишан әйелі өлген соң Арқадағы Арғын руы Шен биінің немересі Салмұраттың қызы Тоқжанға үйленген (Абайдың ғашығы болған). Бұлардан Абзалхан деген ұл туады, бірақ ол қайтыс болып, ұрпақ қалмаған.

30.Саяқып баба (Әбибі қожа). Бұл баба туралы осы кітаптың ІІІ-бөлімінде арнайы айтылатын болады.







Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   153




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет