Бағдат Оралбайұлы «Тегімізді тануға талпыныс»


Әбілден ұрпақ жоқ, себебі оны Қабыл ұрып өлтірген. Сеттен→



бет10/153
Дата06.01.2022
өлшемі11,37 Mb.
#12762
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   153
Әбілден ұрпақ жоқ, себебі оны Қабыл ұрып өлтірген.

Сеттен→Енос→Қайнан→Мақалалел→Иәрет→Енох (Енохты Ыдырыс деп те атайды). Енохтан Мәтусала туды. Кейін Енохты Құдай өзіне алып кеткен. Мәтусаладан Ләмех, Ләмехтен Нұх туды. Нұхтан - Шам, Хам, Япші деген ұлдары болды. Ескертпе: Адам атадан бергі аты аталған адамдардың бұл шежіреде есімдері аталмаған басқа да көптеген ұл-қыздары болған. Мен тек Нұх пайғамбарға келіп тірелетін желіні (линияны) ғана теріп көрсеттім.

Бұдан әрі адамзат ұрпағы өсіп-өніп көбейді және олар теріс жолға түсіп, іс-әрекеттерінің бәрі зұлымдыққа толы болды. Сондықтан Тәңір: «Бұдан былай Менің Рухым адам үшін арпалысқа түспейді, ол 120 жылдан артық өмір сүрмесін» - деді. Кейін де жер бетінде тіршілік бүлінген үстіне бүліне берді. Сонда Құдай Нұхқа: «Мен жер бетіндегі тіршілік иелерінің өмір сүруін тоқтатамын. Сен шыршадан кеме жаса да өз үй ішіңмен бірге кемеге кір және тіршілікті жалғастыру үшін жан-жануар, жәндіктердің әр түрінен екі екіден (еркегі, ұрғашысы) бірге кемеге ала кет. Азық пен тамақтың қорын жасап қоса ал» - деді. Жүз елу күн бойы су жер бетінде көтерілді, топан-су қаптады, кемедегілерден басқа жан иелері түгел қырылды. Кейін су басылып, кемедегілер құрлыққа шығып тіршіліктерін қайта бастады. Құдай: «Бұдан былай енді жер бетін топан-су баспайтын болады, бұл туралы келісімімнің белгісі - аспанда жаңбырдан соң кемпірқосақ орнайды» деген. Әрі қарай Нұхтың ұрпағы өсіп-өніп көбейе берді, қазіргі жер бетіндегі барлық адамзат баласы осыдан тарайды.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   153




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет