Бағдат Оралбайұлы «Тегімізді тануға талпыныс»



бет126/153
Дата06.01.2022
өлшемі11,37 Mb.
#12762
1   ...   122   123   124   125   126   127   128   129   ...   153
Байланысты:
Шежіре

Ана рухымен сырласу
О, Қайран ана! Бұл дүниеден сәлем ал,

Ешбір жан жоқ мені сендей бағалар.

Тынышталып жатырсың ба, дамылдап,

Қабіріңде – мәңгілік үйге саналар.


Тірі пенде бұл дүниенің нарқын,

Талдау жасап ақ-қарасын саралар.

Ал енді ол дүниенің парқын,

Табылмайды тап басатын жарандар.


Табылады бірақ та мүлт кетсең,

Кейбір пақыр ебін тауып қаралар.

Аяғыңды шалыс басып сүрінсең,

Шақшадай басыңа пәле салып табалар.


О, Жаратушым! Өмір-теңіз толқуда,

Бірде жығып, бірде құлап күресумен келемін.

Ақыл, қайратым - екі ескек, екі қолда

Өмір атты қайықта құшырланып есемін.


О, Қайран ана! Қам жемей дамылдай бер,

Құлыншағың – адал құлы Алланың.

Рухыңмен артыңдағы тұяғыңды жебей бер

Шапағатыңнан қуат алар ұрпағың.



Сәбиім
Иіскесем сені еміреніп,

Иісің жұпар аңқыған.

Әр нәрсеге таңырқап,

Аузың ашылып аңқиған

Ақ ботам

Түріңнен айналдым албырап,

Қалақтайын қалқиған.

Мамасына тойса балбырап,

Маужыраған, балқыған

Пәк бөпем.

Дыбыс беріп шақырғанда,

Езу тартып талпынған.

Қолын созып аларымда,

Қанатын жайып ұмтылған

Құсым.

Талпынсаң танып атаңды,



Теңіздей жаным шалқиды.

Жымисаң біліп атаңды,

Көңілім көкте қалқиды

Айым.


Алдыма алып аймаласам,

Құмарым сонда қанады.

Көңілім ортайса, төмендесем,

Шат күлкіңмен толады

Күнім.

Сәбилік пәк қылығың,



Майдай жағар жаныма.

Аңқыған әтір иісің,

Бойыма дәрі, ол дауа

Сәнім.


Бал қылығыңды көрсем,

Өзім де сәби боп кетемін.

Аңсарым ауып сағынсам,

Асығып жаныңа жетемін

Періштем.

Ұғасың сәби түйсігіңмен,

Құбылыстарды маңайдағы.

Сезесің періштем зейініңмен,

Көріністерді қай-қайдағы,

Ақылдым.


Уілдеген үніңе әй-әйім,

Жетер үн өмірде табылмас.

Бұлтиған түріңе Әдемім,

Еш сұлулық тең келе алмас

Асылым.

Ауру-дерттен аман болып,

Өсе берші жан бөпем.

«Әппағым» - деп әнге салып,

Әлдилесін сені апаң,

Әнім.


Жарқын болып нұрлы жүзің,

Ер жете бер Ақ ботам.

Куәсі боп шат күлкіңнің,

Жырлар жазсын бұл атаң,

Жаным.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   122   123   124   125   126   127   128   129   ...   153




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет