Қарындасым – Қарлығашым
Ізгі тілекті пейілде,
Өкшемді басқан өмірде.
Сенімді тірегім әр кезде,
Қуатым – Қарлығашым.
Сенсің өмірімнің әрі де,
Жан-дүниемнің нәрі де.
Мақсатымның мәні де,
Тынысым – Қарлығашым.
Ақ ниетпен жүреді,
Пәктікпен соққан жүрегі.
Ұрпақ әулетімнің тірегі,
Жұбанышым – Қарлығашым.
Айбын-қорғаның бәріне,
Жанашырың әр кезде.
Шайығың сыңар өзіңе,
Қымбаттым – Қарлығашым.
Қол ұстасып қатар жүргенде,
Қызықты-ақ қой өмірде.
Көтерілер көкке көңіл де,
Қуанышым – Қарлығашым.
Тілеймін бақыт жанұяңа,
Қонған құсым қияға.
Үйірілсін бақ ұяңа,
Қарындасым – Қарлығашым.
Шайық пен Қарлығашқа
Ағалаған бар артымда,
Адалдан берген Шайығым.
Еркелеген жүр алдымда,
Жалғызым – Қарлығашым.
Екеуің қатар аққан,
Еділ менен Жайығым.
Ата мекенімде жарасқан,
Мөлдір көлім-айдыным.
Қиналдырмай қиындықта,
Тындырған істі тынысым.
Дөңгелеткен шаруаны да,
Қажымайтын құрышым.
Өздеріңнің арқаларыңда,
Ілгерілеген көп ісім.
Сендерсіңдер зор тірегім,
Білектегі қуат-күшім.
Бөлісіп бәрін келесіңдер,
Мен ризамын сендерге.
Бақытты бола беріңдер,
Мына жарық дүниеде.
Жарасып қатар жүріңдер,
Қызықтап өмір-уақытты.
Бөлісіп бірге көріңдер,
Қиындық пен қызықты.
Тілеймін шын ниетпен,
Бақ пен ұзақ өмірді.
Қабылдаңдар шын жүректен,
Шыққан осы тілекті.
Сен менен құрмет ізде
О, жарым-жалғызым, сыңарым, от құшағым,
Жаныңмен жаным жалын боп қосылғаным.
Жанымда жүргенде жарасар барлық сәнім,
Тек қана өзіңсің айтатын ғашық әнім.
Жастықтың жүрген шақта біз төрінде,
Жанғамыз жалын шашып маздап бірге.
Қызулы оттай жанып-жанып басылдық па,
Тек ыстық табы қалған, ынтық шақ есімізде.
Өкіндіріп сол жылдар кетті енді келмеске,
Өмір заңына бағынамыз, қайсы амалың көнбеске.
Сен менен енді қызу емес, құрмет ізде,
Жастық жалын жоғалып, шау тартқан бұл кезімде.
Жантық
Келеді өмір кейде құбылып қиғаш-қырын,
Кім оның болжай алған құпия сырын?
Кейбір жандар барыңда дос, ертең басқа,
Сүрінсең, өзгерткен кесірткедей өңін-түсін.
Жиіркенішті-ақ әрекеті жағымпаз «Жантықтың»,
Күштілерге жылмиып, жағайымсып, жалпақтаған.
Қауіпті қылығы қайсібір жан-жыланның,
Жеке басының қамы үшін дүниені улаған.
Болармысың жарық дүние мұншама кең?
Талғамай-ақ барлығына да қоныс болған.
Тіршілігі кей жанның жапалаққа емес пе тең
Арам пиғыл, қараңғыны мекендеп, қоныстанған.
Арман
Алдамшы бұл пәни өмірден аттанып адам өтсе,
Артында жиған-терген дүниесінен не қалмайды?
Өзінен соң жиған бар байлығы қоса өлсе,
Пендеге осы емес пе ең үлкен қасірет-қайғы.
Қалған «боқ», дүние-мүлік ескіреді, тозады,
Ол уақыттың зардабынан жарамсыз боп қалады.
Ұлағатты сөз, сұлу жыр, құдіретті күйменен,
Білімдіден шыққан ғылым өшпес мұра болады.
О, шіркін! Қалтыра алсақ қой артқа мұра етіп,
Тым болмаса бір еңбек ұрпақтарға, елейтіндей.
Талап қылып еңбектенемін ойдағымды жыр етіп,
Көрінсе де көп ойлар ырқыма көнбейтіндей.
Көңіл ырғағы
Сұлулықты мен көрсем,
Беріліп-ақ кетемін.
Жарасымдылықты сезінсем,
Егіліп те кетемін.
Қолым жетсе бір жеңіске,
Баладай-ақ мәз болам.
Тамсанып өмір тәттілігіне,
Шалқып-тасып көл болам.
Өмір жайлы ойласам,
Тебіренемін толғанам.
Сұрғылт тағдыр жолықса,
Қарсы тұрам, қорғаным.
Өрт-ағаңа
Замандас, кластас, дос-жолдас, бел құда – Өртаға,
Беделдісің, қадірлісің туыс-досқа, ағайынға, ортаңа.
Сен дүниеге келген жылы болған деседі көргендер,
Қалың өрттер лыпылдаған сары, сайын далада.
Ырымдап қойса керек Өртбай деп есіміңді кезінде,
Мұқалмай жаның, өрттей жалындасын деп өмірде.
Содан болар ыстық ықылас, ақ ниет, пәк пейіліңмен,
Шуақ шашасың алпыс жас кезеңнің өзінде.
Дархандығы даланың дарыған сенің тұла бойыңа,
Табиғат берген нар тұлғаң үйлескен үлкен ойыңа.
Адаспастан асқақтатып келесің адамшылықтың ақ туын,
Дақ түсірмей азаматтық абұйыр, атақ, арыңа.
Самұрық құстай самғап, шықпасаң да заңғар аспанға,
Үлгі болар өмірің бар кейінгі лек ұрпақтарға, жастарға.
Жаныңа жақын жүрген жандар жылуыңа жылынған,
Жүрегіңнің пәктігін мойындайды қатарластар, достар да.
Қара шаңырақ – бұл қазақтың құрмет тұтқан киесі,
Кенже ұлға ұйғартқан ата салт-дәстүрдің жүйесі.
Бес атадан бері қарай сатылап саған тиді,
Сенсің Құттыбай бабаңнан қалған құтты шаңырақ иесі.
Асылдың сынығы «алқаракөк» тұқымысың – Жангөбек,
Бабаларыңнан батыр да, би де, ақын да шыққан, бар дерек.
«Прометей ауылы» - атты атақ алып әйгіленді бұл күнде,
Үлкен бақыт осы емес пе, бұдан не бар дейсің мәндірек?!
Бір кезде әкеден жалғыз едің, жан-жағың болып жалаңаш,
Құдайға шүкір, бүгінгі күн артыңда бар сан «Ағаш».
Рысекең екеуің егіп өсірген көк көшеттерің көгерсін,
Жел жақтарыңа пана, аптап ыстықта болды сая ағаш.
Бір атадан қалған тұяқ, болдың, тәуба, бәйтерек,
Жапырақтарың жайқалсын, тамырларың таралсын тереңірек.
Ұрпақтарыңның алар шептері биік, терең, кең болып,
Үмітіңді ақтап, армандарыңды жалғап, болсын мықты тірек.
Шытырман мына өмірдің талабына сай болу да үлкен сын,
Үрдісінен шыға бер, болса да жетуі қиын, биік шың.
Алланың берген жасында бәйбіше-ұрпақтарыңмен,
Бірге қызықтап өмір кеш, денсаулығың болсын тың.
Оу, Өртаға! Өзіңе арнап ақ ниетпен, пәк көңілмен жолдаған,
Аз да болса, көптей көріп, қабылдарсың осы жырымды арнаған.
Келер шақта елімізге келісті заман келіп, жақсы өмірде,
Бұйырған дәмді бөлісіп, жүре берейік дос-туыстар боп жарасқан.
Бірқақпайлар
***
Кей мезгіл альбомыңды қолға аларсың,
Парақтап әрбір бетін ойланарсың.
Қолтаңбам осы өз әлінше сыр сақтаған,
Ақтарып сырын соның еске аларсың.
***
Елжіреген өзің, кейбіреулерге, күндейсің,
Көңіліңе жақпағандарға бейне түндейсің.
Ауызыңда ой салар әсерлі сөзің бар,
Жылы тиер жанға әсем әндейсің.
***
Үсіген гүлдей сарғайып, солған,
Қажетін таппай шаршаған талғам.
Осы ма еді күткен бақыт деген,
Осы ма әлде алдамшы, дүние жалған.
***
Жаныңдағы жарыңа жарасқан жұппысың,
Мойныңдағы әлде масыл, жүкпісің.
Біздікі ескертпе, әйтеуір, әзіл ғой,
Сыншы құрдастарың әжуалап сөкпесін.
***
Ойлансам, мен өзі желік болыппын,
Жеңіл нәпсі, мінезге көрік болыппын.
Сарапқа салдым, ақыры бәрін қойдым,
Сірә, перілікке белшемнен әбден тойдым.
***
Кейде бір көңілім көктемгі өзендей шалқып-тасып,
Құлшынған шабытпен жазамын бұрқыратып.
Кейде қаламын, күзгі иен жайлаудай құлазып,
Ойым оңбай, көңіл-күйім, жан дүнием азып.
***
Өмір – қайық өзендегі, толқынымен ағындармыз,
Әрқайсысымыз өзімізше түсініп қабылдармыз.
Өмір – күрес, қасқайып қарсы тұрып белдесеміз,
Жеңіске жетсек, сонан соң бір арындармыз.
***
Сырт көзге көрінуім мүмкін жүргендей ойнап,
Күнде жиын, түнде той, сері болып тойлап.
Бірақта, шындығында тіпті де олай емес,
Қажетінде ойға да, шаруаға да кетемін бойлап.
***
Берілген еншімізге ғұмырымызды мәнді ғып,
Тіршілік-тұрмысымызды ойдағыдай сәнді ғып.
Ағайынмен, ауылыңмен бөлісіп бірге бәрін,
Өткізсек қой, шіркін, өмірімізді ән қылып.
***
Кейде іздеймін туыстардың ықылас пен тояттайтын тамағын,
Кейде аңсаймын достардың шалқып ішер шырын-бал шарабын.
Боламын кей сәтте шала мас кейіпте, шарқ ұрып тебіреніп,
Түсінсең ғой, шіркін, осы кезде, жан-дүниемнің аңсарын, талғамын.
***
Әкеңмен бірге жаса, анаңменен,
Баянды бақытты тап бұл өмірден.
Жасқанбай өмір сүр сенімменен,
Шығатындай қызы бол ел көңілінен.
***
Кіндік қаным тамған ауылымды,
Туысқанды, ағайынды, бауырымды.
Жаным сүйген, жарасқан аяулымды,
Бәріңді, бәріңді сүйемін шексіз.
***
Иесі де, киесі де өзің едің басыңдағы шаңыраққа,
Аяулы жар, абзал әке, силы едің туыс-досқа.
Талпынып, таныла білдің еңбекпен маңай-атырапқа,
Ерте кеттің ортадан, тағдырға бұл амал бар ма?
***
Білмеппін айтылатын аңыздағы жұмағың,
Екендігін сенің ыстық құшағың.
Сезімімді оятқан қылығыңа елітіп,
Жаным толқып, денем балқып құшамын.
***
Тұнып тұрғанда мына дүние нұрға аппақ,
Жарасымды-ақ ақ пейілмен ашылса құшақ.
Қатыгездік пен қарабайырлыққа жоқ уақыт,
Өміріміз онсызда қамшының сабындай шолақ.
Достарыңызбен бөлісу: |