Дос рухына
Тауханға
Жиналыппыз әр тараптан бүгін біз,
Бір дәміне жолдасымыз Тауханның.
Шақырыпты, ілтипатына ілігіппіз,
Ұл-қыз бен Жәкеңдей ханымның.
Таухан есімі тұрады екі сөзден:
Тау және Хан.
Есімін қойғанда нені ойлады екен?
Бізге беймәлім, кім біліп ұққан
Тіледі ме екен әлде болсын деп,
Жадағай, жазық таптауырын емес,
Еңселі, биік, бейне заңғар тау
Немесе қалады ма екен?
Қарапайым, жай адам емес,
Болсын деп елді басқарар – Хан
Бірақ, өмірде ол болған жоқ,
Тау да Хан да.
Болды ол бірақ, нақты ақиқат, анығы,
Адамшылық қасиеттің ақиығы, қыраны.
Бөлектемеген ешкімді, өзі де бөлінбеді,
Туған жері, ел ортасы болған оның тұрағы.
Іскер еді, шапқылайтын жанын сап шартарапқа,
Есімі есінде елінің, белгілі жан атырапқа.
Бола білді ол қимас дос, аяулы жар, абзал әке,
Парасатты, жан еді сыйлы туыс-досқа.
Адамдықтың ақ туын жоғары ұстап ол өтті,
Жанын қинаса да өмірдің сан сұрағы.
Қалса егер келте ғұмырында айтылмаған жыр-әні
Орындасын соңындағы үміт күткен ұрпағы.
Кім бармайды дәм таусылса қара жер құшағына,
Жайлы болсын жатқан мәңгілік тұрақ-мекенің.
Ертең шығар күндей анық ақиқат, шындығында,
Кім білмейді соңғы мекен – Жер ананың екенін.
Дәстүрменен бұрынғы дәм татып, тілек айтып,
Отырмыз бүгін артыңда, ақ дастарханыңда.
Дамылдай бер екінші жамбасыңа аунап жатып,
Бола бер, аяулы дос, Алланың шапағатында.
Достарыңызбен бөлісу: |