Ауытқыма, тұра білгін сөзіңде
Кезіксе де қиындық қарсы беттен,
Қажыма, шешімге кел ақыл-еппен.
Салмақта, ойлан-толған таразылап,
Кеңесіп алып шешерсің текті көппен.
Тура қарай алатын бол, әділетті боп,
Достарыңның, ағайынның бетіне.
Қиғаш кетсең, қаларсың жексұрын боп,
Қайрандарсың көл-өмірдің шетінде.
Дауыл соғып, аяз қарып,
Тоңдырса да өмірде.
Шыда төзіп, қайраттанып,
Ауытқыма, тұра білгін сөзіңде.
Сауығасың әлі-ақ, жасыма
Көңіл-хошың болмай тұр ғой,
Дерт батты ма жаныңа?
Бұл келген бір сынақ шығар,
Қайраттан, Жаным, қажыма.
Тілекшілерің – ұл мен қызың,
Сүйеушілерің болар басыңа.
Тәттілерің – немерелерің,
Төңіректеп жүр ғой қасыңда.
Алыстағылары телефон шалып,
Мәртебеңді жүр асыра.
Бал қылықтарынан қуат алып,
Сауығарасың әлі-ақ, жасыма.
Өткізе бер қуанышпен,
Жылдан жылға асыра,
Созылсын өмірің ғасырға.
Достарыңызбен бөлісу: |