Ертеде бір дана қария болыпты. Ауыл адамдары ол қариядан білмегендерін сұрап, ақыл-кеңес алып отырады. Сол қарияға бір күні Септік деген кедей келіп, баласының болмай жүргенін айтады. Ал қария “үш күннен соң түс көресің, жеті мүшеңе жеті құт берем “дейді. Жеті құт дегені жеті перзент екен. Көп ұзамай Септік жеті ұлды болады.Ол балаларына қандай ат қоятынын білмей қарияға келеді.
Сонда қария:Тұңғышының атын Атау деп
қой атағы шығып, даңқы жер жарсын.
Одан кейінгісін Ілік деп қой, інілерін ілестіріп ,қиындықты жеңе білсін.Содан кейінгісін Барыс қой, барыстай ер жүрек болсын,одан кейінгісін Табыс қой, оқу,білім алып, іздегенін тауып мол табысқа кенелсін.Одан кейінгісін Жатыс қой, еңбек етуден жатсынбасын, одан кейінгі баланы Шығыс қой, күніміз шығыстан болсын, сойғы баланы Көмектес деп қой ағаларының көмекшісі болсын,-деген екен
Жаңа сабақ: Зат есімнің септелуі
Зат есімнің септік жалғаулары арқылы өзгеруін зат есімнің септелуі дейді.
Сөйлемдегі сөздерді бір – бірімен байланыстыру үшін жалғанатын жалғауларды септік жалғаулары деп атайды.
Қазақ тілінде жеті септік бар: атау , ілік , барыс, табыс, жатыс, шығыс , көмектес.