Бағдат Оралбайұлы «Тегімізді тануға талпыныс»



бет143/153
Дата06.01.2022
өлшемі11,37 Mb.
#12762
1   ...   139   140   141   142   143   144   145   146   ...   153
Байланысты:
Шежіре

Осындай бала Арафат
Аяулымның ағасы,

Жоғары оның бағасы.

Әжесінің қызығы,

Атасының бұзығы.

Жарасымды қылығы,

Әкесінің тынысы.

Ұнасымды көп ісі,

Анасына қолқанат.

Ал оқуда ол озат,

Осындай бала Арафат.


Жоғалған таяқ
Баз-базында сері боп,

«Дәм-тұзға» әбден тояды.

Қарамайды бұл Ақаң,

Сырқырасы да аяғы.

Елемей-ақ барып жүр,

«Сыйластарына» баяғы.

Үшінші сирағы оның,

Қолына ұстаған таяғы.

Бірақ та көңілденген кезде,

Жайына қалады таяғы.

Перілік мінезін осы,

Қай уақытта қояды?

Мұны білсе «мықтысы»,

Төбесін қашап ояды.

Болғанмен жырынды ғой,

Әйтеуір жайын табады.

Ауызбастырықсыз «жанашырың»,

Елдің бәріне жаяды.

Аягөз 01.05.12
Ақа!
Қалай боп тұр жағдайың,

Сырқыраған жоқ па аяғың.

Айта қойшы Әпендім,

Жоғалған жоқ па таяғың?



Бір достың әйеліне наз
Жақын дос бар Семейде,

Келсек қарсы алатын.

Кешіксе поезд кейде,

Сабыр сақтап тосатын.


Басқалардан осынай,

Қылықтарымен озатын.

Бәйбішесі бірақ та,

Орынсыз тарыла қалатын.


Қонамыз десек үйіне,

Қашқалаққа салатын.

Не боп қалды соншама?

Тыржың қағып қашатын.


Тамағың жоқ па әлде,

Қазанға салып асатын.

Не десең де келді кезі,

Аттың басын бұратын.


Сары шал шаңырағында,

Әңгіме-дүкен құратын.

Өткен-кеткенді айтысып,

Құмардан бір шығатын.


Көңіл мен пейіл жарасып,

Шұрқырасып жататын.

Көтерілген көңілмен,

Ән-жырға да салатын.


Қалықтаған көңілімізді,

Не болды ренжіп басатын?

Қылт етпе мінезіңді,

Болды ғой уақыт қоятын.

Бол оданда қамқорымыз,

Тірлікті бірлікке қосатын.

Салиқалы бәйбіше боп,

Ынтымақ отын жағатын.


Ағамыздың туған күніне арнау
Құттықтаймын «братым»,

Мерей тойыңмен болатын.

Жетпістің биігінде де,

Серілікті құратын.


Жайдары жандар кезіксе,

Көзі жайнап салатын.

Жан-дүниесін баурап,

Жүрегіне жол табатын.


Құдай берген қабілеті,

Бағалауға тұратын.

Межелеген әр істің,

Үрдісінен шығатын.


Қабылдарсың арнауын,

Ініңнің жақын тұратын.

Өмірде іске ассын,

Барлық мақсат-мұратың.


Пейілге көңіл үйлессе,

Табылар орын сиятын.

Рюмкадағы дәмді алыңдар,

40-градустан тұратын.


Арнауды арнаған бауырың – Бағдат.

Аягөз, 06.04.12



Хал дейсің бе, бауырым?
Хал дегенің ептеген,

Жоқты барға септеген.

Проблемалар бар шешпеген,

Бар нәрселер жетпеген.


Жақсылықта бар көптеген,

Содан көңілім көктеген.

Сырластармен, сыйластармен,

Құдайдың күнін өткерген.


Тіл табысып көппенен,

Адамгершіліктен кетпеген.

Тайталасып тағдырменен,

Жанмын, абыройын төкпеген.


Жүрмін доспен селбескен,

Қасында жанның сеніскен.

Өтеді кейде күндерім,

Қаскөйлерменен керіскен.


Ғұмыр тұр әлі кешпеген,

Мұңаям кейде кеште мен.

Келем жүріп өз жолыммен,

Өмірде күнде екшеген.


О! Құрметті досым-ай,

Сұрап ең: «Осы хал қалай?».

Қысқаша айтсам жайымды,

Хал дегенің осындай!




Аналарға

8-наурыз Халықаралық әйелдер күніне арнау
Тұрмысымыздың сәні,

Өміріміздің мәні,

Берекеміздің әрі,

Сіздерсіздер, Аналар!


Болашағымыздың нәрі,

Махаббатымыздың әні,

Мұраттарымыздың бәрі,

Сіздерсіздер, Аналар!


Төгілген сәуле-нұрымыз,

Тебіреністі өлең-жырымыз,

Мәңгілік құпия-сырымыз,

Сіздерсіздер, Аналар!


Шашатын шуақ маңайға,

Толтыратын таңды арайға,

Көрік берген армандарға,

Сіздерсіздер, Аналар!


Ортамызды берекеге,

Отбасымызды мерекеге,

Кенелтетін бұл өмірде,

Сіздерсіздер, Аналар!


Барлықтарыңызға бақыт, байлық, махаббат тілеймін. Мейрамдарыңыз құтты болсын!

Аягөз, 8.03.14 ж




Рахмет бәріңе
Махаббаттың іңгәсіне 40 күн толып,

Дакоштың туғанына 8 жыл болып.

Жатырмыз бүгін қуаныштан шаттанып,

Кемеріне келгендей көңіліміз толып.


Қуанышымызға келген ортақтасып сендерге,

Ризашылығымызды білдірмейік біз неге?

Байлық, бақыт, зор денсаулық тілейміз,

Жетіңдер арман-тілектеріңе өмірде.


Тәуба
Боз қырау түсіп басыма,

Бүгін «Бәкең» атты атамын.

Сиреген жылдан жылға,

Өзім теңдес қатарым.


Кешқұрым көңілім құлазыса,

Әрнәрсені ойлап жатамын.

Дертті болып тәнім ауырса,

Жайым болмас, қапамын.


Өсірген ұл мен қырмызы қыз,

Сендерден қуат аламын.

Жеңістеріңді көрсем желпініп,

Дертіме шипа табамын.


Мүлт кетсеңдер тауым құлап,

Өртенгендей қара орманым.

Азынап аяз, соққандай дауыл,

Құлағандай тірек, қорғаным.


Абзал достар – жанашырым,

Қиналғанда арқа сүйерім.

Ағайын-туыс, жақындарым,

Сенімді сендерсіңдер тірегім.


Жүрек лүпілін тамыршыдай таныр,

Құдай қосқан қосағым бар.

Жаныма жаққан, көңілімнен шыққан,

Сыңарым сенсің, сүйген жар.


Қандай сүйкімдісіңдер немерелерім,

Сендерменен ләззатқа батамын.

Талпыныстарыңа, тәтті қылықтарыңа,

Масаттанып, марқайып-ақ қаламын.


Көрмесем сендерді сағыныштан,

Ұйқым қашып түн қатамын,

Шығаруға болмас өмірді естен,

Тек сауық қана емес, қаталын.


Сезінемін маған деген,

Жүректеріңде от барын.

Жанымды тоңсам жылытады,

Сендерден ескен леп-жалын.


Жанымды баураған ықылас,

Ақ пейілдеріңе тоямын.

Қабағымнан кірбің тарқап,

Тәуба, мұң-қайғымды тиямын.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   139   140   141   142   143   144   145   146   ...   153




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет