Әли Әбу Талибтің (Әзірет Әлінің) ұрпақтары.
Әлінің бірнеше әйелінен он сегіз баласы болған. Олардың ішіндегі ең әйгілілері Мұхаммед пайғамбардың қызы Фатимадан туған Хасан мен Хұсайын және Мұхаммед ибн әл-Ханафия. Имамшыл шииттер 12 имамның 10-ы Құсайын ұрпағынан тарайды.
Шииттердің діни-саяси қағидасы бойынша пайғамбарлыққа барабар жоғары өкімет (имамат). Оны «Құдай белгілеген». Осы ережеге сәйкес имам болу Әліге және оның ұрпақтарына ғана мирас болып қала беруге тиісті. Бүкіл ислам тарихына дерлік хазірет Әлі немесе оның жақтастары жоғары билік үшін қарулы және идеологиялық күрес жүргізіп, хазірет Әлінің имам болуын жақтап отырды. Бұл ел арасында көптеген соғыс өртіне себеп болып, халифаттың әр бөлігінде хазірет Әлі басқарған имамдықтарды тудырды. Өздерінің идеологиясын дәлелдеу үшін хазірет Әлі терең діни теория жүйесін жасады. Олардың болмыс заңдылықтарын түсіндіруі кейбір тұста сопылық ілімдермен үндеседі.
Хазірет Әлінің көптеген ұрпақтары қазіргі кезде барлық дерлік мұсылман елдерінде тұрады. Олар шииттік қағида белгілерін өздерінің діни құқығын білдіру үшін жасыл сәлде тағып жүреді және сеийдтер немесе шерифтер деп аталады.
Әлі әулетін – имамдар әулеті, мұсылман елдерінде өздерін Әли мен Фатимадан тарадық деп есептейтін діни-феодалдық топты атаған. Олар Мұхаммед пайғамбар (с.ғ.с) өзінен кейінгі имамдықты (діни және саясат, өкімет билігін) Әліге мирас етіп қалдырды деп жариялаған.
Хасан (626-669) – Әлінің өзінен кейін, шиит имамдары әулетінен шыққан 2-имам. Әлі 661 өлтірілгеннен кейін Иракта оның жолын қуушылар Хасанды Халиф деп жариялаған. Бірақ саяси күреске нашар, жігерсіз Хасан мол қазынаға сатылып, Сирияны билеуші Омейя әулетінің алғашқы халифы Муавидің пайдасына бұл лауазымнан жұрт алдында бас тартқан. Бозбалалыққа көп салынған Хасан неке бұзар деген атаққа ие болған. Шиит басшылары Хасанды әулиелер қатарына қосу үшін оны Муавидің адамдары улап өлтірді деген лақап таратқан.
Достарыңызбен бөлісу: |