Д) Бану (қыз)
Е) Бақыт (қыз)
Ж) Гүлбану (қыз)
5. Бәден (қыз)
6. Қаныша (қыз)
ІV. Садық Қожабілдәұлынан:
Бақытжан→
Жабайхан→
Қабыш→
Зубаржат (қыз)
Ескерту: бұл шежіре Бабақұмарқызы Банудың және Қысметолла қызы Мағзияның деректері бойынша жасалынды.
Қазақи туыстықтың жіктелуі
Қазіргі біздің өмір сүріп отырған заманымыз – тәуелсіздік заманы, неміс жазушысы Стефан Цвейг айтқандай, ұлтымыздың «жұлдызды сағаты». Осы жұлдызды сағат – жұлдызды ХХІ-ғасырға ұласу үшін не істеу керек? Бүгінгі таңда негізгі мәселе осы.
Бір деректерде адам баласы жаратылғаннан бері 90 миллиардтай адам баласы бұл өмірге келіп кетсе керек. Олардың бәріне жуығының есімдері беймәлім күйінде жер-ананың құшағында, соның құрамды бөлігіне айналды. Уақыт дариясының толқындары оларды өз кезегінде жұтып жіберді. Бірақ біздің заманымызға, қазіргі өркениет тарихына солардың ішінен рухты халықтардың, рухты жандардың аттары мен заттары тамтұмдап болса да бізге жетті. Сондай тарих сахнасынан өшпей қалғанның бірі Мәлік Ғабдуллин: «Қазақпын деген сөзді мен: ұлтын, халқын, елін, руын, өскен жерін, халқының ерлік салт-дәстүрін сүю деп түсінемін» - деген еді. Ары қарай ойын аша түсіп: «Мен қазақпын» десем, оным қазақты асыра мақтап, басқаларадан бөліп алып ерекше артық жаратылған ұлт дегендік емес. Сонымен бірге, ұлтын жасырушылық, өз ұлтын, халқын сүймеушілік – дүниеде ең барып тұрған тексіздік» - деп керемет тұжырым жасайды. Әрбір адам, әсіресе жас ұрпақтарымыз осындай қағиданы бойына сіңіріп өсіп өмір сүрсе; ұлтын, шыққан түбін, ататегін ардақтауды, сыйлауды өмірлік кредосына айналдырса қандай ғанибет болар еді.
Бұл дүние әлемге, өркениетке, мелекетке, ұлтқа, ұлысқа, ағайын-туысқа бөлінеді. «Ру» деген сөз, «бау», «сан», «тайпа», «тек», «арыс», «жүз», «жұрт», «ел», «Отан» сияқты халықтың барша тарихын көрсетер категорияларды білдіреді.
Рахметұлы Шынайдың «Монголия қазақтарының ата-тек шежіресі» атты еңбегінде: «Туыстар немесе көршілес бірнеше отбасы бір қоныста отырса – ауыл, іргесі алшақтау болса – жерлес. Қандас жеті атадан құралғандар (бір атаның кіндігінен тарағандар) бір ата, 13 атадан асса – ру болады. Бірнеше ру қандастықпен, я бір мүддемен біріксе – тайпа. Бірнеше тайпа қоғамдасып жүз болады. Тайпадан ірілісе – халық немесе ел, оның мемлекет ішінде өзге ұлт, ұлыстармен саяси теңдігі болса – ұлыс, дербес шекара, саяси-экономикалық тәуелсіздікке қолы жетсе – мемлекет; тілі мен дәстүрі, мәдениеті, өзіндік мекен – жері, әлеуметтік рух, жігері, этникалық ерекшелігі дараланса – ұлт болады» - деп көрсеткен.
Қазақта «жеті ата», «ата-балалар», «немере ағайын», «жамағайын», «қалыс ағайын» деген терминдер бар. Енді осы терминдерді талдайық.
«Жеті ата»:
Әке
Ата
Әз ата (бұл үшеуі аталар)
Баба
Тектін
Төркін
Түп-тұқиян (бұл төртеуі бабалар)
Осы жетеуі «ата-бабалар» делінбек.
Енді 3 ағайын 15 ұрпаққа келейік:
І – немере ағайын: 1. Бала. 2. Немере. 3. Шөбере. 4. Шөпшек. 5. Өбере.
ІІ – Жамағайын: 6. Туажат. 7. Жүрежат. 8. Жекжат. 9. Жұрағат. 10. Жамағат.
ІІІ- Қалыс ағайын: 11. Өркен. 12. Әулет. 13. Зәузат. 14. Жаран. 15. Қалыс.
Ендеше ата тарихы 7 ата – 175 жыл, 15 ата үш ағайын 375 жыл болса, 550 жыл қазақ хандығынан бергі тарихың емес пе?!
Негізгі миссия – ұлтты руға, тайпаға, арысқа, жүзге бөлу емес, оның тұтастығына, туыстығына, тірлікке, бірлікке шақыру, болашаққа үмітпен қарау, сонымен қатар оқырман қауымды рухтандыру.
Халық – дария, халық – Отан тұғыры. Ал сол халық рухты болса күші еселенеді, рухсыз халық қара тобырға айналады. Қазақ ұлының рухты болғанын, қызының қылықты болғанын тілейді. Ұлың рухты болса – сүйікті, қызың қылықты болса – бақытты. Рухты жан – Азамат – Адам, рухсызы – тұғырсыз надан жан болмақ.
Бұл деректерді рухты жастарымыз қазақи туыстықтың жіктелуін жадыларында сақтай жүрсін, біле жүргеннің зияны болмас деген ниетпен жаздым (автор).
Достарыңызбен бөлісу: |