Бағдат Оралбайұлы «Тегімізді тануға талпыныс»


Адамдар, туыстар арасындағы қарым-қатынастар



бет92/153
Дата06.01.2022
өлшемі11,37 Mb.
#12762
1   ...   88   89   90   91   92   93   94   95   ...   153
Байланысты:
Шежіре

Адамдар, туыстар арасындағы қарым-қатынастар
1

Қазақ туыстық қарым-қатынастарға ерекше мән берген. «Ағайын айында, жегжат жылында араласпаса, жат болады» деген мақал соның моральдық өлшемі.

Енді осылардың кейбіріне қысқаша тоқталып өтейік.


  1. Баба – атаның әкесі. Бабаны сыйлап, әрқашан да оған қамқорлық жасап отыру, оған үнемі сәлем беріп хал-жағдайын біліп отыру, сыбағасын сақтап, оған үнемі сый-құрмет көрсетіп отыру – шөбере, немеренің, өз баласының ғана емес, бүкіл әулеттің, бір атадан тараған бүкіл ауылдың борышы, қасиетті парызы.

  2. Ата – әкенің әкесі. Әрбір ұрпақ өз әке-шешесінен де атаның абыройын ерекше ардақтауға міндетті. Кісі әкенің алдында бір есе борышты болса, ал атаның алдында екі есе борышкер. Өйткені, ата әкені тәрбиелеп өсірген адам. Халық атасын сыйлай білмеген ұрпақты «тексіз» деп кінәлайды. Ондай адам өмірден опық жейді, түбінде күнәсін тартады, яғни атасына көрсеткен жөнсіздігін, мейрімсіздігі мен қайырымсыздығын кейіннен ол өз немересінен көреді. Бұл ондай тасбауыр баласын, немересін мейірімділікке (ата сыйлап, әке құрметтеп) баурап көрмегендіктің салдары.

Ата балаға сыншы, немереге қамқоршы, әулетіне тірек, батагөй жан. Қазақ дәстүрінде барлық іс-әрекет пен рәсімдерде ата жасын құрметтеп, оған сый-сияпат көрсете білу парыз.

  1. Әке – жарық дүниедегі екі жақын адамның бірі. Қазақ өмірінде «Әкесі тұрып, ұлы сөйлегеннен без», «Әке көрген оқ жонар», «Әкең – асқар тауың» деген мақал, «Жақсы әке – жаман балаға қырық жыл азық» деген сөз бар. Әкені сыйлау, құрметтеу, оның отбасындағы орнын қастерлеп-қадірлеу әрбір баланың міндеті. Әкесіз бала – жетім. Әке – асқар шың, бақыттың алтын бағаны. Әке – баланың тірегі, лүпілдеген жүрегі, ойындағы санасы, өмірдегі панасы. Ол баласы үшін барын аямайды, аялайды, тәрбиелейді, болашағына бағыт-бағдар жасап отырады.

  2. Ана – (туған шеше) әрбір адамның жарық дүниедегі ең жақыны, жанашыры, қадірлісі, қамқоршысы, ақ сүтін емізіп аялаған, жанын да аямаған ардақтысы.

«Ана – жүрек, жүректі құдірет де,

Ана – тірек, тіректі құрметте.

Ана – шыңың, шыңыңа сағынып жет,

Ана – күнің, күніңе табынып өт».

Расында да, адамның әдептілігі мен жан дүниенің сұлулығы, ең алдымен балаға ақ сүтін беріп, әлпештеп өсірген ана жүрегінің жылуынан басталады. Бойымыздағы ең жақсы қасиеттер бізге алдымен анадан тарайды. Ананың нәзік үні, жұмсақ та аялы алақаны, жан жылуы мен аялауы бізді әлдилеп жұбатады, көңілімізді сергітеді. Қайран ана өз перзентін әдемі не ұсқынсыз болса да, тіпті кесір-қырсық болса да – бәрібір шексіз сүйеді. Баласы үшін анасы бармайтын құрбандық бар ма? Ана болу – бүкіл өміріне кететін ұлы рухани күш пен ерен еңбек. Баласын бағып-қағуда ол өзін-өзі ұмытып, барлық күш-жігерін сарқа жұмсайды, бұдан оның жаны байи, нәрлене түседі. Әрине, ананың да анасы бар. Халық: «Туған ана емес, асырап, өсіріп, тәрбиелеген ана» дейді. Баланың анаға деген жәй махаббаты жеткіліксіз, оны барынша құрметтеп, сыйлау парыз, анасының басынан кешірген қайғы-қасіретін жете түсіне білуі шарт. Анаға деген құрмет, оған деген шексіз махаббат табиғи түрде қалыптасып, ыстық сезімге айналуы тиіс. Өйткені, адамгершілік қасиет адамда алдымен жүрекке, сезімге соқпай кетпейді.

Анасын жақсы көрмейтін адамды табу қиын, бірақ кез келген бала анасын қастерлей, бағалай біледі деу де, артық айтқандық болар. Тіпті кейбір балалардың: «Ой, маматай, сен бұл мәселеде не түсінуші едің?» - деп келемеждейтінін қайтесің, ал осы сөздер ана жүрегіне инедей қадалатынын балақайлар сезіне ме екен?

«Ананың ақ сүтін ақтау» деген тамаша бір сөз бар. Біз осы сөзді қалай іс жүзіне асырып жүрміз, осыны мықтап ойланайықшы! Анасын ренжіткен адам өзі сүйген жарын ұнатуы мүмкін бе? Ана алдындағы борышымызды түсінесіз бе? Мұны адамгершілік ар-ұятымыз рухани тіршілігіміз көтере ме? Анаға құрмет, махаббат өмір бақи терең де, шексіз болуы қажет емес пе? Өзін әлпештеп өсірген адамға немқұрайды қарап, оған қиянат жасаған ұл мен қыздан келешекте жақсы азамат өсіп шығады дегенге, әрине, сену қиын. Ана көңіліне кірбің келтіру, оның тілін алмау, оған дауыс көтеру – ауыр қылмыс. Ондайды «ананың ақ сүті ұрады» дейді халық. Яғни, ана сыйламаған тасжүрек өмірде ешкімнен сый көрмейді, өзінің қаныпезерлігінен өмірде қатты соққы көрмек.
2

Адамның бақытқа жетер баспалдақтары – қоғамдағы өз орны мен сүйікті ісін, өмірлік серігі – сүйікті сыңарын табуы; айналасындағы адамдар мен (жарымен, туыстарымен, доc-жарандарымен, қызметтес жандармен, жақындарымен т.с.с.) үйлесімді, сыйласымды қарым-қатынаста болуы.

Материалдық және рухани байланыс жанұя мүшелерінің арасындағы бір-бірімен араласуынан, әрқайсысының өмірдегі қарым-қатынасынан, қандастық ынтымақтастығынан көрінеді.
3

Қандас бауырластар әрқайсысының өзіндік тіршілігі, мақсат-мүдделері, өмірі болған жағадайда да бауырлас, қандаc болып қала беруге жетісулері шарт. Мұндағы басты нәрсе – сені түсінуге, жайыңды білуге, қуанышың мен қайғыңды бөлісуге әзір тұратын туысыңның бар екенін сезіну, қандастық ынтымақтастықты жоғалтпау.

Әрбір туысқан жандардың ой-өрісі, мінез-құлқы әр түрлі, бұл әр адамнан әдептілікті, зеректілікті, тапқырлықты, зор шыдамдылықты талап етеді.

Адамдар қандастық жағынан қанша жақын болғанымен, өз үйінде жөнді тәрбие алмаса, олардың туыстық байланысы берік болмайды. Туыстықты күшейтетін нәрсе негізінен ұрпақтардың бала кезінен бастап жиі араласуынан туындап, қалыптасады.

Туысқандық сыйластыққа апратын жол – адамның моральдық қасиеттері: жан тазалығы, ұяты, ары, намыс, борыш, имандылық, қайырымдылық, қамқорлық т.б. кісілік түсініктер. Туыстар байланысын қазақ ауылында қадірменді ақсақалдар аса зор ұқыптылық пен жүйелі түрде жүзеге асырып отырған. Мысалы, атақты Бөгенбей батырдың немересі Саққұлақ шешен өз заманындағы бала тәрбиесінің мақсаты мен міндетін, мазмұн әдістерін аз ғана сөзбен белгілеп берген ақылгөйлердің бірі болды. Ол кісінің айтуынша: «Адамның басшысы – ақыл, жетекшісі – талап, шолушысы – ой, жолдасы – кәсіп, қорғаны – сабыр, қорғаушысы – мінез, сынаушысы - халық» - екен. Дәл-ақ емес пе?
4

Ульяновтардың жанұясының тарихына зер салсақ көзіміз мынаған жетеді: аға-іні, апа-сіңлі, қарындастарының достығы мен пікірлестігінің бастапқы негізгі ата-аналарының балаларымен шынайы қарым-қатынасында. Ата-аналары сияқты балалары да туыстарының ішінен сол сәтте көмек кімге бәрінен гөрі көп қажет болса, соған көмектесуге алдымен шын ниеттерімен берілді.

Сондықтан, Ульяновтар әулетін біздер олар өзара дербес жанұяға бөлініп, бәрі бөлек тұрып, бір-бірімен негізінен хат арқылы хабарласып тұрғанының өзінде де біртұтастық бірліктері сезіліп тұрады. Міне, осындай түрдегі бірлікті, туысқандық сезім, қасиетті бауырластық дейміз.

Сол сияқты, К. Маркстің қыздарының арасындағы адалдық, қамқорлық жасау, әркез туысына көмек жасауға шүбәсіз дайын болу, күрес ісінде серіктес, жолдас болу сияқты қарым-қатынастары айрықша сүйсіндіреді.


5

Ағайындылар, туыстар арасындағы ізгі ауызбірлік, берекелі тірлік – құдды күн сәулесі, «адам жанының өсу биостимуляторы».


6

Өмір тәжірибесі: Қарттарды жастардан бөліп тұрған аралық неғұрлым зор болған сайын, туыстық байланыстар соғұрлым әлсіз келеді.

Ата-әжелердің немерелерімен қарым-қатынасы көбіне олардың тұрған орындарына байланысты болатынын уақыт тексеріп, зерттеулер дәлелдеген. Егер арадағы жолға бір сағат не одан да көп уақыт жұмсалатын болса, онда туыстар жексенбі мен салтанатты күндері немесе бастарына күн туғанда ғана ұшырасады. Сондықтан, көптеген адамдар бір-біріне жақынырақ қоныстану арқылы «жат болу жолағын» жоюға тырысады. Қазір бұл жағдай ағайындылар арасындағы қарым-қатынастың ең тиімді түрі ретінде бағаланады.
7

Жеті ата туралы: 1. Әке. 2. Бала. 3. Немере. 4. Шөбере. 5. Шөпшек. 6. Жүрежат. 7. Туажат (немене). 8. Жегжат. 9. Жұрағат.


8

Қазақстан – қазақ үшін жалғыз ұл,

Қазақстан қол созады биікке ең.

Жалғызыңды көтер елім иықпен.

Болмақ емес

Ақыл мәңгүрт, ар мазақ,

Қазақстан – жалғыз ұлы Қазақтың

Сол жалғыздың құрбандығы, бар Қазақ!

(Сабыр Адай)



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   88   89   90   91   92   93   94   95   ...   153




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет