Бағыты: «Қазақ елі зиялылар мекені»


Нәзипа Сегізбайқызы Құлжанова –



бет2/4
Дата25.11.2023
өлшемі1,11 Mb.
#128091
1   2   3   4
Нәзипа Сегізбайқызы Құлжанова1887 жылы 27 шілдеде Қостанай облысының Жанкелдин ауданында (бұрынғы Торғай облысында) дүниеге келген. Нәзипа Құлжанова әуелде Торғай қаласындағы приходская школада оқып, 1902 жылы Қостанайдағы прогимназияны тәмәмдаған. Айта кетерлік ерекшелігі Ыбырай Алтынсарин ашқан орыс-қазақ мектебінің түлегі болуымен қатар, нағыз дарынды тұлғаға лайық шәкірттік мінезді бойыңа сіңіріп, тәлімгерлік өнегені жете ұғынып, бар күш қуатын, білімін сол жолда жұмсап ұланғайыр еңбек сіңірген. 1903-1904 жылдары Торғайдағы әйелдер училищесінде мұғалімдік қызмет атқарған. Н.Құлжанова Торғай ауданында ағартушылық қызметімен айналысып жүрген шағында педагог, қазақтың оқыған азаматы Нұрғали Құлжановпен танысып, ол кісіге тұрмысқа шығады. Кейіннен 1995 жылы Нәзипа Құлжанова мен Нұрғали Құлжановтар Семей өңіріне келеді. Осы кезеңнен бастап ол кісілердің ел қамы үшін қоғамдық- ағартушылық жұмыстары кең өріс таба бастайды. Негізінен айта кетсем Құлжановтар отбасының ұзақ әрі жемісті жұмыс атқарған жерлері- Семейдің мұғалімдер семинариясы болған.
Нәзипа Құлжанова – өз заманындағы ірі- мәдени қоғамдық істердің ұйымдастырушысы әрі ұйытқысы бола білген қайраткер. Айта кетерлік: Императорлық Орыс географиялық қоғамына мүшелікке өткен жалғыз қазақ қызы болған; Абайға арнап ең алғаш рет шығармашылық әдеби кеш ұйымдастырған, тұлғалардың бірі.
2.2 Нәзипа Құлжанованың мектепке дейінгі білімнің дамуына қосқан үлесі
Н.С.Құлжанова мектепке дейінгі педагогиканың негізін салушы ғалым. Мектепке дейінгі баланың тәрбиесіне қатысты барлық мәселелерге көңіл аударған жанның бірі. Ұзақ жыл оқытушы болып жұмыс істеген Нәзипа қазақ мектептері үшін оқулықтар жазған. 1923 жылы мектепке дейінгі тәрбие мен білім беру жайлы «Мектептен бұрынғы тәрбие» атты кітабын жазған, 1927 жылы «Ана мен бала тәрбиесі» атты әдістемелік кітаптарын жарыққа шығарған. Соның ішіндегі «Мектептен бұрынғы тәрбие» атты еңбегі Қазақстан оқу комиссариатының тәрбие бөлімінің нұсқауымен және арнайы тапсырысымен жазылған алғашқы авторлық туындысы. Аталмыш туындыға алғысөз жазған қазақ халқының ұлы перзенті Ахмет Байтұрсынұлы былай деген: «Заман амалының жарысынан, заман көшінің қатарынан қалмай өмір сүру үшін бүгінде адамға көп өнер – білім даярлау керек». Автордың бұл еңбегі мынадай тараулардан тұрады:
1) «Күллі жер жүзінде»
2) «Мектеп жасына толмаған бала»
3) «Мектеп жасына толмаған балаға тәрбие не керек?»
4) «Мектептен бұрынғы тәрбиенің Россиядағы түрі»
5) «Бала бақшасы деген не?»
Сонымен қатар автор бұл еңбегінде ең бастысы бірігіп ойнау, еңбекке дағдыландыру, тазалыққа, реттілікке, ұйымшылдыққа баулу, балалардың ойына, жас межесіне, қабылдау ерекшеліктеріне барлық жұмысты бағындыру, өлең айту, сурет салу, т.б. өнерлерін дамыту мәселелеріне көп көңіл бөледі. Н.Құлжанованың келесі бір еңбегі «Ана мен бала тәрбиесі» - педагогтарға, тәрбиешілерге, ересектер мен балалар дәрігерлеріне арналған анықтамалық, қойын кітапшасы, әдістемелік нұсқау сияқты күнделікті керектіні тауып алуға мүмкіндік туғызатын кітап. Сонымен қатар Н.Құлжанова баланың бойындағы білуге, тануға, ұғынуға, көруге, байқауға, өзінше қайталауға әуестігін тыйып тастамау керектігін, оларды бағыттап, алдында тұрған сауалдарды бірігіп шешуге ұмтылу қажеттігін, бала мүмкіндігіне қарай тұқым қуалаған мінездің әртүрлі құбылуын дәлелдеп көрсеткен.
Н.С.Құлжанова мектеп жасына толмаған бала тәрбиесінде ойынның ерекше қызмет атқаратындығынада айрықша көңіл бөле отырып, былай деген: «Балаға керегіи – ойын. Ең мағыналы, пайдалы мектебі, бар қызығы ойын. Ойында бала көрген- білгендеріне еліктейді, үйренгендерін нығайтып, бекітеді»,- деген.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет