Бағыты: «Қазақ елі зиялылар мекені»


Қазақ қыздары арасындағы тұңғыш журналист



бет3/4
Дата25.11.2023
өлшемі1,11 Mb.
#128091
1   2   3   4
Қазақ қыздары арасындағы тұңғыш журналист: Ұстаз, ағартушы, географиялық қоғамның белсенді мүшесі болған қайраткер Нәзипа Сегізбайқызы Құлжанованың көп салалы, әрі жан-жақты творчестволық еңбегінің бір қыры журналистік жолға арналған. Баспасөз бетінде терең ойлы, салиқалы мақалаларымен көзге түсіп жүрген Нәзипаны Қазақ АССР-ы Халық Комиссарлары Советінің төрағасы, «Еңбекші қазақ» газетінің редакторы С.Сейфуллин жұмысқа арнайылап шақыртады. Сол жылдардан бастап Нәзипа Құлжанованың журналистік саласындағы орны басталады. Алғашқы кезінде «Еңбекші қазақ» газеті редакциясының алқа мүшесі, белсенді автор ретінде көзге түссе, 1923-1925 жылдар аралығында – «Қызыл Қазақстан» журналында жауапты хатшы, 1925-1929 жылдарда – «Әйел теңдігі» журналында меткепке дейінгі тәрбие бөлімінің меңгерушісі болып қызмет атқарады.
«Қызыл Қазақстан» журналының 1922 жылдағы №12 санында жарияланған «Октябрь төңкерісі және қазақ әйелі» атты мақаласында былай деп жазады: «Хандар келіп, қазақ халқын орыстың патшасына бағындырды. Патшаның чиновниктері қазақ ішіне іріткі саясатын жүргізе бастады. «Степное положениені» шығарып, қазақты болыстық, би ауылнай дәрежесіне таластырып атаны баламен, ағаны інімен жауластырып қойды. Үй санын көбейту үшін бесікте жатқан балаға, іште жатқан нәрестеге құда түсуді шығарды».
Қазіргі таңда Семей қаласындағы М.О.Әуезов педагогикалық колледжінде Н.С.Құлжановаға арналып мектепке дейінгі тәрбие және оқытудың құзыреттілік орталығы ашылған.
2018 жылдың 21 қазанында «М.О. Әуезов атындағы педагогикалық колледж – кәсіби мамандарды даярлаудың ерекше ортасы» атты халықаралық семинар-практикумында «Іскерлік ғаламшары» - мектепке дейінгі инновациялық технологиялар орталығы ашылды.
Кабинет меңгерушісі болып – Комаева Маржан Сейфуллаевна тағайындалған.

О рталық 2020 жылдың 1 қыркүйегінен бастап Назипа Сегізбайқызы Құлжанова атындағы «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың құзіреттілік орталығы» деп өзгерді.


Орталықтың мақсаты: Оқыту процесінде жеке тұлғаның қажеттіліктерін ескере отырып, білім беру саласындағы бәсекеге қабілетті маман даярлауға қажетті оқу-әдістемелік кешенмен қамтамасыз ету.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет