Ақбөкен – бөкендер тұқымдасынан шыққан жұптұяқты сүтқоректі. Бүгінгі таңда бұл жойылып кету қаупі бар түр деп саналады, сондықтан қорғауға алынған және халықаралық Қызыл кітапқа енгізілген. 2005 жылы ақбөкендерді атуға мораторий енгізілді, ол 2023 жылға дейін күшінде болады.Ақбөкендер – үлкен арақашықтықты еңсеретін, көшіп-қонып жүретін жануарлар. Олар Қазақстанның жазықтары мен жартылай шөлдерінде, Еділ-Орал құмдарында, Үстірт және Бетпақдалада мекендейді. Олар дала өсімдіктерімен, жусанмен, кейде гүлдер мен қыналармен қоректенеді.Ақбөкен – сыртқы келбетін ежелден өзгертпей сақтап қалған ерекше жануар. Ақбөкендерді терісі мен еті үшін аулайды. Жануардың мүйізі өте құнды. Мүйізін майда етіп ұнтақтап, Қытайдың дәстүрлі медицинасында кеңінен қолданады.
1-сұрақ Қай жануар ақбөкендердің табиғи жауы екенін көрсетіңіз.
А. Сілеусін
В. Қасқыр
С. Борсық
Д. Аю
2-сұрақ Ақбөкендер 5 ай ішінде төлдейді. Мамыр айында аң аулау кезеңі басталғанға дейін буаз аналықтар шағын топтарға жиналып, негізгі табынды тастап, жазық даланың терең қойнауына, су көздерінен (өзендер, көлдер, батпақтар) алшаққа кетеді. Неліктен аналықтар төлдейтін кезде топтанып, даланың терең қойнауына кетеді?
А. Бұл ақбөкендердің төлдерін текелерден қорғауға мүмкіндік береді.
В. Бұл төлдерді жеткілікті қорекпен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
С. Бұл ақбөкендердің төлін суға батып кетуден, судан қорғауына мүмкіндік береді.
Д. Бұл ақбөкендердің төлдерін табиғи жауларының шабуылынан қорғауға мүмкіндік береді.
3-сұрақ 1-диаграммада белгілі бір уақыт аралығындағы Қазақстандағы ақбөкендердің саны көрсетілген.
1-диаграммада 2015 жылы ақбөкендер санының күрт төмендегені көрсетілген. Үш апта ішінде Орталық Қазақстанда ақбөкендердің саны шамамен 200 мыңға қысқарды.
1-диаграммаға мұқият қараңыз.Ұсынылған ақпарат негізінде жасалатын тұжырымды таңдаңыз.
А. 2009 жылдан бастап ақбөкендердің саны тез азайып келеді.
В. 2014 жылдың аяғында ақбөкендердің саны 290 мың болды.
С. 2014-2015 жылдары ақбөкендер саны ең төменгі шекке жетті.
Д. 2016 жылы Қазақстанда ақбөкендер 2011 жылмен салыстырғанда екі есе көп болды.
4-сұрақ Қазақстанда 2010 жылдан 2014 жылға дейін ақбөкендер саны өсуінің негізгі себебін атаңыз.
А. қоректің жеткілікті болуына байланысты
В. жануарлардың мүйізіне сұраныстың төмендеуіне байланысты
С. ақбөкендерді атуға мораторий енгізілуіне байланысты
Д. табиғи жаулар санының азаюына байланысты