Құрастыруға арналған тапсырмалар. 1. Неше шаршы бар?( 3)
2. Неше шаршы бар? (14)
3. Неше үшбұрыш бар?
4. Неше тік төртбұрыш бар?
3-сынып Логикалық есептер. Екі адам шахматты 2 сағат ойнады.Бір адам неше сағат ойнайды?
Қос ат жегілген арба 40 шақырым жүрді.Бір ат неше шақырым жүрді?
4 жұмыртқа 4 минут піссе, бір жұмыртқа неше минут піседі?
2 кг мақта ауыр ма, 2кг темір ауыр ма?
Алмұрт алмадан ауыр, ал алма шабдалыдан ауыр.Қайсысы ауыр алмұрт па әлде шабдалы ма?
Бір айда 5 жексенбі бола ма?
Үш ат жегілген арба 30 км жүрді.Бір аттың жылдамдығы қандай?
Алдында 1, артында 2, алдында 2, біреуі екеуінің арасында және үшеуі бір қатарда қаз ұшып келеді.Барлығы неше қаз?
Бақытжанның 4 ұлы, олардың әрқайсысының туған қарындасы бар.Бақытжанның неше баласы бар?
Сағат түнгі 10-да жауын жауып тұрса,24 сағаттан кейін күннің жарқырап тұруы мүмкін бе?
Дорбадағы 10 асықты 10 бала алды.Сонда дорбада 1 асық қалды. Ол қалай?
Марат кешкі сағат 10-да ұйқыға жатты.Ол сағаттың қоңырауын таңғы 9 -ға қойды.Ол неше сағат ұйықтады?
Сенбіден кейін 2 күннен кейін қай күн келеді?
Немере атасынан: «Жасың нешеде? „деп сұрады.Атасы егер өзімнің қазіргі жасымның жартысындай уақыт және тағы бір жыл өмір сүрсем, онда маған 100 жас болар еді.Атасының жасы нешеде?
Үш тауық үш күнде үш жұмыртқа салады.12 тауық 12 күнде қанша жұмыртқа салады?
Дүйсенбіден кейін 3 күннен кейін қай күн келеді?
Баспалдақ 15 басқыштан тұрады.Баспалдақтың ортасында тұру үшін нешінші басқышты басу керек?